Қоғам

Мейіржан Төребаев айыптауларға қатысты өз нұсқасын айтты

© Photo : Facebook / Мейржан ТуребаевМейржан Туребаев
Мейржан Туребаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Оның сөзіне қарағанда, ол қаржы пирамидасын құрмаған. Басқару ісіне де араласпаған
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен істі болған актер әрі вайнер Мейіржан Төребаев оқиғаның мән-жайын айтты.
Оның сөзіне қарағанда, ол қаржы пирамидасын құрмаған. Басқару ісіне де араласпаған.
"Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде маған және тағы басқа адамдарға қатысты жаңалық тарап жатыр. Бәрі жақсы деп айта аламын. Айыптауға негіз жоқ. Адвокатпен шағым түсірдік. Бұл жаңалықты сіздердің назарыңызды басқа жаққа бұру үшін жариялап отыр", - деді Төребаев өзінің Instagram-да.

Қаржы пирамидасының дауы

Әлеуметтік желіде белгілі актер әрі вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және актер, блогер Азимжан Саидбаевтың қаржы пирамидасын құрғаны туралы ақпарат тарады.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі үш азаматтың Қылмыстық кодекстің 217-бабы ("қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету") 3-бөлігі 2-тармағы бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады.
Соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Төребаев пен Шерниязовқа қатысты 1000 АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қанағаттандырылған.
Ал Саидбаевқа қатысты 2 айға сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш түсті, бұл өтініш те қанағаттандырылды.
Айта кетері, 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.
Жаңалықтар
0