https://sputnik.kz/20220210/resey-belarus-asker-22669941.html
Ресей мен Беларусь бірлескен әскери маневрге кірісті
Ресей мен Беларусь бірлескен әскери маневрге кірісті
Sputnik Қазақстан
Ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко одақтас мемлекеттің аумағында сыртқы агрессияға қарсы тұруға арналған Беларусь пен Ресей әскерінің бірлескен... 10.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-10T21:57+0500
2022-02-10T21:57+0500
2022-02-10T21:57+0500
әлем
ресей
беларусь
https://sputnik.kz/img/07e6/01/13/19175634_0:0:2873:1617_1920x0_80_0_0_2a9c8861f402f1e90ef4381fc2166915.jpg
Ал "Атлантикалық батылдық" америкалық ротациясы басқа мемлекеттің аумағында, Шығыс Еуропа елдерінде өткізіліп жатыр. Жалпы "Одақтас батылдық – 2022" әскери шарасын Минск пен Мәскеудің Вашингтонның сыртқы саясатына қарсы жауабы деп бағалауға болады. Беларусь-Ресей бірлескен оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі 10-20 ақпан аралығында өтіп, Беларусь Республикасының аумағындағы төрт әскери аэродром мен бес әскери полигонды қамтиды. Мемлекеттік шекараны нығайту, қарсыластың барлау-шабуыл жасау топтарын бұғаттау және көзін жою, өңірдегі қақтығыстан кейінгі реттеу жұмыстары сынды маневр эпизодтары қорғаныс мәселесіне басымдық берілетінін аңғартып отыр. Сарапшының айтуынша, екі елдің біріккен әскери мүмкіндіктері маневр міндеттерін сенімді орындауға ықпал етіп отыр. Ақпандағы әскери дайындық іс-шараларына Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің барлығы дерлік, яғни 45 мың әскер, 600 танк, 1500 броньдалған жаяу әскер машинасы мен броньды тасымалдаушы, 900 артиллериялық және зымыран қондырғысы тартылды. Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронға оқу-жаттығудан кейін 7 ақпанда Беларусь аумағынан 30 мың әскериді шығаруға уәде етті. Бұл маневрлерге түрлі деңгейде барлығы 70 мың әскери қызметкер, сондай-ақ РФ қару-жарағы мен әскери техникасы жұмылдырылып отыр. Ресейдің Шығыс әскери округінің мамандарынан бөлек, Беларуське әуедегі шабуылға қарсы С-400 "Триумф" зениттік зымыран жүйелері, шағын қашықтыққа ұшатын "Панцирь-С" әскери әуедегі шабулыға қарсы кешендері, "Искандер" жедел-тактикалық зымыран кешендері, Су-35 пен Су-25СМ соққы жасаушы ұшақтары қатыстырылды. Беларусь Республикасының әуе кеңістігін Ресей Әскери-ғарыш күштеріне тиесілі Ту-22М3 бомбалаушы зымыран тасымалдағыштар күзетіп тұр. Александр Хроленко беларусь жерінде "Красуха-4" радиоэлектронды қарсы күрес жүргізу жүйелері орналастырылғанын жазды. Бұл жүйе 300 километр қашықтықта спутник байланысын бұғаттап, F-16 мен F-35 ұшақтарын істен шығара алады. Оның әлемде баламасы жоқ. Қорғаныс маневрлерінің жедел-стратегиялық мақсаты, технологиялық деңгейі, әскери әлеуеті мен географиялық ауқымы "Одақтас батылдық" АҚШ армиясының Еуропадағы оқу-жаттығуынан асып түсетінін аңғартып отыр. "Жалпы, АҚШ армиясының "Атлантикалық батылдық" миссиясы Ресейді "тежеу" мақсатында құрылған. Көктемде АҚШ армиясының Еуропадағы 4-ші жаяу әскер дивизиясының 3-ші броньдалған танк бригадасының қатысуымен Atlantic Resolve 2022 тоғызыншы миссиясы өтеді. Осы орайда, шамамен 1800 әскери қызметкер, 50 тікұшақ, 1800 бірлік техника мен жабдық ақпанның соңында Дюнкерк (Франция) пен Александруполис (Греция) порттарына жеткізіледі. Негізгі күштер Латвия, Польша және Румынияның қатысумен Германияға жайғасады. Ротация сәуірде аяқталады", - деп жазды әскери шолушы. Оның ойынша, Atlantic Resolve екіжақты және көпұлтты оқу-жаттығулары одақтас және серіктес күштердің жедел сәйкестігін арттырады. Дегенмен америкалық броньды техника, авиация және арнайы күштерді қолдау қозғалысы басым. "Атлантикалық батылдық" жалпы тұтастай алғанда "Барбаросса" жоспарының пародиясына ұқсайды. Біраз бұрын АҚШ армиясының 1-ші жаяу әскер дивизиясының 1-ші броньдалған танк бригадасы Еуропаға орын ауыстырды. Оның бұған дейінгі тұрақты орналасу орны Канзас штаты болатын. Оның құрамында шамамен 3800 жауынгер, 80 танк, 130 Bradley әскери машинасы, 15 Paladin гаубицасы, 1500 дөңгелекті машина мен түрлі мақсатта қолданылатын 85 тікұшақ бар. Бригада негізінен Польшада орналасқан және Болгария, Венгрия, Германия, Грузия, Румыния, Словакия және Балтық жағалауы елдерінде де бар. Жалпы саны 1 миллион әскери қызметкерге жуықтайтын АҚШ Қарулы күштері бүгінде ғаламшар мемлекеттеріне жайыла орналасқан және ол әуе шабуылына қарсы сапалы жүйесі, заманауи соққы жасаушы авиациясы, гипердыбысты зымырандары мен ядролық оқ тұмсықтары бар қарсыласына төтеп беруі екітталай. Ресейдің "Искандер" мен "Триумф" атты техникасы жүздеген километр қашықтықтағы аэродромдар мен ұшақтарды санаулы секундта жоя алады. Хроленконың айтуынша, сондықтан Atlantic Resolve миссиясымен салыстырғанда беларусь-ресейлік "Одақтық батылдық – 2022" маневрі технологиялық және геосаяси тұрғыдан алғанда үлкен басымдыққа ие. Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
https://sputnik.kz/20220209/batys-resey-shielenis-22658279.html
ресей
беларусь
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/13/19175634_28:0:2759:2048_1920x0_80_0_0_7eb743c35bdfed25231369811f248783.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, беларусь
Ресей мен Беларусь бірлескен әскери маневрге кірісті
Ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко одақтас мемлекеттің аумағында сыртқы агрессияға қарсы тұруға арналған Беларусь пен Ресей әскерінің бірлескен маневрлері өтетінін жазды.
Ал "Атлантикалық батылдық" америкалық ротациясы басқа мемлекеттің аумағында, Шығыс Еуропа елдерінде өткізіліп жатыр. Жалпы "Одақтас батылдық – 2022" әскери шарасын Минск пен Мәскеудің Вашингтонның сыртқы саясатына қарсы жауабы деп бағалауға болады.
Беларусь-Ресей бірлескен оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі 10-20 ақпан аралығында өтіп, Беларусь Республикасының аумағындағы төрт әскери аэродром мен бес әскери полигонды қамтиды. Мемлекеттік шекараны нығайту, қарсыластың барлау-шабуыл жасау топтарын бұғаттау және көзін жою, өңірдегі қақтығыстан кейінгі реттеу жұмыстары сынды маневр эпизодтары қорғаныс мәселесіне басымдық берілетінін аңғартып отыр.
Сарапшының айтуынша, екі елдің біріккен әскери мүмкіндіктері маневр міндеттерін сенімді орындауға ықпал етіп отыр. Ақпандағы әскери дайындық іс-шараларына Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің барлығы дерлік, яғни 45 мың әскер, 600 танк, 1500 броньдалған жаяу әскер машинасы мен броньды тасымалдаушы, 900 артиллериялық және зымыран қондырғысы тартылды.
Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронға оқу-жаттығудан кейін 7 ақпанда Беларусь аумағынан 30 мың әскериді шығаруға уәде етті. Бұл маневрлерге түрлі деңгейде барлығы 70 мың әскери қызметкер, сондай-ақ РФ қару-жарағы мен әскери техникасы жұмылдырылып отыр.
Ресейдің Шығыс әскери округінің мамандарынан бөлек, Беларуське әуедегі шабуылға қарсы С-400 "Триумф" зениттік зымыран жүйелері, шағын қашықтыққа ұшатын "Панцирь-С" әскери әуедегі шабулыға қарсы кешендері, "Искандер" жедел-тактикалық зымыран кешендері, Су-35 пен Су-25СМ соққы жасаушы ұшақтары қатыстырылды. Беларусь Республикасының әуе кеңістігін Ресей Әскери-ғарыш күштеріне тиесілі Ту-22М3 бомбалаушы зымыран тасымалдағыштар күзетіп тұр.
Александр Хроленко беларусь жерінде "Красуха-4" радиоэлектронды қарсы күрес жүргізу жүйелері орналастырылғанын жазды. Бұл жүйе 300 километр қашықтықта спутник байланысын бұғаттап, F-16 мен F-35 ұшақтарын істен шығара алады. Оның әлемде баламасы жоқ. Қорғаныс маневрлерінің жедел-стратегиялық мақсаты, технологиялық деңгейі, әскери әлеуеті мен географиялық ауқымы "Одақтас батылдық" АҚШ армиясының Еуропадағы оқу-жаттығуынан асып түсетінін аңғартып отыр.
"Жалпы, АҚШ армиясының "Атлантикалық батылдық" миссиясы Ресейді "тежеу" мақсатында құрылған. Көктемде АҚШ армиясының Еуропадағы 4-ші жаяу әскер дивизиясының 3-ші броньдалған танк бригадасының қатысуымен Atlantic Resolve 2022 тоғызыншы миссиясы өтеді. Осы орайда, шамамен 1800 әскери қызметкер, 50 тікұшақ, 1800 бірлік техника мен жабдық ақпанның соңында Дюнкерк (Франция) пен Александруполис (Греция) порттарына жеткізіледі. Негізгі күштер Латвия, Польша және Румынияның қатысумен Германияға жайғасады. Ротация сәуірде аяқталады", - деп жазды әскери шолушы.
Оның ойынша, Atlantic Resolve екіжақты және көпұлтты оқу-жаттығулары одақтас және серіктес күштердің жедел сәйкестігін арттырады. Дегенмен америкалық броньды техника, авиация және арнайы күштерді қолдау қозғалысы басым. "Атлантикалық батылдық" жалпы тұтастай алғанда "Барбаросса" жоспарының пародиясына ұқсайды.
Біраз бұрын АҚШ армиясының 1-ші жаяу әскер дивизиясының 1-ші броньдалған танк бригадасы Еуропаға орын ауыстырды. Оның бұған дейінгі тұрақты орналасу орны Канзас штаты болатын. Оның құрамында шамамен 3800 жауынгер, 80 танк, 130 Bradley әскери машинасы, 15 Paladin гаубицасы, 1500 дөңгелекті машина мен түрлі мақсатта қолданылатын 85 тікұшақ бар. Бригада негізінен Польшада орналасқан және Болгария, Венгрия, Германия, Грузия, Румыния, Словакия және Балтық жағалауы елдерінде де бар.
Жалпы саны 1 миллион әскери қызметкерге жуықтайтын АҚШ Қарулы күштері бүгінде ғаламшар мемлекеттеріне жайыла орналасқан және ол әуе шабуылына қарсы сапалы жүйесі, заманауи соққы жасаушы авиациясы, гипердыбысты зымырандары мен ядролық оқ тұмсықтары бар қарсыласына төтеп беруі екітталай. Ресейдің "Искандер" мен "Триумф" атты техникасы жүздеген километр қашықтықтағы аэродромдар мен ұшақтарды санаулы секундта жоя алады.
Хроленконың айтуынша, сондықтан Atlantic Resolve миссиясымен салыстырғанда беларусь-ресейлік "Одақтық батылдық – 2022" маневрі технологиялық және геосаяси тұрғыдан алғанда үлкен басымдыққа ие.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы