https://sputnik.kz/20220209/batys-resey-shielenis-22658279.html
Батыс пен Ресей арасы қайта шиеленісті
Батыс пен Ресей арасы қайта шиеленісті
Sputnik Қазақстан
Соңғы екі күн бойы әлем назары АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен ЕО халықаралық істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель... 09.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-09T21:57+0500
2022-02-09T21:57+0500
2022-02-09T21:57+0500
әлем
ресей
ақш
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_e4b95e5d1b2fd94a2e470e0e799da65d.jpg
Трансатлантикалық пікірталас АҚШ – Еуроодақ энергетикалық кеңесінің аясында өтті. Жоғарыда аталған қос шенеунік осы кеңесте тең төраға қызметіне тағайындалған. "Қорытынды баспасөз конференциясы кезінде ЕО халықаралық істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Блинкенмен достық қарым-қатынаста екенін мейлінше аңғартуға тырысты. Бұл ЕО-дағы кезекті ресми тұлға фон дер Ляйен Вашингтонға келген шақта аса өзекті болды", - деп жазылған материалда.Жозеп Боррель Вашингтонға аттанар алдында өз блогында кезекті пост жариялап, "Ресей барлығына газдың көмегімен қоқан-лоқы көрсетуді жалғастыруды көздеп отыр" деп жазды. Ресейлік БАҚ материалында автор Боррель таныстырып отырған біріккен Еуропа елдеріндегі ахуалға тереңірек тоқталған. "Мысалы, халық саны кемінде 35 миллион адамға жететін біріккен Еуропа азаматтары бүгінде азық-түлік алу немесе жарық пен жылуға ақы төлеу сынды таңдау алдында тұр. Яғни, португалдар, литвалықтар, ирландықтар, қария мен нәрестені қоса алғанда, барлығы аш, бірақ жылы үйде немесе тоқ, бірақ жылуы жоқ баспанада ұйықтау туралы таңдауға тап болды", - деп жазылған мақалада. Еуроодаққа мүше барлық мемлекет қазір әлеуметтік осал топтардың жарық пен жылу ақысының шығындарын барынша жеңілдетуге тырысып жатыр. Себебі халық наразылығы артып, бұл елдегі жаппай тәртіпсіздікке ұласатын болса, енді ғана ақырындап қалпына келіп жатқан ЕО экономикасы мұндай жағдайдан кейін қайта түзелуі екіталай. Материалда жазылғандай, осы жағдайда Еуроодақтың маңызды бақылаушы органдарының бірі "егер бұл жәрдемақы" жаңартылмайтын көміртекті энергия тасымалдағыштарды" қолданғаны үшін есепшоттың ақысын төлеу мақсатында қолданылатын болса, онда ЕО тұрғындарға мұндай көмек көрсетуге қарсы екені" жөнінде шешім шығарды. Бұл шешімде Еуроодақтың Есеп палатасы жариялады. Қазір кедейлік табалдырығында тұрған, дағдарысты толығымен сезініп жатқан Еуропа халқына еуробюрократияның мұндай мәлімдемесі ауыр соққы болатыны анық. Сонымен қатар, Еуроодақты ресейлік газбен қамтамасыз етіп отырған және газ құбыры жұмыс істеп тұрған шақта инфляция рекордтық көрсеткішке жетті. Ал азық-түлік бағасы күннен-күнге шарықтап барады.Германиядағы ресейлік көгілдір отын көлемі 46 процентті, Францияда шамамен 20 процентті құрап отырғанын ескерсек, онда отын бағасы қымбаттаған кезде жағдай қандай болатынын елестету қиын. РИА Новости жазғандай, Жозеп Боррель Вашингтонға энергия тасымалдағыштарды жеткізу мәселесінде АҚШ Еуроодаққа қандай қолдау көрсететінін анықтау мақсатында келді. Сол себепті "Украинаға қатысты ресейлік агрессия" туралы айқай-шу бәсекелесті ауқымды жалпыеуропалық нарықтан ығыстыру мақсатында ұйымдастырылғаны көпшілікке аян. "Украинаға шабуыл" туралы ақпарат та ойдан құрастырылғаны сондықтан. Материалда бәсекелесті ығыстырудың дәл осы әдісі Белоруссияға да қолданылғаны жазылған. Себебі шамамен бір жыл бұрын калий экспортына қатысты шектеу шаралары енгізілді. "Соның салдарынан еуропалық шаруаларға үлкен залал келіп, жазда астық көлемі өте нашар болды. Есесіне америкалықтар мен канадалықтар олжалы болды. Күні кеше ғана Джо Байденнің "Ресей тағы да қастандық әрекетке көшсе, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылмайтынын" айтқаннан кейін немістердің сыртқы саяси ведомствосының басшысы ресейлік газдан бас тарту ықтыималдылығы туралы айта бастады", - деп жазған мақала авторы.Әзірше мұндай қысым мен "Ресейді бірге тежеуге" қатысты үндеулер тек сөз күйінде қалып отыр. Әйтсе де бағдар мен бағыт айқындады. Ресейдің де үнсіз қалмайтыны, қарсы жауапты әрекетке көшетіні белгілі. Өкініштісі сол, соның салдарынан қарапайым еуропалықтар зардап шегеді.
https://sputnik.kz/20220208/aqsh-reseyden-dizel-importtaudy-arttyrdy-22629422.html
ресей
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_543df1950fc08de0079e63e8f082b6ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, ақш
Батыс пен Ресей арасы қайта шиеленісті
Соңғы екі күн бойы әлем назары АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен ЕО халықаралық істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель арасындағы кеңеске ауды, деп жазды РИА Новости.
Трансатлантикалық пікірталас АҚШ – Еуроодақ энергетикалық кеңесінің аясында өтті. Жоғарыда аталған қос шенеунік осы кеңесте тең төраға қызметіне тағайындалған.
"Қорытынды баспасөз конференциясы кезінде ЕО халықаралық істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Блинкенмен достық қарым-қатынаста екенін мейлінше аңғартуға тырысты. Бұл ЕО-дағы кезекті ресми тұлға фон дер Ляйен Вашингтонға келген шақта аса өзекті болды", - деп жазылған материалда.
Жозеп Боррель Вашингтонға аттанар алдында өз блогында кезекті пост жариялап, "Ресей барлығына газдың көмегімен қоқан-лоқы көрсетуді жалғастыруды көздеп отыр" деп жазды.
Ресейлік БАҚ материалында автор Боррель таныстырып отырған біріккен Еуропа елдеріндегі ахуалға тереңірек тоқталған.
"Мысалы, халық саны кемінде 35 миллион адамға жететін біріккен Еуропа азаматтары бүгінде азық-түлік алу немесе жарық пен жылуға ақы төлеу сынды таңдау алдында тұр. Яғни, португалдар, литвалықтар, ирландықтар, қария мен нәрестені қоса алғанда, барлығы аш, бірақ жылы үйде немесе тоқ, бірақ жылуы жоқ баспанада ұйықтау туралы таңдауға тап болды", - деп жазылған мақалада.
Еуроодаққа мүше барлық мемлекет қазір әлеуметтік осал топтардың жарық пен жылу ақысының шығындарын барынша жеңілдетуге тырысып жатыр. Себебі халық наразылығы артып, бұл елдегі жаппай тәртіпсіздікке ұласатын болса, енді ғана ақырындап қалпына келіп жатқан ЕО экономикасы мұндай жағдайдан кейін қайта түзелуі екіталай.
Материалда жазылғандай, осы жағдайда Еуроодақтың маңызды бақылаушы органдарының бірі "егер бұл жәрдемақы" жаңартылмайтын көміртекті энергия тасымалдағыштарды" қолданғаны үшін есепшоттың ақысын төлеу мақсатында қолданылатын болса, онда ЕО тұрғындарға мұндай көмек көрсетуге қарсы екені" жөнінде шешім шығарды. Бұл шешімде Еуроодақтың Есеп палатасы жариялады.
Қазір кедейлік табалдырығында тұрған, дағдарысты толығымен сезініп жатқан Еуропа халқына еуробюрократияның мұндай мәлімдемесі ауыр соққы болатыны анық. Сонымен қатар, Еуроодақты ресейлік газбен қамтамасыз етіп отырған және газ құбыры жұмыс істеп тұрған шақта инфляция рекордтық көрсеткішке жетті. Ал азық-түлік бағасы күннен-күнге шарықтап барады.
Германиядағы ресейлік көгілдір отын көлемі 46 процентті, Францияда шамамен 20 процентті құрап отырғанын ескерсек, онда отын бағасы қымбаттаған кезде жағдай қандай болатынын елестету қиын.
РИА Новости жазғандай, Жозеп Боррель Вашингтонға энергия тасымалдағыштарды жеткізу мәселесінде АҚШ Еуроодаққа қандай қолдау көрсететінін анықтау мақсатында келді. Сол себепті "Украинаға қатысты ресейлік агрессия" туралы айқай-шу бәсекелесті ауқымды жалпыеуропалық нарықтан ығыстыру мақсатында ұйымдастырылғаны көпшілікке аян. "Украинаға шабуыл" туралы ақпарат та ойдан құрастырылғаны сондықтан. Материалда бәсекелесті ығыстырудың дәл осы әдісі Белоруссияға да қолданылғаны жазылған. Себебі шамамен бір жыл бұрын калий экспортына қатысты шектеу шаралары енгізілді.
"Соның салдарынан еуропалық шаруаларға үлкен залал келіп, жазда астық көлемі өте нашар болды. Есесіне америкалықтар мен канадалықтар олжалы болды. Күні кеше ғана Джо Байденнің "Ресей тағы да қастандық әрекетке көшсе, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылмайтынын" айтқаннан кейін немістердің сыртқы саяси ведомствосының басшысы ресейлік газдан бас тарту ықтыималдылығы туралы айта бастады", - деп жазған мақала авторы.
Әзірше мұндай қысым мен "Ресейді бірге тежеуге" қатысты үндеулер тек сөз күйінде қалып отыр. Әйтсе де бағдар мен бағыт айқындады. Ресейдің де үнсіз қалмайтыны, қарсы жауапты әрекетке көшетіні белгілі. Өкініштісі сол, соның салдарынан қарапайым еуропалықтар зардап шегеді.