https://sputnik.kz/20220208/aqsh-reseyden-dizel-importtaudy-arttyrdy-22629422.html
АҚШ Ресейден дизель импорттауды арттырды
АҚШ Ресейден дизель импорттауды арттырды
Sputnik Қазақстан
Қаңтар қорытындысы бойынша, ресейлік өндіріске жататын дизель отынының АҚШ-қа жеткізілген көлемі үш жылдық рекордқа жеткені белгілі болды, деп жазды РИА... 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T20:39+0500
2022-02-08T20:39+0500
2022-02-08T20:39+0500
әлем
ресей
ақш
https://sputnik.kz/img/763/77/7637796_0:188:2971:1859_1920x0_80_0_0_2f6a5c3bc0b3b0a2791015a4c5b65868.jpg
Бейіндік басылымдар өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап, ресейлік отын импорты бір жарым миллион баррельден асып түскенін жазды. Ресей Федерациясының Украинаға басып кіруі туралы жалған ақпарат пен арандатулар аясындағы екіжақты қарым-қатынастың шиеленіскен шағында бұл жағдай қарама-қайшы болып отыр. РИА Новости хабарлағандай, Vortexa трекинг сервисінің мәліметі бойынша, дәл осы шақта АҚШ-тың Шығыс жағалауына қарай ресейлік дизель тиелген бірнеше танкер жақындап келеді. Американың дәл осы аймағында дизель отынының жетіспеушілігі тіркеліп отыр. Ал бұл жағдай аяқ астынан болған бірнеше фактордың себебінен туындады. АҚШ-тың Шығыс штаттарында аязды қыс мезгілінде дизельге деген сұраныс артады. Сұраныстың шарықтау шегі 2018 жылы басталды. Бірақ жергілікті мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорында ішкі сұранысты қамтамасыз етуге қауқарсыз. Материалда жазылғандай, барлығы Техас штатында орналасқан Marathon Petroleum ірі зауытының тоқтауынан басталды. Жергілікті мұнай өңдеуші кешен электр энергиясы тапшылығына байланысты өндіріс көлемін күрт қысқартуға мәжбүр болды. Ал электр қуатының тапшылығы қатты аяз бен халық тұтынуының артуынан туындады. Marathon Petroleum тәулігіне 600 мың баррель мұнай өнімін өңдегенін ескерсек, нысанның өндіріс көлемін қысқартуы қандай салдар алып келгенін айтпаса да түсінікті. Электр энергиясын жеткізудегі ақаулар өндірістің басқа ірі салаларында қиындық тудырды. Ресейлік БАҚ жағымсыз жағдай мұнымен аяқталмағанын жазды. Техастағы мұнайшылар табиғи форс-мажорға байланысты демалысқа кетсе, олардың Шығыс жағалаудағы әріптестері нарық конъюнктурасы салдарынан жұмысты тоқтатты. Америкалық соңғы аукционда West Texas Intermediate маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 92 доллардан асып түсті. Бұл 2014 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш болды. Мұндай баға шегі мұнай өңдеудің және қайталама өнім өндірудің тиімділігін төмендетіп, мұнайдың екінші өнімдерінің өзіндік құнын арттырады. Сондықтан мұнай компаниялары өздеріне шығын келтіретін жұмысты тоқтатып, кәсіпорынды біраз уақытқа жабу туралы шешім қабылдады. "Солүстіктен, яғни Канададан мұнай жеткізудің төмендеуі де жағдайды ушықтырды. Себебі бұл елде пандемия салдарынан бірнеше жергілікті мұнай өңдеуші зауыт жабылып қалды және жұмыс әлі қалпына келген жоқ. Мұндай жағдайда америкалықтар үшін өз өнімін өндіруден гөрі ресейлік отынды мұхиттың арғы жағынан жеткізіп, сатып алу әлдеқайда тиімді", - деп жазды РИА Новости. Материал авторының пікірінше, мұнай импортының қазіргі 1,5 миллион баррель көлемі жеткіліксіз. Energy Information Administration мәліметі бойынша, АҚШ 2020 жылы 44 миллиард галлон дизельді тұтынған. Бұл шамамен бір миллиард баррельді құрайды. Яғни, жергілікті нарыққа жеткізіліп жатқан ресейлік отынның көлемі өте аз. Статистикаға сүйенсек, дизель Америкадағы ең танымал отын және дистилляцияланған басқа жанармай арасында мұны тұтынудың деңгейі шамамен 77 процентті құрап отыр. Мұны ресейлік энергия тасымалдағыштар Американың ішкі нарығын жаулап алды деуге болмайды. Әйткенмен, бұл бірнеше фактіні айқындап тұр. Біріншіден, АҚШ секілді өзінің дамыған бейіндік индустриясы бар елде де ішкі сұраныс қанағаттандырылмауы әбден мүмкін. Екіншіден, ресейлік энергия ресурстары тек Еуропада ғана емес, мұхиттың арғы бетінде де сұранысқа ие. "Үшіншіден, ресейлік отынды ірі көлемде импорттап отырған Вашингтон Еуроодақтан "Солтүстік ағын - 2" жобасына қолдау көрсетпеуді талап етпеуі керек. Америка Брюссельге Мәскеумен қарым-қатынас орнатуда шамадан тыс талап қойып отырғаны бәріне белгілі. Бірақ соңғы уақытта Германия мен Австрия Ресейден газ жеткізетін жобаның іске қослыуына қарсылық танытпайтынын анық аңғартып келеді", - деп жазылған ресейлік БАҚ материалында.
https://sputnik.kz/20220204/ash-shatary-zhi-stszdkke-shyrap-zhatyr--skeri-sholushy-22527385.html
https://sputnik.kz/20210918/Soltstk-ayn---2-dayyn-Europaa-gaz-zhyldy-soyna-deyn-tasymaldana-bastaydy---video-18165364.html
ресей
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/763/77/7637796_120:0:2851:2048_1920x0_80_0_0_57761e3b33799bc6cfe4e0a774ffc5ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, ақш
АҚШ Ресейден дизель импорттауды арттырды
Қаңтар қорытындысы бойынша, ресейлік өндіріске жататын дизель отынының АҚШ-қа жеткізілген көлемі үш жылдық рекордқа жеткені белгілі болды, деп жазды РИА Новости
Бейіндік басылымдар өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап, ресейлік отын импорты бір жарым миллион баррельден асып түскенін жазды. Ресей Федерациясының Украинаға басып кіруі туралы жалған ақпарат пен арандатулар аясындағы екіжақты қарым-қатынастың шиеленіскен шағында бұл жағдай қарама-қайшы болып отыр.
РИА Новости хабарлағандай, Vortexa трекинг сервисінің мәліметі бойынша, дәл осы шақта АҚШ-тың Шығыс жағалауына қарай ресейлік дизель тиелген бірнеше танкер жақындап келеді. Американың дәл осы аймағында дизель отынының жетіспеушілігі тіркеліп отыр. Ал бұл жағдай аяқ астынан болған бірнеше фактордың себебінен туындады.
АҚШ-тың Шығыс штаттарында аязды қыс мезгілінде дизельге деген сұраныс артады. Сұраныстың шарықтау шегі 2018 жылы басталды. Бірақ жергілікті мұнайды қайта өңдеуші кәсіпорында ішкі сұранысты қамтамасыз етуге қауқарсыз.
Материалда жазылғандай, барлығы Техас штатында орналасқан Marathon Petroleum ірі зауытының тоқтауынан басталды. Жергілікті мұнай өңдеуші кешен электр энергиясы тапшылығына байланысты өндіріс көлемін күрт қысқартуға мәжбүр болды. Ал электр қуатының тапшылығы қатты аяз бен халық тұтынуының артуынан туындады. Marathon Petroleum тәулігіне 600 мың баррель мұнай өнімін өңдегенін ескерсек, нысанның өндіріс көлемін қысқартуы қандай салдар алып келгенін айтпаса да түсінікті. Электр энергиясын жеткізудегі ақаулар өндірістің басқа ірі салаларында қиындық тудырды.
Ресейлік БАҚ жағымсыз жағдай мұнымен аяқталмағанын жазды. Техастағы мұнайшылар табиғи форс-мажорға байланысты демалысқа кетсе, олардың Шығыс жағалаудағы әріптестері нарық конъюнктурасы салдарынан жұмысты тоқтатты. Америкалық соңғы аукционда West Texas Intermediate маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 92 доллардан асып түсті. Бұл 2014 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш болды. Мұндай баға шегі мұнай өңдеудің және қайталама өнім өндірудің тиімділігін төмендетіп, мұнайдың екінші өнімдерінің өзіндік құнын арттырады. Сондықтан мұнай компаниялары өздеріне шығын келтіретін жұмысты тоқтатып, кәсіпорынды біраз уақытқа жабу туралы шешім қабылдады.
"Солүстіктен, яғни Канададан мұнай жеткізудің төмендеуі де жағдайды ушықтырды. Себебі бұл елде пандемия салдарынан бірнеше жергілікті мұнай өңдеуші зауыт жабылып қалды және жұмыс әлі қалпына келген жоқ. Мұндай жағдайда америкалықтар үшін өз өнімін өндіруден гөрі ресейлік отынды мұхиттың арғы жағынан жеткізіп, сатып алу әлдеқайда тиімді", - деп жазды РИА Новости.
Материал авторының пікірінше, мұнай импортының қазіргі 1,5 миллион баррель көлемі жеткіліксіз. Energy Information Administration мәліметі бойынша, АҚШ 2020 жылы 44 миллиард галлон дизельді тұтынған. Бұл шамамен бір миллиард баррельді құрайды. Яғни, жергілікті нарыққа жеткізіліп жатқан ресейлік отынның көлемі өте аз.
Статистикаға сүйенсек, дизель Америкадағы ең танымал отын және дистилляцияланған басқа жанармай арасында мұны тұтынудың деңгейі шамамен 77 процентті құрап отыр. Мұны ресейлік энергия тасымалдағыштар Американың ішкі нарығын жаулап алды деуге болмайды.
Әйткенмен, бұл бірнеше фактіні айқындап тұр. Біріншіден, АҚШ секілді өзінің дамыған бейіндік индустриясы бар елде де ішкі сұраныс қанағаттандырылмауы әбден мүмкін. Екіншіден, ресейлік энергия ресурстары тек Еуропада ғана емес, мұхиттың арғы бетінде де сұранысқа ие.
"Үшіншіден, ресейлік отынды ірі көлемде импорттап отырған Вашингтон Еуроодақтан "Солтүстік ағын - 2" жобасына қолдау көрсетпеуді талап етпеуі керек. Америка Брюссельге Мәскеумен қарым-қатынас орнатуда шамадан тыс талап қойып отырғаны бәріне белгілі. Бірақ соңғы уақытта Германия мен Австрия Ресейден газ жеткізетін жобаның іске қослыуына қарсылық танытпайтынын анық аңғартып келеді", - деп жазылған ресейлік БАҚ материалында.