https://sputnik.kz/20220210/qazaqstan-chip-itter-22666153.html
Қазақстанның батысында чипі жоқ иттердің иелеріне айыппұл салына бастады
Қазақстанның батысында чипі жоқ иттердің иелеріне айыппұл салына бастады
Sputnik Қазақстан
Чипі жоқ бір үй жануары үшін 49 мың теңге айыппұл салынады 10.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-10T08:59+0500
2022-02-10T08:59+0500
2022-02-10T08:59+0500
өңірлер
ит
чип
https://sputnik.kz/img/07e5/03/04/16454279_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_c3cfe1134c11f0f77e1c85483099d805.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстанда чипі жоқ үй жануарларының иелеріне айыппұл салына бастады, деп хабарлайды "Мой город" порталы.Өңір басшысы Ғали Исқалиев облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында үй жануарларын ұстау, дәлірек айтқанда иттер мен мысықтарға чип орнату ережелерінің сақталуына мониторинг жүргізу қажет екенін мәлімдеді.Айтуынша, егер үй жануары көшеде чипсіз жүрсе, оны қаңғыбас деп танып, кейін зарарсыздандырылады немесе піштіріледі. Ал егер ауыратыны анықталса, онда өлтіреді."Чиптің көмегімен иттің иесін анықтауға болады. Қазір үй жануарлары иелеріне айыппұл салына бастады. Чипі жоқ бір ит үшін 49 мың теңге айыппұл салынады. Бұл аз ақша емес, сондықтан оларды чиптеген дұрыс. Оның үстіне процедура 500 теңге тұрады, ал үйге барып жасау 1200-1700 теңге", - деді Исқалиев.Әкім қаңғыбас иттердің санын азайтудың жалғыз жолы – қожайындардың жауапкершілігін арттырып, үй жануарларына чип орнату екенін атап өтті.Бұған дейін Орал қаласында ит-мысықтарына чип орнатпаған 45 тұрғын анықталды. Енді олар Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 408-бабы бойынша жауапқа тартылады.
https://sputnik.kz/20211224/Almaty-itter-okushylar-video-18973482.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/04/16454279_186:0:1146:720_1920x0_80_0_0_d3a6ee4bd35ee5a9932aaebea97ca6a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ит, чип
Қазақстанның батысында чипі жоқ иттердің иелеріне айыппұл салына бастады
Чипі жоқ бір үй жануары үшін 49 мың теңге айыппұл салынады
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстанда чипі жоқ үй жануарларының иелеріне айыппұл салына бастады, деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
Өңір басшысы Ғали Исқалиев облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында үй жануарларын ұстау, дәлірек айтқанда иттер мен мысықтарға чип орнату ережелерінің сақталуына мониторинг жүргізу қажет екенін мәлімдеді.
Айтуынша, егер үй жануары көшеде чипсіз жүрсе, оны қаңғыбас деп танып, кейін зарарсыздандырылады немесе піштіріледі. Ал егер ауыратыны анықталса, онда өлтіреді.
"Чиптің көмегімен иттің иесін анықтауға болады. Қазір үй жануарлары иелеріне айыппұл салына бастады. Чипі жоқ бір ит үшін 49 мың теңге айыппұл салынады. Бұл аз ақша емес, сондықтан оларды чиптеген дұрыс. Оның үстіне процедура 500 теңге тұрады, ал үйге барып жасау 1200-1700 теңге", - деді Исқалиев.
Әкім қаңғыбас иттердің санын азайтудың жалғыз жолы – қожайындардың жауапкершілігін арттырып, үй жануарларына чип орнату екенін атап өтті.
Бұған дейін Орал қаласында ит-мысықтарына чип орнатпаған 45 тұрғын анықталды. Енді олар Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 408-бабы бойынша жауапқа тартылады.