https://sputnik.kz/20211224/Almaty-itter-okushylar-video-18973482.html
Алматыда қаңғыбас иттер оқушылардың зәресін ұшырып жүр
Алматыда қаңғыбас иттер оқушылардың зәресін ұшырып жүр
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері мамандар 15 мыңға жуық панасыз жүрген жануарды ұстады 24.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-24T10:02+0500
2021-12-24T10:02+0500
2022-02-02T09:48+0500
қоғам
алматы
ит
оқушы
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1a/17953545_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_bfefee285970fe397eab12403ffc1e29.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласындағы Алғабас шағын ауданында қаңғыбас иттер екі оқушыға тап берді, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы."Мен өзім жұмыста болғанмын. Ұлымды ит тістеп алды дегенде естігенде зәре-құтым қалмады. Біз оны бірден ауруханаға апардық. Жараны таңып тастады. Қашанға дейін қайтанала береді? Біз өз өміріміз үшін қорқамыз", - дейді Айман Оспанова.Алматыда қаңғыбас иттерді ұстап, арнайы жерге апарады. Үш күннің ішінде иесі табылмаса, жануарды ұйықтатып тастайды. "Мысалы, бүгін біз 30 бұралқы итті ұстадық. Тәртіп бойынша оларды алдымен арнайы жерге жібереміз. Осы орайда қала тұрғындарына алғыс айтқымыз келіп отыр. Олар қаңғыбас иттердің жүрген жерінен фото мен видеоны ортақ чатқа салып отырады. Біз бірден сол жаққа шығамыз. Ұсталған жануарды кез келген адам үйіне алып кете алады. Бірақ алдымен құжатын жасатып, вакциналаудан өткізу керек", - Алғабас шағын ауданының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Әбілхат Жапақ.Жалпы, жыл басынан бері мамандар 15 мыңға жуық панасыз жүрген жануарды ұстаған. Иелері 2,5 мың жануарды алып кетті. Тәртіп бойынша көшеде иесіз жүрген кез келген жануар қаңғыбас болып саналады. Оны міндетті түрде ұстап, арнайы жерге апарады. Бұған дейін Өскемен қаласына жақын жерде 6 жастағы қызды иттер талап өлтірген болатын.Оқи отырыңыз:
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1a/17953545_258:0:2925:2000_1920x0_80_0_0_58dc04252f87d91bd9c9449cf458d544.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ит, оқушы
Алматыда қаңғыбас иттер оқушылардың зәресін ұшырып жүр
10:02 24.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Жыл басынан бері мамандар 15 мыңға жуық панасыз жүрген жануарды ұстады
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласындағы Алғабас шағын ауданында қаңғыбас иттер екі оқушыға тап берді, деп хабарлайды
Almaty.tv арнасы.
Алматылық Айман Оспанованың айтуынша, бұралқы ит ұлын қауып алған. Қолын жарақаттады. Абырой болғанда, үлкен кісілер көмекке келіп, қаңғыбас итті қуып жіберген. Қазіргі кезде мектеп оқушысы үйде емделіп жүр.
"Мен өзім жұмыста болғанмын. Ұлымды ит тістеп алды дегенде естігенде зәре-құтым қалмады. Біз оны бірден ауруханаға апардық. Жараны таңып тастады. Қашанға дейін қайтанала береді? Біз өз өміріміз үшін қорқамыз", - дейді Айман Оспанова.
Алматыда қаңғыбас иттерді ұстап, арнайы жерге апарады. Үш күннің ішінде иесі табылмаса, жануарды ұйықтатып тастайды.
"Мысалы, бүгін біз 30 бұралқы итті ұстадық. Тәртіп бойынша оларды алдымен арнайы жерге жібереміз. Осы орайда қала тұрғындарына алғыс айтқымыз келіп отыр. Олар қаңғыбас иттердің жүрген жерінен фото мен видеоны ортақ чатқа салып отырады. Біз бірден сол жаққа шығамыз. Ұсталған жануарды кез келген адам үйіне алып кете алады. Бірақ алдымен құжатын жасатып, вакциналаудан өткізу керек", - Алғабас шағын ауданының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Әбілхат Жапақ.
Жалпы, жыл басынан бері мамандар 15 мыңға жуық панасыз жүрген жануарды ұстаған. Иелері 2,5 мың жануарды алып кетті. Тәртіп бойынша көшеде иесіз жүрген кез келген жануар қаңғыбас болып саналады. Оны міндетті түрде ұстап, арнайы жерге апарады.
Бұған дейін Өскемен қаласына жақын жерде 6 жастағы қызды иттер талап
өлтірген болатын.