https://sputnik.kz/20211221/qangybas-itter-zhappay-atylyp-zhatyr-18950312.html
Өскеменде 7 жасар қыздың өлімінен кейін қаңғыбас иттер жаппай атылып жатыр
Өскеменде 7 жасар қыздың өлімінен кейін қаңғыбас иттер жаппай атылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Қалада мұндай шараға 17 миллион теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T20:32+0500
2021-12-21T20:32+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/1255/71/12557129_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_51ebb1fd7193de705da8d72ce3ab9651.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай атып жатыр. Соңғы 2-3 күнде 85 қараусыз иттің көзі жойылған, деп хабарлады Хабар 24.Естеріңізге салсақ, бірнеше күн бұрын Лесхоз кентінде 7 жасар қыз баланы ит талап өлтірген болатын. Дегенмен оны ит емес, қасқыр талауы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр.Оқиға болған Лесхоз кенті мен сол маңдағы Степное ауылында қараусыз ит тым көбейіп кеткен дейді мамандар. Биыл Өскемен қаласы бойынша мұндай шараға 17 миллион теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған.Бір жағынан, бұл жұмыстың қарқынды жүргізіліп жатқаны жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің наразылығын тудырып жатыр."Қаңғыбас иттер күтімсіз жүргендіктен табиғат қорғаушылары мен көптеген адам қарсы шығып жатыр. Сондықтан біздің ит аулайтын бригадалар міндетті түрде учаскелік инспекторлармен бірге жұмыс істейді. Өздері жалғыз жұмыс істемейді", - дейді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/71/12557129_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_b78ede0c2bbaabdafeda7a546e9ad19c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Өскеменде 7 жасар қыздың өлімінен кейін қаңғыбас иттер жаппай атылып жатыр
20:32 21.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қалада мұндай шараға 17 миллион теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай атып жатыр. Соңғы 2-3 күнде 85 қараусыз иттің көзі жойылған, деп хабарлады
Хабар 24. Естеріңізге салсақ, бірнеше күн бұрын Лесхоз кентінде 7 жасар қыз баланы ит талап өлтірген болатын. Дегенмен оны ит емес, қасқыр талауы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр.
Оқиға болған Лесхоз кенті мен сол маңдағы Степное ауылында қараусыз ит тым көбейіп кеткен дейді мамандар. Биыл Өскемен қаласы бойынша мұндай шараға 17 миллион теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған.
Бір жағынан, бұл жұмыстың қарқынды жүргізіліп жатқаны жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің наразылығын тудырып жатыр.
"Қаңғыбас иттер күтімсіз жүргендіктен табиғат қорғаушылары мен көптеген адам қарсы шығып жатыр. Сондықтан біздің ит аулайтын бригадалар міндетті түрде учаскелік инспекторлармен бірге жұмыс істейді. Өздері жалғыз жұмыс істемейді", - дейді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.