Өңірлер

Өскеменде 7 жасар қыздың өлімінен кейін қаңғыбас иттер жаппай атылып жатыр

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуБездомный пес на улице города, архивное фото
Бездомный пес на улице города, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Жазылу
Қалада мұндай шараға 17 миллион теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай атып жатыр. Соңғы 2-3 күнде 85 қараусыз иттің көзі жойылған, деп хабарлады Хабар 24.
Естеріңізге салсақ, бірнеше күн бұрын Лесхоз кентінде 7 жасар қыз баланы ит талап өлтірген болатын. Дегенмен оны ит емес, қасқыр талауы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр.
Оқиға болған Лесхоз кенті мен сол маңдағы Степное ауылында қараусыз ит тым көбейіп кеткен дейді мамандар. Биыл Өскемен қаласы бойынша мұндай шараға 17 миллион теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған.
Бір жағынан, бұл жұмыстың қарқынды жүргізіліп жатқаны жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің наразылығын тудырып жатыр.
"Қаңғыбас иттер күтімсіз жүргендіктен табиғат қорғаушылары мен көптеген адам қарсы шығып жатыр. Сондықтан біздің ит аулайтын бригадалар міндетті түрде учаскелік инспекторлармен бірге жұмыс істейді. Өздері жалғыз жұмыс істемейді", - дейді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0