https://sputnik.kz/20220209/qazaqstan-khalqyna-merekelik-is-shara-22641396.html
"Қазақстан халқынан" отбасылық және мерекелік іс-шара үшін ақша сұрап жатқандар бар
"Қазақстан халқынан" отбасылық және мерекелік іс-шара үшін ақша сұрап жатқандар бар
Sputnik Қазақстан
"Қазақстан халқына" қорында қазірге дейін 115 миллиард теңгеден астам қаражат жиналды 09.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-09T11:58+0500
2022-02-09T11:58+0500
2022-02-09T11:58+0500
қоғам
әлеуметтік көмек
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0f/19148796_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_c5cf1f36b34156d9197a425e4b1e3a49.jpg
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорына 13 мыңнан астам өтініш түскен. Қор қызметкерлері қазақстандықтардың қандай мақсатта ақша бөлуді сұрайтынын хабарлады.Қазақстандықтар Qazaqstanhalqyna.kz сайты арқылы өтініш бере алады, қазірге дейін қорға 13 мыңнан астам өтініш түскен. Арасында отбасылық және мерекелік шараға ақша сұрағандар да бар."Қазақстан халқына" қоры азаматтардың қаржылық мәселесі болуы мүмкін екенін түсінетінін жеткізді. Алайда оның барлығын қор шеше алмайды. Себебі қордың бекітілген тұжырымдамасына сәйкес қаржы сәбилерге медициналық қызмет көрсетуді дамытуға және оның қолжетімді болуын арттыруға, спорт және білім беру нысандары мен балаларға арналған басқа да әлеуметтік маңызы бар қызметтерге жұмсалады.Сондай-ақ қор мүгедек, науқас баланы асырап алған, қамқорлық немесе патронаттық тәрбиені ұйымдастырған отбасыларға көмек көрсетумен айналысады.Қазақстанның аумақ тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін сақтап қалу және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету кезінде қайтыс болған немесе ауыр жарақат алған құқық қорғау органдары, арнайы органдар, ҰҚК қызметкерлерінің отбасыларына, әскери қызметшілеріне, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетеді.
https://sputnik.kz/20220208/alayaq-qazaqstan-khalqyna-qory-22617527.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0f/19148796_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_887a300921b20a925a21b816a26137ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан халқына қоры ақша
қазақстан халқына қоры ақша
"Қазақстан халқынан" отбасылық және мерекелік іс-шара үшін ақша сұрап жатқандар бар
"Қазақстан халқына" қорында қазірге дейін 115 миллиард теңгеден астам қаражат жиналды
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. "Қазақстан халқына" қорына 13 мыңнан астам өтініш түскен. Қор қызметкерлері қазақстандықтардың қандай мақсатта ақша бөлуді сұрайтынын хабарлады.
Қазақстандықтар
Qazaqstanhalqyna.kz сайты арқылы өтініш бере алады, қазірге дейін қорға 13 мыңнан астам өтініш түскен. Арасында отбасылық және мерекелік шараға ақша сұрағандар да бар.
"Сайт пен әлеуметтік желідегі мессенджерлерге үй, көлік сатып алу, кредит және басқа да қаржылық займдар бойынша міндеттемелерді төлеу, отбасылық іс-шаралар мен мерекелік шаралардың қаражатын өтеу туралы өтініштер әлі де түсіп жатыр", - делінген ақпаратта.
"Қазақстан халқына" қоры азаматтардың қаржылық мәселесі болуы мүмкін екенін түсінетінін жеткізді. Алайда оның барлығын қор шеше алмайды. Себебі қордың бекітілген тұжырымдамасына сәйкес қаржы сәбилерге медициналық қызмет көрсетуді дамытуға және оның қолжетімді болуын арттыруға, спорт және білім беру нысандары мен балаларға арналған басқа да әлеуметтік маңызы бар қызметтерге жұмсалады.
Сондай-ақ қор мүгедек, науқас баланы асырап алған, қамқорлық немесе патронаттық тәрбиені ұйымдастырған отбасыларға көмек көрсетумен айналысады.
Қазақстанның аумақ тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау немесе адамдардың өмірін сақтап қалу және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету кезінде қайтыс болған немесе ауыр жарақат алған құқық қорғау органдары, арнайы органдар, ҰҚК қызметкерлерінің отбасыларына, әскери қызметшілеріне, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетеді.