https://sputnik.kz/20220208/alayaq-qazaqstan-khalqyna-qory-22617527.html
"Алаяқтардан сақ болыңыз!": "Қазақстан халқына" қоры хабарландыру жасады
"Алаяқтардан сақ болыңыз!": "Қазақстан халқына" қоры хабарландыру жасады
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар қазақстандықтар атынан несие рәсімдеуге тырысып жатыр 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T14:40+0500
2022-02-08T14:40+0500
2022-02-08T14:40+0500
қоғам
қайырымдылық
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_950fccfc4ae250595f5bd4def745d7a4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платоформасы арқылы алаяқтық әрекеттердің көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қордың ресми өкілі Әлібек Әбділовтың айтуынша, алаяқтар қазақстандықтар атынан несие рәсімдеуге тырысып жатады.Демалыс күндері "Атамекен" палатасының байланыс орталығына 250 адам шағымданса, дүйсенбі, 7 ақпанда бір күннің ішінде 186 шағым түскен. Бұған дейін "Қазақстан халқына" қоры атынан телефон соққан алаяқтар 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы береміз деп, халықты алдаған. "Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс құралы – qazaqstanhalqyna.kz сайты және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасы. Біз азаматтарды қауесеттерге сенбеуге және алаяқ ұйымдардың арандатуына түспеуді сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз", – деді қордың ресми өкілі Әлібек Әбділов. Қор мамандары алаяқтық фактілері туралы басқа адамдарға да ескертуді сұрады.Оқи отырыңыз: Алаяқтардың құрбаны болған ақтөбеліктер онлайн-несие беруді тоқтатуды сұрайды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893779_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_331f758d08154509f1a70a3347c3ac04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайырымдылық, алаяқтық
"Алаяқтардан сақ болыңыз!": "Қазақстан халқына" қоры хабарландыру жасады
Алаяқтар қазақстандықтар атынан несие рәсімдеуге тырысып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платоформасы арқылы алаяқтық әрекеттердің көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қордың ресми өкілі Әлібек Әбділовтың айтуынша, алаяқтар қазақстандықтар атынан несие рәсімдеуге тырысып жатады.
Демалыс күндері "Атамекен" палатасының байланыс орталығына 250 адам шағымданса, дүйсенбі, 7 ақпанда бір күннің ішінде 186 шағым түскен.
"Мәселен, Шымкент тұрғыны
атаmekenim.kz сайтында көмекке өтініш беріп, барлық мәліметтерді толтырғаннан кейін экранда несиенің сәтті өңделгені туралы ақпарат пайда болған. Содан кейін оған одан әрі ақшалай несие рәсімдеу туралы ұсыныспен бейне қоңырау түсті. Дәл осындай оқиға Өскемен қаласында болды. Онда қала тұрғынына электронды үкіметтің жалған порталы атынан SMS хабарлама жіберіліп, одан кейін ақшалай көмек түрінде 1 166 000 теңге алу үшін жолданған SMS кодын атауды сұраған алаяқ телефон соққан", - дейді Әбділов.
Бұған дейін "Қазақстан халқына" қоры атынан телефон соққан алаяқтар 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы береміз деп, халықты алдаған.
"Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс құралы –
qazaqstanhalqyna.kz сайты және
atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасы. Біз азаматтарды қауесеттерге сенбеуге және алаяқ ұйымдардың арандатуына түспеуді сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз", – деді қордың ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Қор мамандары алаяқтық фактілері туралы басқа адамдарға да ескертуді сұрады.