Өңірлер

Маңғыстаулық кәсіпорын қызметкерлерінің ереуілі аяқталды

© Sputnik / Табылды КадырбековТалап қою, ереуіл
Талап қою, ереуіл - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Жазылу
Компания басшылығы қызметкерлер жалақысын 30 процентке көтеруге уәде берді
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан - Sputnik. Маңғыстау облысында "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлері ереуілді аяқтады. Олар жалақыны екі есе арттыруды және мереке күндері сыйақы беруді талап еткен болатын.
Бұл талаптар ішінара орындалды.
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлері бүгін, 9 ақпанда жұмысқа кірісті. Компанияның баспасөз қызметі кәсіпорын қалыпты жұмыс істеп жатқанын растады.
Бұған дейін "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бас директоры Талғат Есентүгелов наразылық білдірушілер алдында сөз сөйлеген болатын. Ол жұмыс беруші, жұмысшылар және кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен өткен комиссия отырысы оң нәтиже бермегенін айтты.
"Өндіріс саласы қызметкерлерінің жылдар бойы қордаланып қалған түйткілді мәселелері бір күнде шешілмейді. Осыған байланысты алдағы уақытта Энергетика министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесе отырып, бұл мәселелерді толық шешу шаралары пысықталады. Қазіргі уақытта басшылық ұжымнан басқа қызметкерлердің жалақысын 30%-ке және кейбір мерекелердегі жұмыс үшін сыйақы төлеу жайы шешіліп жатыр", - деді Есентүгелов.
Ол енді мұндай жағдайлардың алдын алу үшін кәсіпорын басшылығы мен өндірістік ұжым арасында тұрақты тікелей байланыс орнатылатынына уәде берді.
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Өңірлер
Тоқаев Маңғыстаудағы наразылықтарға қатысты тапсырма берді
Жаңалықтар
0