https://sputnik.kz/20220208/ultshyldar-rusofobtar-toqaev-resey-elshisi-22609508.html
Қазақстанда өз жолын тапқан орыстар қысым көрдік деп шағымданбайды– Ресей елшісі
Қазақстанда өз жолын тапқан орыстар қысым көрдік деп шағымданбайды– Ресей елшісі
Sputnik Қазақстан
Қазақ тілін латынға ауыстыру – қазақстандықтардың жеке мәселесі, деп мәлімдеді Бородавкин 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T11:37+0500
2022-02-08T11:37+0500
2022-02-08T11:41+0500
қоғам
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18390676_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_a9baf29193ecb44f86230005fd4c0d63.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрып жатқан билік топтарында ұлтшылдар мен русофобтар өз орнын таба алмайды. Бұл туралы "Независимая газетаға" сұхбат берген Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин айтты.Басылым тілшісі дипломаттан Қазақстандағы орыс тілінің жағдайын, сондай-ақ "күшейіп жатқан қазақ ұлтшылдығына" қатысты ойын сұрады. Бородавкиннің айтуынша, осы мәселелерді көп жағдайда жаңалықтардың тақырыбына шығарып, елді дүрліктіріп қояды. Алайда Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың шынайы көрінісін бұрмаламау керек.Осы орайда елші ресми мәліметті де келтірді. Оған сәйкес, былтыр Қазақстаннан қоныс аудару мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ресейге 25 мың адам көшіп барған. Ол жағынан Қазақстан посткеңестік елдер арасында көш бастап тұр."Көшудің басты себептері – отбасымен табысу. Сондай-ақ Ресейдегі жақсы әлеуметтік-экономикалық жағдай да әсер етіп отыр. Атап айтқанда, жоғары жалақысы бар жұмыс, ыңғайлы орта, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейі, зейнетақылар мен жәрдемақылар. Бірақ Қазақстанда өз жолын тапқан орыстардан қандай да бір қысым көрсету немесе кемсіту туралы арыз-шағымды естіген емеспіз", - деп атап көрсетті Бородавкин.Елші орыстар мен славяндардың биліктің барлық тармағында отырғанын еске салды. Олар үкіметте, парламентте, облыстық әкімшілікте және тағы басқа органдарда қызмет атқарып жүр. Бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ қоғамдық пікірді қалыптастыратын көшбасшылардың арасында орыстар аз емес."Осы орайда маңызды бір мәселені ескерген жөн, өкінішке қарай, Қазақстанда тұрмыстық ұлтшылдық бар. Бірақ ондай "ауруға" Қазақстан ғана емес, Ресей де шалдыққан. Онымен бірлесіп күресуіміз керек. Ал бір-бірімізді мегафон арқылы айыптаудан ештеңе шықпайды, керісінше, проблеманы ушықтырып жібереміз", - дейді елші.Бородавкин қазақстандықтардың орыс тілінде акцентсіз және грамматикалық қатесіз сөйлей алатынын жеткізді. Ал орыс тілінің ресми мәртебесі Қазақстан Конституциясында бекітілген."Сосын Қазақстанда орыс тілін білу артықшылық болып саналады. Мәселен, оны білмейтін адамдарға білікті жұмыс орнына тұру өте қиын. Қазақстандағы орыс тілі өз позициясын сақтай алады деп ойлаймын. Алдағы уақытта да сұраныс болады. Себебі қазіргі кезде қазақстандық жастар ресейлік жоғары орындарын түсуге тырысып жатады", - деп атап көрсетті Бородавкин.Ресми мәліметке сәйкес, Ресейде Қазақстаннан келген 60 мыңға жуық студент оқиды. Алдағы уақытта ресейлік жоғары орындарының филиалдарын ашу жоспарланып отыр.Бородавкин қазақ тілін латынға ауыстыру жұмысына да тоқталды. Оның ойынша, бұл – қазақстандықтардың жеке мәселесі."Қазақстанда осы бастаманың қаншалықты қиын, шығыны көп және күрделі екенін биліктің барлық деңгейінде жақсы түсінеді. Ал қазақстандық тіл ғалымдары аса қиын міндетті шешуге тырысып жатыр. Оларға қазақ тілінің фонетикалық байлығын латынның 26 таңбалық алфавитіне сыйғыздыру қажет. Кириллицада оған 42 әріп қажет болған", - деп түйіндеді Бородавкин.
https://sputnik.kz/20220201/resey-orys-tili-mugalim-22344917.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18390676_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_35e9ef124b1d468aaaa4d7f4f825ea0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Қазақстанда өз жолын тапқан орыстар қысым көрдік деп шағымданбайды– Ресей елшісі
11:37 08.02.2022 (жаңартылды: 11:41 08.02.2022) Қазақ тілін латынға ауыстыру – қазақстандықтардың жеке мәселесі, деп мәлімдеді Бородавкин
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрып жатқан билік топтарында ұлтшылдар мен русофобтар өз орнын таба алмайды. Бұл туралы
"Независимая газетаға" сұхбат берген Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин айтты.
Басылым тілшісі дипломаттан Қазақстандағы орыс тілінің жағдайын, сондай-ақ "күшейіп жатқан қазақ ұлтшылдығына" қатысты ойын сұрады. Бородавкиннің айтуынша, осы мәселелерді көп жағдайда жаңалықтардың тақырыбына шығарып, елді дүрліктіріп қояды. Алайда Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың шынайы көрінісін бұрмаламау керек.
"Иә, қазақстандық қоғамда ұлтшылдықтың өсуі байқалады. Соның ішінде тілдік патрульдер сияқты экстремистік көріністер де бар. Билік тарапынан ондай әрекеттерге қолдау жоқ, керісінше, заңмен қудаланады. Сондықтан ұлтшыл және орыстарды жек көруші көзқарасты ұстанатын адамдар президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазір құрып жатқан билік топтарында өз орнын таба алмайды", - деді Бородавкин.
Осы орайда елші ресми мәліметті де келтірді. Оған сәйкес, былтыр Қазақстаннан қоныс аудару мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ресейге 25 мың адам көшіп барған. Ол жағынан Қазақстан посткеңестік елдер арасында көш бастап тұр.
"Көшудің басты себептері – отбасымен табысу. Сондай-ақ Ресейдегі жақсы әлеуметтік-экономикалық жағдай да әсер етіп отыр. Атап айтқанда, жоғары жалақысы бар жұмыс, ыңғайлы орта, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейі, зейнетақылар мен жәрдемақылар. Бірақ Қазақстанда өз жолын тапқан орыстардан қандай да бір қысым көрсету немесе кемсіту туралы арыз-шағымды естіген емеспіз", - деп атап көрсетті Бородавкин.
Елші орыстар мен славяндардың биліктің барлық тармағында отырғанын еске салды. Олар үкіметте, парламентте, облыстық әкімшілікте және тағы басқа органдарда қызмет атқарып жүр. Бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ қоғамдық пікірді қалыптастыратын көшбасшылардың арасында орыстар аз емес.
"Осы орайда маңызды бір мәселені ескерген жөн, өкінішке қарай, Қазақстанда тұрмыстық ұлтшылдық бар. Бірақ ондай "ауруға" Қазақстан ғана емес, Ресей де шалдыққан. Онымен бірлесіп күресуіміз керек. Ал бір-бірімізді мегафон арқылы айыптаудан ештеңе шықпайды, керісінше, проблеманы ушықтырып жібереміз", - дейді елші.
Бородавкин қазақстандықтардың орыс тілінде акцентсіз және грамматикалық қатесіз сөйлей алатынын жеткізді. Ал орыс тілінің ресми мәртебесі Қазақстан Конституциясында бекітілген.
"Сосын Қазақстанда орыс тілін білу артықшылық болып саналады. Мәселен, оны білмейтін адамдарға білікті жұмыс орнына тұру өте қиын. Қазақстандағы орыс тілі өз позициясын сақтай алады деп ойлаймын. Алдағы уақытта да сұраныс болады. Себебі қазіргі кезде қазақстандық жастар ресейлік жоғары орындарын түсуге тырысып жатады", - деп атап көрсетті Бородавкин.
Ресми мәліметке сәйкес, Ресейде Қазақстаннан келген 60 мыңға жуық студент оқиды. Алдағы уақытта ресейлік жоғары орындарының филиалдарын ашу жоспарланып отыр.
Бородавкин қазақ тілін латынға ауыстыру жұмысына да тоқталды. Оның ойынша, бұл – қазақстандықтардың жеке мәселесі.
"Қазақстанда осы бастаманың қаншалықты қиын, шығыны көп және күрделі екенін биліктің барлық деңгейінде жақсы түсінеді. Ал қазақстандық тіл ғалымдары аса қиын міндетті шешуге тырысып жатыр. Оларға қазақ тілінің фонетикалық байлығын латынның 26 таңбалық алфавитіне сыйғыздыру қажет. Кириллицада оған 42 әріп қажет болған", - деп түйіндеді Бородавкин.