Әлем

Путин мен Макрон Украина мәселесін талқылады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуВоенный парад в Киеве ко Дню независимости Украины, архивное фото
Военный парад в Киеве ко Дню независимости Украины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
Франция президенті Эммануэль Макрон "Ресейдің Украинаға шабуылы" туралы арандатулар шарықтау шегіне жеткен кезде Мәскеуге бейресми сапармен келді, деп жазды РИА Новости.
Мақалада жазылғандай, Франция көшбасшысы ресейлік танктер міне-міне Киевке басып кіретініне сенбейтін көрінеді. Оған Макронның соңғы үш күнде үш рет РФ президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуі себепші емес.
Эммануэль Макрон бұл жағдайда бейтараптылықты қолдап, Франция және жеке өзі үшін ұтымды бағдарды ұстануды көздеп отыр. Ресейлік БАҚ-тағы мақала авторы атап көрсеткендей, екі айдан кейін француздар ел президентін сайлау бойынша дауыс береді.
Ал "Еуропадағы соғысты бодырмауға" атсалысу Макронға екінші рет ел президент қызметіне сайлануға ықпал етеді. Сондықтан болар, Путинмен Кремльдегі кездесу кезінде, анығырақ айтқанда, сол жиынның БАҚ үшін ашық бөлігінде француз көшбасшысы "соғыс" деген сөзді қолданды.
"Бүгінгі кездесу кезіндегі сұхбат біздің алдағы бағытымызды айқындай түсуі ықтимал. Ол – шиеленісті күшейтуді доғару. Біз қазіргі ахуалдан, әскери-саяси жағдайдан, украин мәселесінен, ұжымдық қауіпсіздіктің маңызды мәселелерінен хабардармыз. Сондықтан біз Ресейге және бүкіл Еуропаға тиімді жауапқа ұжымдасқан түрде кірісе аламыз. Ол тиімді жауап соғысты болдырмауға, әлемде тұрақтылық пен сенімді қалыптастыруға ықпал етеді", - деді Эммануэль Макрон.
РИА Новости ақпараты бойынша, Макрон ешқандай соғыс қаупі жоқ екенін жете түсініп отыр. Ол Мәскеуге сапарынан бір күн бұрын "Ресеймен қарқынды диалог және осы жолғы сапар кезінде "орыстар басқыншылығының" алдын алуға қол жеткіземіз деп ойлаймын. Жалпы қазір Ресей үшін геосаяси мақсат Украина емес, НАТО мен ЕО іс-қимылының бағдарын анықтау болып отыр" деген пікір білдірді.
Мәскеуде француз президенті мұндай ашық ой айтпағанымен, ол баспасөз конференциясы кезінде ортақ қауіпсіздік туралы келісімге келу, тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде жаңа механизмдер әзірлеу қажеттілігін және Ресей өзін қауіпсіз сезінбесе, Еуропада да мұндай сезім болмайтынын жеткізді. Өйткені Макрон бұған дейін Ресейдің қатысуынсыз және Ресейге қарсы ұстаныммен Еуропада қауіпсіздік жүйесін құру мүмкін емес екенін бірнеше рет айтты.
Париж Францияның емес, біріккен Еуропаның мәртебесін көтеру арқылы құрлықтағы басты рөлдердің бірін өзіне алуды көздеп отыр. Алайда ол үшін Еуроодақтың стратегиялық дербестігі қажет. Бірақ Батыс пен Ресей арасында текетірес жүріп жатқан шақта Еуропаның ахуалы жақсаратын түрі жоқ, деп жазды РИА Новости.
Мәскеу ұсынған қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі жобаға қатысты Путин "орыстардың басты алаңдаушылықтары ескерілмегенін" айтып, Франция көшбасшысының соғыс жайын көтерген мәлімдемесіне қатысты бірден өз ойын білдірді.
Центральная площадь Киева - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Әлем
Украина билігі соғысуға себеп жоқ екенін мәлімдеді
"Франция Ресеймен соғысқанын қалайсыз ба? Солай болатын түрі бар! Егер Украина НАТО-ға кірсе және күш қолдану арқылы Қырымды өзіне қайтармақ болса, онда Еуропа мемлекеттері Ресеймен әскери қақтығысқа түсуге мәжбүр болады. Бұл сіздердің еріктеріңізден тыс болатын жағдай. Бұл соғыста жеңімпаз болмайды", - деді Владимир Путин.
Ресейлік БАҚ жазуынша, осы ойы арқылы Путин Украинаның НАТО-ға мүше болмайтынына кепілдік беруден бас тартқан англосаксондардың ұстанымын қолдаған француздар, немістер, италиялықтар және басқа да еуропалықтар Ресеймен соғысуға мәжбүр болатынын ашық жеткізді. Мәскеу Батыстан Украинадан кері шегінуді, оны атлантизациялаудан бас тартуды талап етіп отыр. Ресей өзінің тарихи аумағын өз қаупіне қатер төндіретін "құралға" айналдырғысы келмейді.
"Орташа келешекте немістер мен француздар стратегиялық дербестікке қол жеткізіп, мемлекет ретінде өз бағытын ашық айқындауға қол жеткізуі мүмкін болғанымен, Ресей өзінің ұлттық мүддесін, өмірлік мәні бар маңызды мақсаттарды еуропалықтардың екіұдай ұстанымына тәуелді етуді қаламайды. Сондықтан ол Украинаны НАТО-ға қабылдауға қатысты нақты жауапты талап етіп отыр", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, Владимир Путин Еуропа мен Макронның Ресей мүддесіне деген құрмет сезімін емес, Еуропаның болашағына жауапкершілік сезімін оятуды көздеді. Бұл іске асты ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.
Жаңалықтар
0