Әлем

Украина билігі соғысуға себеп жоқ екенін мәлімдеді

© AFP 2024 / SERGEI SUPINSKYЦентральная площадь Киева
Центральная площадь Киева - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Жазылу
Владимир Зеленский елдің шығысындағы жағдай бақылауда екенін мәлімдеп, жағдайды бейбіт жолмен шешу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. НАТО бойынша одақтастар майданға әскер жіберуге дайын емес. "Орыс басқыншылығы" туралы айтып келген Киев енді барлығын сабырға шақырып отыр. БАҚ жалған ақпарат таратуды жалғастыруда, ал Украинға қару жеткізу күннен күнге өсіп жатыр, деп жазды РИА Новости.
"БАҚ-та екіұдай ақпарат көбейіп кетті. Достар, әріптестер, сіздерді сабыр сақтауға шақырамын. Жағдайдан хабардармыз, байбалам салуға себеп жоқ. Сабыр сақтайық", - деді Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов.
Ол осыған дейін "орыс басқыншылығы" туралы айтып келген.
Владимир Зеленский де украиндерге үндеу жолдады. Ол "елдің шығысында жағдай бақылауда" екенін мәлімдеп, жағдайды бейбіт жолмен шешу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол бұған дейін халыққа басу айтып, дүкеннен жаппай азық-түлік сатып алуды доғаруға шақырған.
Қоғаныс министрі Александр Резинков те ешқандай шабуыл болмайды деп ойлайды.
"Қазіргі сәтте Ресей Қарулы күштері ертең шабуыл жасай алатын бірде-бір шабуылдаушы топ құрған жоқ", - деді ол.
Сонымен қатар тамыз айында Жоғарғы Радаға жолданған "Өтпелі кезеңнің мемлекеттік саясаты туралы" заң жобасын кенеттен кері қайтарып алды. Ол құжатта Ресейді "агрессор" деп атап, ДХР мен ЛХР-да берілген кез келген құжатты жарамсыз деп жариялаған. Мәскеу бұл бастаманы Минск келісімдерінен бас тарту ретінде бағалады.
АҚШ пен Ұлыбритания бастамашы болған дипломаттарды эвакуациялауды еуропалықтар қолдамады. ЕО-ның шетелдік істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельдің айтуынша, "эвакуациялауға титтей де себеп жоқ". Бірақ батыстағы БАҚ пен сяасаткерлер бұл бағыттағы ахуалды мейлінше шиеленістіріп, ушықтырып көрсетуге әлі де тырысып жатыр. Олардың қатарында америкалық The Times, британдық Financial Times, даттардың DR басылымы бар.
Бірақ барлығы бірдей мұны қолдап отырған жоқ. "Расында да біз үшін стратегиялық маңызы жоқ шығысеуропалық мемлекет үшін соғысамыз ба? Қазір өз елімізде не болып жатқанын ескерместен осындай қадамға барамыз ба? Есі дұрыс ешбір адам мұндайға бармас еді", - деді Хантер Байденнің бұрынғы серіктесі Тони Бобулински Fox News эфирінде.
Ал Вашингтон Ресейді тежеу әрекеттеріне Жапонияны да тартуға барынша тырысып жатыр. Себебі Байден мен елдің премьер-министрі Кисиданың онлайн-кездесуінде Украина бойынша Ресейге қарсы соғысқа белсенді қатысу мәселесі бірінші кезекте талқыланды, деп жазды басылым.
БАҚ "Украинаға қарсы ықтимал шабуылдың" бірнеше сызбасын жариялады. Washington Post америкалық барлау қызметіне сілтеме жасап, бірнеше шептен шабуылдаудың жоспарын бөлісті.
"Біздің бұған ешқандай қатысымыз жоқ және болмайды да, мен оған кепілдік беремін", - деді осыған қатысты Хорватия президенті Зоран Миланович.
 Ел НАТО-ға кіргенімен, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысудан бас тартты. Егер соғыс бола қалса, онда Загреб хорват әскерилерінің бірін қалдырмай елге қайтаратыны анық.
Саясаткерлер "бұған дейін болмаған санкциялармен" қорқытуды доғарар емес. Дания сыртқы істер министрінің айтуынша, Мәскеуге қатысты 2014 жылғыдан да қатаң шара қолданылады.
Ал Джозеф Байден халықаралық SWIFT төлем жүйесінен ажырату, ресейлік банктерге доллармен операция жүргізуге тыйым салу санкциясын атады. Конгреске ресейлік шенеуніктер, ірі бизнесмендер, журналистер мен "Солтүстік ағын – 2" жобасын да қара тізімге енгізетін заң жобасы жолданды.
Ал Елисей сарайы әзірше диломатияға басымдық беріп отыр. Франция президенті Эммануэль Макрон Украина шекарасындағы жағдайға қатысты алаңдаушылық танытып, бітімгершілікке келуге шақырды. Париж бен Берлин "норманд форматында" мәселені шешуді ұсынып отыр.
26 қаңтарда Парижде Германия, Ресей, Украина және Францияның саяси кеңесшілері бас қосады. Мәскеуден президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Козак қатысады. Тамыз айынан бері мұндай форматта келіссөздер болмағанын ескеру керек.
Жаңалықтар
0