Қоғам

Президент Досаевқа: Алматы жұртшылығымен өте тығыз жұмыс істеу керек

© Sputnik / Владислав ВодневЕрболат Досаев
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында Алматы қаласына жұмыс сапарымен баратынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаевқа үлкен міндеттер жүктеліп отырғанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Наурыздың басында мен Алматыға жұмыс сапарымен барамын. Сол жерде нақты мәселелерді қарастырамыз. Ол жақта, шынымен де, проблемалар бар. Онымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев айналысқан. Бір жерде алға жылжу бар, бір жерде сан алуан себептерге байланысты үлгермей қалды, шешкен жоқ. Бірақ жалпы бағдар дұрыс. Осы бағытта жұмыс істеуіміз керек", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент қаланың жаңа әкімі Ерболат Досаевқа үлкен міндеттер жүктеліп тұрғанын да ерекше атап өтті.
"Сіздің алдыңызда үлкен әрі жауапты міндеттер тұр. Алматы біз үшін ерекше қала, сондықтан әлеуметтік мәселелерді шешуге баса мән беру керек. Жалпы Алматының рухын жандандырып, әрине, қала тұрғындарына жақсы көңіл-күйді қайтаруымыз қажет. Сізге Алматыдағы қоғаммен өте тығыз жұмыс жасау керек", - деп қадап айтты Тоқаев.
Алматыда Ерболат Досаевқа қарсы митинг өтті - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2022
Видео
"Досаев, кет!": Алматыда бүліктен кейінгі алғашқы митинг қалай өтті
Жаңалықтар
0