https://sputnik.kz/20220208/pavlodar-balabaqshasynda-tagy-shu-shyqty-22603164.html
Павлодар балабақшасында тағы шу шықты
Павлодар балабақшасында тағы шу шықты
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін баласын жеке меншік балабақшаға берген ата-аналар жаппай улануға қатысты шағымданған 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T09:26+0500
2022-02-08T09:26+0500
2022-02-08T09:26+0500
өңірлер
балабақша
павлодар
шу
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АЛМАТЫ, 8 ақпан – Sputnik. Павлодарда әйел жеке балабақшаның тәрбиешісі мен күтушісінің әрекетіне шағымданды. Әйелдің екі жасқа толмаған баласын балабақша қызметкерлері салқын бөлмеде 42 минутқа қалдырған, сол уақытта өздері түскі асқа кеткен. Баланың үстінде киімі де болмаған. Ол сондай-ақ жақында балалардың улануына байланысты сол "Зерек бала" балабақшасының қызметкерлеріне шағым түскенін хабарлады. Шағымды тексеру кезінде камерадағы жазбалардан көптеген бұзушылық анықталған. Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланды."Осыдан кейін баланы балабақшаға қалай беруге болады? Мен осындай балабақшалардан қорқамын", - деп жазды ата-аналардың бірі. Оны көптеген желі қолданушысы қолдады, олар да балаларды мектепке дейінгі мекемелерге беру қауіпті екенін айтты. "Құрметті ата-аналар! "Зерек бала" балабақшасы - жеке меншік мекеме. Осыған ұқсас шағым қалалық прокуратурада жатыр. Осы жағдайдан балабақша құрылтайшысы хабардар, талқылау жүріп жатыр. Жағдайды зерттеу мақсатында ертең бөлім қызметкерлері балабақшаға барады", - деп шағымға жауап берді Павлодар қаласының білім бөлімі.
https://sputnik.kz/20211230/Balabaqshada-tayaq-zhegen-bala-19021498.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша шағым ата-ана бала павлодар детсад детский сад родители жалоба
балабақша шағым ата-ана бала павлодар детсад детский сад родители жалоба
Павлодар балабақшасында тағы шу шықты
Бұған дейін баласын жеке меншік балабақшаға берген ата-аналар жаппай улануға қатысты шағымданған
АЛМАТЫ, 8 ақпан – Sputnik. Павлодарда әйел жеке балабақшаның тәрбиешісі мен күтушісінің әрекетіне шағымданды. Әйелдің екі жасқа толмаған баласын балабақша қызметкерлері салқын бөлмеде 42 минутқа қалдырған, сол уақытта өздері түскі асқа кеткен. Баланың үстінде киімі де болмаған.
"Балабақша құрылтайшысы мен меңгерушісі тәрбиеші мен күтушінің әрекетін түсіндіре алмады", - деп шағымданды баланың анасы.
Ол сондай-ақ жақында балалардың улануына байланысты сол "Зерек бала" балабақшасының қызметкерлеріне шағым түскенін хабарлады. Шағымды тексеру кезінде камерадағы жазбалардан көптеген бұзушылық анықталған. Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
"Осыдан кейін баланы балабақшаға қалай беруге болады? Мен осындай балабақшалардан қорқамын", - деп жазды ата-аналардың бірі.
Оны көптеген желі қолданушысы қолдады, олар да балаларды мектепке дейінгі мекемелерге беру қауіпті екенін айтты.
"Құрметті ата-аналар! "Зерек бала" балабақшасы - жеке меншік мекеме. Осыған ұқсас шағым қалалық прокуратурада жатыр. Осы жағдайдан балабақша құрылтайшысы хабардар, талқылау жүріп жатыр. Жағдайды зерттеу мақсатында ертең бөлім қызметкерлері балабақшаға барады", - деп шағымға жауап берді Павлодар қаласының білім бөлімі.