Экономика

Бозымбаев пен Ақышев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінен шығып қалды

© Photo : пресс-служба АО "ФНБ "Самрук-Казына"Фонд "Самрук-Казына"
Фонд Самрук-Казына - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
Бұл жайлы ақпарат бүгін KASE сайтында жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев "Самұрық-Қазына" ұлтық әл-ауқат қоры" директорлар кеңесінен шығарылды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында хабарланды.
Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры KASE-ке жалғыз акционердің 2022 жылғы 22 қаңтардағы шешімімен компанияның директорлар кеңесі құрамына өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді.
Директорлар кеңесінен Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев шығарылды. Тимур Сүлейменов сайланды.
Енді қордың директорлар кеңесіне алты адам кіреді: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Әлібек Қуантыров, Алмасадам Сатқалиев және Тимур Сүлейменов.
 Фонд Самрук-Казына - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Қоғам
"Самұрық-Қазына" қорының қарызы 7,5 трлн теңгеден асады – депутат
Айта кетері, Қанат Бозымбаев 2021 жылдың қарашасынан Алматы облысын басқарады. Ал Данияр Ақышев 2019 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды.
Тимур Сүлейменов 2021 жылдың шілдесінен Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарады.
Жаңалықтар
0