https://sputnik.kz/20220126/Samryk-kazyna-kory-19218589.html
"Самұрық-Қазына" қорының қарызы 7,5 трлн теңгеден асады – депутат
"Самұрық-Қазына" қорының қарызы 7,5 трлн теңгеден асады – депутат
Sputnik Қазақстан
Жуырда ел президенті "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалауды тапсырған болатын 26.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-26T10:53+0500
2022-01-26T10:53+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
самұрық-қазына
депутат
https://sputnik.kz/img/1430/24/14302418_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_d1ed916a7ac75746fc5ab7be11749284.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов "Самұрық-Қазына" қорының берешегі 7,5 триллион теңгеден асатынын мәлімдеді. Осыған байланысты ол қор активтеріне кешенді аудит жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жуырда ел президенті "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалауды тапсырған болатын. Қор басшылығы көп созбай іске кірісті. Алайда депутат Жамаловтың айтуынша, "Самұрық-Қазына" қорының басшылығы асығыс шешім қабылдап жатыр. Мұның салдары ауыр болуы мүмкін. Ол қорды жаңғырту бойынша жоспарлы, қадамдық жұмысқа қайта оралу қажет деп санайды. "Самұрық-Қазына құрылғанда "ұлттық компанияларды кәсіби корпоративтік басқару арқылы оның тиімділігін арттыру" мақсаты қойылғаны есімізде. Сол кезде қордың табыстылығы мен мемлекеттік бюджетке түсетін аударымдардың өсімін қамтамасыз ету жайлы сөз болатын. Осы мақсатқа қол жеткіздік пе? Бүгінде біз Самұрықтан мемлекеттік бюджетке түсетін дивидендтер сомасы бюджеттен олардың инвестициялық жобаларына бағытталатын қаражаттан үнемі аз болғанын көріп отырмыз. Мәселен 2019 жылы Самұрық бюджетке 120 миллиард теңге дивиденд төледі. Ал қордың таза табысы 1,4 триллион теңгені құрады", - деді Жамалов премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында. Айтуынша, осы жылдар бойы қор қаражаттың басым бөлігін жұмсау бойынша да, қарыз тарту бойынша да өз саясатын жүргізіп келді. Сол себепті Жамалов қорды жаңғыртпас бұрын оның неге тиімсіз болып қалғанын анықтау қажет деп санайды. "Біздің ойымызша, қордың бейінді және бейінді емес активтеріне кешенді аудит жүргізу керек. Бейінді емес компанияларды бәсекелес ортаға берген жөн. Бейінді компаниялардың тиімділігін бағалап, қаржылай сауықтыру жүргізіп, тек содан кейін ғана қор нарығы, соның ішінде халықтық IPO арқылы сату туралы шешім қабылдау керек", - деді ол. Мәжілісмен азаматтарға қордан үлес бермес бұрын компанияларға бағалау жүргізіп, оны ашық жариялау керек деп есептейді. Себебі қазақстандықтар өздеріне не ұсынып жатқанын білуге тиіс – инвестициялық кіріс пе, әлде қыруар қарыз ба. "Өйткені "Самұрық-Қазына" қорының қарызы 7,5 триллион теңгеден асады. Бұл шамамен 18 миллиард АҚШ доллары", - деп мәлімдеді Жамалов. Оның айтуынша, қордың қызметіне қатысты шешім қабылдарда сырттан алған қарызды естен шығармаған абзал. . "Самұрық шығарған еурооблигациялар мен ұлттық компаниялардың сырттан алған қарызы негізгі борышты уақытында қайтаруды, пайыз, айыппұл мен өсімпұлдарды өтеуді көздейді. Егер қорды реформалау жайлы асығыс шешім қабылданса, бұл кредиторлардың алаңдаушылығын туғызады. Олар кез келген сәтте пайыздық ставканы көтеруді немесе кредитті мерзімінен бұрын төлеуді талап етуі мүмкін", - дейді мәжілісмен. Сондай-ақ Жамалов қордың барлық аударымы республикалық бюджетке түсіп, мемлекеттік міндеттерді орындауға бөлінуі керек екенін айтты. Депутаттар қордың тағдырына қатысты шешім қабылдау кезінде бизнесмендердің, инвесторлардың, қаржыгерлер мен экономистердің, сарапшылардың пікірі ескерілуі қажет деп санайды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1430/24/14302418_189:0:1966:1333_1920x0_80_0_0_12f205bcc847958e9bb1c7a83b634d4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
самұрық-қазына, депутат
"Самұрық-Қазына" қорының қарызы 7,5 трлн теңгеден асады – депутат
10:53 26.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жуырда ел президенті "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалауды тапсырған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов "Самұрық-Қазына" қорының берешегі 7,5 триллион теңгеден асатынын мәлімдеді. Осыған байланысты ол қор активтеріне кешенді аудит жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жуырда ел президенті "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалауды тапсырған болатын. Қор басшылығы көп созбай іске кірісті.
Алайда депутат Жамаловтың айтуынша, "Самұрық-Қазына" қорының басшылығы асығыс шешім қабылдап жатыр. Мұның салдары ауыр болуы мүмкін.
Ол қорды жаңғырту бойынша жоспарлы, қадамдық жұмысқа қайта оралу қажет деп санайды.
"Самұрық-Қазына құрылғанда "ұлттық компанияларды кәсіби корпоративтік басқару арқылы оның тиімділігін арттыру" мақсаты қойылғаны есімізде. Сол кезде қордың табыстылығы мен мемлекеттік бюджетке түсетін аударымдардың өсімін қамтамасыз ету жайлы сөз болатын. Осы мақсатқа қол жеткіздік пе? Бүгінде біз Самұрықтан мемлекеттік бюджетке түсетін дивидендтер сомасы бюджеттен олардың инвестициялық жобаларына бағытталатын қаражаттан үнемі аз болғанын көріп отырмыз. Мәселен 2019 жылы Самұрық бюджетке 120 миллиард теңге дивиденд төледі. Ал қордың таза табысы 1,4 триллион теңгені құрады", - деді Жамалов премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.
Айтуынша, осы жылдар бойы қор қаражаттың басым бөлігін жұмсау бойынша да, қарыз тарту бойынша да өз саясатын жүргізіп келді.
"Қазір қордағы үлесті әр қазақстандыққа бөліп беру жайлы ұсыныс айтылып жатыр. Бір қарағанда, өте керемет идея сияқты. Алайда Самұрық-Қазынаның қазіргі қаржылық жағдайын ескерсек, мұндай үлестен бір адамға айына небәрі 500 теңге ғана кіріс түседі", - деді мәжілісмен.
Сол себепті Жамалов қорды жаңғыртпас бұрын оның неге тиімсіз болып қалғанын анықтау қажет деп санайды.
"Біздің ойымызша, қордың бейінді және бейінді емес активтеріне кешенді аудит жүргізу керек. Бейінді емес компанияларды бәсекелес ортаға берген жөн. Бейінді компаниялардың тиімділігін бағалап, қаржылай сауықтыру жүргізіп, тек содан кейін ғана қор нарығы, соның ішінде халықтық IPO арқылы сату туралы шешім қабылдау керек", - деді ол.
Мәжілісмен азаматтарға қордан үлес бермес бұрын компанияларға бағалау жүргізіп, оны ашық жариялау керек деп есептейді. Себебі қазақстандықтар өздеріне не ұсынып жатқанын білуге тиіс – инвестициялық кіріс пе, әлде қыруар қарыз ба.
"Өйткені "Самұрық-Қазына" қорының қарызы 7,5 триллион теңгеден асады. Бұл шамамен 18 миллиард АҚШ доллары", - деп мәлімдеді Жамалов.
Оның айтуынша, қордың қызметіне қатысты шешім қабылдарда сырттан алған қарызды естен шығармаған абзал. .
"Самұрық шығарған еурооблигациялар мен ұлттық компаниялардың сырттан алған қарызы негізгі борышты уақытында қайтаруды, пайыз, айыппұл мен өсімпұлдарды өтеуді көздейді. Егер қорды реформалау жайлы асығыс шешім қабылданса, бұл кредиторлардың алаңдаушылығын туғызады. Олар кез келген сәтте пайыздық ставканы көтеруді немесе кредитті мерзімінен бұрын төлеуді талап етуі мүмкін", - дейді мәжілісмен.
Сондай-ақ Жамалов қордың барлық аударымы республикалық бюджетке түсіп, мемлекеттік міндеттерді орындауға бөлінуі керек екенін айтты.
Депутаттар қордың тағдырына қатысты шешім қабылдау кезінде бизнесмендердің, инвесторлардың, қаржыгерлер мен экономистердің, сарапшылардың пікірі ескерілуі қажет деп санайды