https://sputnik.kz/20220208/auganstan-qaru-zharaq-turaqtylyq-22619209.html
Ауғанстандағы қару-жарақ өңірдегі тұрақтылыққа кедергі болып отыр
Ауғанстандағы қару-жарақ өңірдегі тұрақтылыққа кедергі болып отыр
Sputnik Қазақстан
Тәлібтер билікті тартып алғаннан кейін Ауғанстанда соғыс әрекеттерінің қарқыны біршама бәсеңдеді. Дегенмен қарулы зорлық-зомбылық, есірткі тасымалы мен... 08.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-08T21:57+0500
2022-02-08T21:57+0500
2022-02-08T21:57+0500
әлем
ауғанстан
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18110770_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_ef4de546332c8dcb2fd440469c943f15.jpg
Тәлібтерге (Талибан – террористік қызметі үшін БҰҰ санкция енгізген ұйым) қарсы халықтың тойтарыс беруі күшейіп жатыр, елдегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы ресейлік әскери шолушу Александр Хроленко жазды.Сарапшының мәліметінше, Пәкістан ІІМ басшысы Рашид Ахмед өткен сенбіде пәкістандық тәлібтер Ауғанстанда қалып кеткен НАТО қару-жарағын сатып алып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қарулы содырлар Ауғанстан аумағынан Пәкістанға өтіп, провинцияларға шабуыл жасап, қайтадан кері қайтып жатыр.Ауған тәлібтерінің өкілі Билал Карими бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда 2021 жылдың тамызында ауған жерінен кеткен америкалық әскерилердің үлкен арсеналының заңсыз айналымына таңғалатын ештеңе жоқ. Бұл "экспорт" іргелес жатқан елдерге үлкен қауіп төндіріп тұр. Жалпы қазір Орталық Азияда түрлі экстремистік топтың "жасырын ұяшықтары" көбейіп жатыр. Пәкістанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Моид Юсуф қаңтардың соңында көрші елдегі билікке тәлібтердің келуіне Исламабад "оң көзқарас танытпай отырғанын" ашық айтты. БҰҰ тәлібтер Ауғанстандағы терроризмге қарсы күрес жүргізбей жатқанын атап өтті.Керісінше, шетелдік содырлар бұл елде өздерін тым еркін сезінеді. Түрмедегілерді босатқаннан кейін ДАИШ трансұлттық тобының қатарындағылар саны 2 200-ден 4 000 адамға дейін артты. "Әл-Каиданың" жүздеген содыры Газни, Гильменд, Кандагар, Нимроз, Пактика, Забуль ауған провинцияларында жатыр. Орталық Азия елдерінің Ауғанстандағы елшілігі осы аталған террористік ұйым көшбасшыларының Кабулға еш кедергісіз барып-қайтуына алаңдаушылық танытып отыр.Сарапшы Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды еш асыра сілтеусіз-ақ гуманитарлық апат деп атауға болатынын жазды. Оның пікірінше, елдің басым бөлігіндегі халық тәлібтердің идеологиясы мен саясатын қабылдамай отыр. Бұрынғы үкімет армиясының әскерилері мен полиция қызметкерлері репрессияға ұшырап, тәлібтер қоғамдағы әйел рөлін толығымен жоққа шығарды. Мазари-шарифте тәлібтерге қатысты қарсылық акциясын ұйымдастырған жас қыз-келіншектерді ұрлап әкетіп, өлтіріп тастады. Sky News басылымы 12 жастағы балаларды қамауда ұстап отырған Гераттағы тәліб түрмесінің суретін жариялады. Мұның барлығы күннен-күнге күшейіп жатқан халық қарсылығының қарқынды болуына алып келетіні анық. "Тәлібтер 40 миллион халқы бар Ауғанстанның бұрынғы діни, мәдени және ұлттық дәстүрін есепке алмай, шектен тыс қатыгездік танытып отыр. Елде бейбітшілік пен экономиканың дамуынан гөрі азаматтық соғыс тұтануына әлеуметтік-экономикалық себеп әлдеқайда көп. Ақпанның басында тәлібтерге тойтарыс беру мақсатында жаңадан "Ауған бостандық майданы" шебі құрылды", - деп жазған шолышу Александр Хроленко. Панджшер провинциясында Ахмад Масуд жетекшілік ететін Ауғанстанның халық қарсылығы майданы тәлібтермен соғыс жүргізуді тоқтатқан жоқ. Жақын уақытта бұл майдан елдің бүкіл аумағындағы радикалдарға соққы жасауды жоспарлап отыр. Әскери шолушы аш қалған ауған балаларын құтқару және халыққа гуманитарық көмек берудің орнына Батыс елдері Кабулдан Ванкуверге 300-ге жуық ит пен мысықты арнайы рейспен жеткізу туралы шешім қабылдағанын жазды. Оның айтуынша, АҚШ Ауғанстанның 7 миллиард доллар валюта резервін қайтарғысы келмей отыр. Ал осы уақытта "Әл-Каидамен" (Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік топ) тығыз байланысты "Хаккани" желісі де күшейіп жатыр. Ауғанстандағы пайдалы қазбаларды өндіру және трансауған темір жол құрылысы (ресейлік және өзбек мамандарының қатысуымен) сынды халықаралық жобаларды жүзеге асыруға қауіпсіздік мәселесіне кедергі болып отыр. Алғашқы жарты жылда тәлібтердің билігін ешбір мемлекет мойындаған жоқ. РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Вершинин үнділік серіктестерімен жүргізілген келіссөз қорытындысы бойынша Мәскеу мен Нью-Дели тәлібтерді мойындайтын уақыт әлі жетпегінін мәлімдеді. Әлім қауымдастығы ауған билігінен инклюзивті үкіметті, азаматтардың (әйелдер мен ер адамдардың) құқықтарын сақтауды, терроризм және есірткі саудасына қарсы күрес жүргізуді талап етіп отыр. Ресейлік сарапшы Хроленконың пікірінше, Ауғанстандағы бүгінгі ахуал мен Орталық Азия елдеріне төнген қауіп ҰҚШҰ-ны әскери өзара әрекеттестікті нығайтып, барлау деректерін бөлісуге және ауған шекарасына жақын маңда бірлескен әскери маневр жүргізуге мәжбүрлеп отыр. Соның ішінде, тәжік территориясына ерекше мән беріліп отыр. Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
https://sputnik.kz/20211224/Terrorister-pana-Auganstan-Ortalyk-Aziya-18975390.html
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18110770_171:0:2900:2047_1920x0_80_0_0_b8ea9e2126ce03a47277f53c9926d707.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауғанстан
Ауғанстандағы қару-жарақ өңірдегі тұрақтылыққа кедергі болып отыр
Тәлібтер билікті тартып алғаннан кейін Ауғанстанда соғыс әрекеттерінің қарқыны біршама бәсеңдеді. Дегенмен қарулы зорлық-зомбылық, есірткі тасымалы мен америкалық қару саудасы, жиырмаға жуық террористік ұйымның қаупі әлі сақталып отыр
Тәлібтерге (Талибан – террористік қызметі үшін БҰҰ санкция енгізген ұйым) қарсы халықтың тойтарыс беруі күшейіп жатыр, елдегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы ресейлік әскери шолушу Александр Хроленко жазды.
Сарапшының мәліметінше, Пәкістан ІІМ басшысы Рашид Ахмед өткен сенбіде пәкістандық тәлібтер Ауғанстанда қалып кеткен НАТО қару-жарағын сатып алып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қарулы содырлар Ауғанстан аумағынан Пәкістанға өтіп, провинцияларға шабуыл жасап, қайтадан кері қайтып жатыр.
Ауған тәлібтерінің өкілі Билал Карими бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда 2021 жылдың тамызында ауған жерінен кеткен америкалық әскерилердің үлкен арсеналының заңсыз айналымына таңғалатын ештеңе жоқ. Бұл "экспорт" іргелес жатқан елдерге үлкен қауіп төндіріп тұр. Жалпы қазір Орталық Азияда түрлі экстремистік топтың "жасырын ұяшықтары" көбейіп жатыр.
"Біраз бұрын тәлібтердің өкілі Забибулла Муджахид Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерге Ауғанстаннан шыққан содырлар қатысты деген ресейлік ресми тұлғалардың пікірін толығымен жоққа шығаратынын айтты. Ол тәлібтер Ауғанстан территориясын басқа бір елге зиян келтіру мақсатында қолдануға ешқашан жол бермейтінін атап өтті. Бірақ мұндай мәлімдемені ресейлік ресми тұлғалар емес, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Қалай болғанда да, мұндай оқыс аласапыран Тәжікстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда да болуы ықтимал", - деп жазды Хроленко.
Пәкістанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Моид Юсуф қаңтардың соңында көрші елдегі билікке тәлібтердің келуіне Исламабад "оң көзқарас танытпай отырғанын" ашық айтты. БҰҰ тәлібтер Ауғанстандағы терроризмге қарсы күрес жүргізбей жатқанын атап өтті.
Керісінше, шетелдік содырлар бұл елде өздерін тым еркін сезінеді. Түрмедегілерді босатқаннан кейін ДАИШ трансұлттық тобының қатарындағылар саны 2 200-ден 4 000 адамға дейін артты. "Әл-Каиданың" жүздеген содыры Газни, Гильменд, Кандагар, Нимроз, Пактика, Забуль ауған провинцияларында жатыр. Орталық Азия елдерінің Ауғанстандағы елшілігі осы аталған террористік ұйым көшбасшыларының Кабулға еш кедергісіз барып-қайтуына алаңдаушылық танытып отыр.
Сарапшы Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды еш асыра сілтеусіз-ақ гуманитарлық апат деп атауға болатынын жазды. Оның пікірінше, елдің басым бөлігіндегі халық тәлібтердің идеологиясы мен саясатын қабылдамай отыр. Бұрынғы үкімет армиясының әскерилері мен полиция қызметкерлері репрессияға ұшырап, тәлібтер қоғамдағы әйел рөлін толығымен жоққа шығарды. Мазари-шарифте тәлібтерге қатысты қарсылық акциясын ұйымдастырған жас қыз-келіншектерді ұрлап әкетіп, өлтіріп тастады.
Sky News басылымы 12 жастағы балаларды қамауда ұстап отырған Гераттағы тәліб түрмесінің суретін жариялады. Мұның барлығы күннен-күнге күшейіп жатқан халық қарсылығының қарқынды болуына алып келетіні анық. "Тәлібтер 40 миллион халқы бар Ауғанстанның бұрынғы діни, мәдени және ұлттық дәстүрін есепке алмай, шектен тыс қатыгездік танытып отыр. Елде бейбітшілік пен экономиканың дамуынан гөрі азаматтық соғыс тұтануына әлеуметтік-экономикалық себеп әлдеқайда көп. Ақпанның басында тәлібтерге тойтарыс беру мақсатында жаңадан "Ауған бостандық майданы" шебі құрылды", - деп жазған шолышу Александр Хроленко.
Панджшер провинциясында Ахмад Масуд жетекшілік ететін Ауғанстанның халық қарсылығы майданы тәлібтермен соғыс жүргізуді тоқтатқан жоқ. Жақын уақытта бұл майдан елдің бүкіл аумағындағы радикалдарға соққы жасауды жоспарлап отыр.
Әскери шолушы аш қалған ауған балаларын құтқару және халыққа гуманитарық көмек берудің орнына Батыс елдері Кабулдан Ванкуверге 300-ге жуық ит пен мысықты арнайы рейспен жеткізу туралы шешім қабылдағанын жазды. Оның айтуынша, АҚШ Ауғанстанның 7 миллиард доллар валюта резервін қайтарғысы келмей отыр. Ал осы уақытта "Әл-Каидамен" (Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік топ) тығыз байланысты "Хаккани" желісі де күшейіп жатыр.
Ауғанстандағы пайдалы қазбаларды өндіру және трансауған темір жол құрылысы (ресейлік және өзбек мамандарының қатысуымен) сынды халықаралық жобаларды жүзеге асыруға қауіпсіздік мәселесіне кедергі болып отыр. Алғашқы жарты жылда тәлібтердің билігін ешбір мемлекет мойындаған жоқ.
РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Вершинин үнділік серіктестерімен жүргізілген келіссөз қорытындысы бойынша Мәскеу мен Нью-Дели тәлібтерді мойындайтын уақыт әлі жетпегінін мәлімдеді. Әлім қауымдастығы ауған билігінен инклюзивті үкіметті, азаматтардың (әйелдер мен ер адамдардың) құқықтарын сақтауды, терроризм және есірткі саудасына қарсы күрес жүргізуді талап етіп отыр.
Ресейлік сарапшы Хроленконың пікірінше, Ауғанстандағы бүгінгі ахуал мен Орталық Азия елдеріне төнген қауіп ҰҚШҰ-ны әскери өзара әрекеттестікті нығайтып, барлау деректерін бөлісуге және ауған шекарасына жақын маңда бірлескен әскери маневр жүргізуге мәжбүрлеп отыр. Соның ішінде, тәжік территориясына ерекше мән беріліп отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы