Террористерге пана болған Ауғанстан Орталық Азияға қауіп төндіріп тұр

© AFP 2024 / HOSHANG HASHIMIБоевик Талибана* на улице афганского города
Боевик Талибана* на улице афганского города - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2021
Жазылу
Тәлібтердің қол астындағы Ауғанстан көрші елдерге төнген террористік қауіп-қатердің көзі болып қала береді және бұл мәселені жеке гуманитарлық акциялармен немесе ақша транштарымен шешу мүмкін емес
"Аль-Каида"* деңгейіндегі халықаралық террористік ұйымдар тәлібтердің жеңісін билікті басып алу мен "әмірлік" құрудың ортақ және еліктеуге лайықты үлгісі ретінде бағалайды. Бұл ретте Ауғанстанмен шекаралас Орталық Азия елдері "жиһадты" жалғастыруға ыңғайлы алаң ретінде қарастырылады.
22 желтоқсанда Ресей СІМ басшысының орынбасары Олег Сыромолотов: "Ауғанстанды Сириядан кейінгі фундаменталистік мемлекет құру үшін тағы бір алаң ретінде қарастыратын және өз жақтастарын осы табысты басқа елдерде қайталауға шақыратын түрлі радикалды топтар ақпарат кеңістігінде қаскүнем әрекеттерін күшейтті", деп мәлімдеді.
Боевик Талибана* на улице афганского города - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Путин мен Джонсон Ауғанстан жайын талқылады
Бір күн бұрын Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу үдеп келе жатқан қауіп-қатер туралы: "Ауғанстандағы жағдайдың тұрақсыздығы терроризм мен есірткіні ҰҚШҰ елдеріне экспорттау қаупін тудырады. Жағдайды мұқият қадағалап, әскери қауіпсіздіктің барлық қатеріне қарсы жедел әрекет етеміз",  деді.
2021 жылдың тамыз айында тәлібтердің билікке екінші рет келуі көпшілікті қуантпағаны анық. "Ұлт-азаттық қозғалыстың" молдаларымен (саяси өкілдерімен) халықаралық байланыс, түрлі алаңдардағы келіссөз мәжбүрлі сипатта болды және солай бола бермек. Тәлібтер 20 жыл соғысты, одан өзге қолынан келер қайран жоқ. "Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар" шаққа барынша қарсыласып келеді. Апиынды көкнар өсіруден өзге өндіріс түрімен таныс емес. Экономикасының мүгедектігі, көрші елдерге де қауіп төндіріп тұрған баяу гуманитарлық апат – осының салдары.
40 миллион халқы бар Ауғанстанда оқиғалардың бұлай дамуы ауған жеріндегі ондаған террористік ұйымның мүддесіне толығымен жауап береді, бірақ әлемдік қауымдастықтың көңілінен мүлдем шықпайды. Кабулды гуманитарлық көмекпен, ақшамен "емдеуге" тырысып жатыр - 2022 жылы БҰҰ ең қорғалмаған ауғандарды қолдау үшін 4,5 миллиард доллар сұрауға ниетті. Бұл ұйым тарихындағы ең ауқымды көмек болмақ.

Гуманитарлық эмиссия

22 желтоқсанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тәлібтерге қатысты санкциялар режимінен "гуманитарлық алып тастау" туралы қарар қабылдады, яғни енді Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету елдің барлық активін тоқтату туралы талапты бұзу болып табылмайды. Сонымен қатар, БҰҰ тәлібтерге келесі жылы Ауғанстандағы нысандарын қорғау үшін 6 миллион доллар ұсынды. Керағар жағдай, өйткені Ауғанстан ішкі істер министрлігінің қазіргі басшысы Сираджуддин Хакканиді АҚШ-тың федералдық тергеу бюросы (ФБР) іздеу үстінде және оны ұстауға көмектескендерге 10 миллион доллар сыйақы уәде етілген.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2021
Саясат
Министр Ауғанстан Қазақстаннан қандай көмек сұрағанын айтты
Ауғанстанға Жапония 100 миллион доллар және Канада 56 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек бермекке уәде етеді. Тіпті Америка Құрама Штаттары 23 желтоқсанда тәлібтермен және "Хаккани желісімен"* гуманитарлық қаржылық операциялар жасауға рұқсат берді. Шынында да, Ауғанстанға 20 жыл бойы осы елді құлдыратқандар көмектесуі керек. Ресей президенті Владимир Путин бұл туралы 23 желтоқсандағы үлкен баспасөз мәслихатында еске салды.
Екінші жағынан, біз Вашингтонның террористік ұйымдарды қаржыландыруының белгілерін байқаймыз. Естеріңізге сала кетейін, 2001 жылдың қыркүйегінде президент Джордж Буш АҚШ-тағы террористер мен олардың жақтастарының мүлкін бұғаттау, олармен барлық іскерлік және қаржылық операцияға тыйым салу туралы N 13224 Жарлығын шығарды. Америкалықтардың өз заңнамасын айналып өтуі жүйелік дағдарысты көрсетеді. Ең бастысы, "гуманитарлық" ақшамен тәлібтер режимін жұмсартудың барлық әрекеті деструктивті екені анық.
"Әмірліктің" қазіргі билігі халыққа нан таратудан гөрі әуе күштерін қалпына келтіруге, жаңа армия құруға, репрессивті полиция аппаратын нығайтуға көбірек мүдделі. БҰҰ-ның гуманитарлық акциялары ауғандардың көпшілігіне көмектесуі екіталай.
Тәлібтер халықтан тым алыс, губернаторлар мен лауазымды шенеуніктер мыңдаған доллар жалақы алады. Ал ауған әйелдерінің көпшілігіне (олардың саны - 19,7 миллион) "әмірлікте" жұмыс істеуге рұқсат етілмейді, оларға ер адамсыз жалғыз үйден шығуға тыйым салынады. Басқаша айтсақ, елдің жартысы үйқамақта отыр. Бұл жерде экономикалық даму туралы сөз болуы мүмкін емес.
Люди в разрушенной взрывом мечети в провинции Кундуз  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Әлем
Ауғанстан мешітінде болған жарылыстың видеосы жарияланды
4,2 миллион ауған баласының мектепте оқуға мүмкіндігі жоқ, олардың 60 проценті – қыздар. Әйел мұғалімдер жетіспейді. Ал бұл қыздардың білім алу үшін міндетті шарттардың бірі.
Ауғанстандағы жаңа билік кезінде бұқаралық ақпарат құралдарының 70%-ке жуығы жабылды. Үш айдың ішінде 6 400-ден астам журналист жұмысынан айырылды, сегіз азаматтық белсенді және екі журналист қаза тапты, оппозиция емес, осы қоғамдық топтың 59 өкілі ұсталды.
Ауғанстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып қала отыр. Кедейлік халықтың едәуір бөлігін террористерге, есірткі бизнесіне көмектесуге итермелейді. Ерте ме, кеш пе тәлібтер үшін "дәстүрлі" діни обскурантизм, бейбіт тұрғындарға көрсетіліп жатқан зорлық-зомбылық және есірткі өндірісі көрші тұрған Орталық және Оңтүстік Азия елдеріне "төгіледі".
Қазір "әмірліктегі" жағдайды бәсекелес террористік топтар ушықтырып әлек. 23 желтоқсанда Кабулда тағы бір жарылыс болды. Жанкешті паспорт үстелінің жанында теракт жасады. 15 тамыздан кейін Ауғанстан астанасы мен провинцияларындағы барлық жарылысты ДАИШ* өз мойнына алады. "Аль-Каида"* әзірге көлеңкеде тұр.
* - РФ мен Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.
Жаңалықтар
0