Қоғам

Қазақ халқы Әбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығарып салды – фото

© Sputnik / Эдуард ГалеевӘбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығарып салу
Әбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығарып салу - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазылу
КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 2022 жылдың 5 ақпанында 98 жасқа қараған шағында дүниеден озды
АЛМАТЫ, 7 ақпан – Sputnik. Алматы жұртшылығы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығарып салды. Жазушымен қоштасу Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Қаралы жиынға жүздеген адам жиналды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© Sputnik / Эдуард ГалеевЖазушымен қоштасуға қала тұрғындары, марқұмның жақындары мен әдебиеттегі әріптестері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты
Әбдіжәміл Нұрпейісовті ақтық сапарға шығарып салу - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазушымен қоштасуға қала тұрғындары, марқұмның жақындары мен әдебиеттегі әріптестері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты
Жазушымен қоштасуға қала тұрғындары, марқұмның жақындары мен әдебитеттегі әріптестері, мемлекеттік хатшы Ерлан Карин, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Алматы әкімі Ерболат Досаев пен саясаткерлер Бақытжан Сағынтаев пен Қырымбек Көшербаев, Иманғали Тасмағамбетов қатысты. Мемлекеттік хатшы Ерлан Карин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып, марқұмның туыстарына табыстады.
"Аса көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек ері, халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Әбдіжәміл Кәрімұлы сұрапыл соғысты бастан кешіп, елге оралған соң қазақ әдебиетін өркендетуге сүбелі үлес қосты. Ұзақ жылғы шығармашылық қызметі жемісті болды. "Қан мен тер" трилогиясы, "Соңғы парыз" дилогиясы сияқты туындылары сыншылар мен оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Заман жүгін көтерген романдары әлемнің көптеген тіліне аударылды. Әбдіжәміл Кәрімұлының жаңа белесті бағындырған қазақ әдебиетін шетелге танытуға сіңірген еңбегі орасан зор. Ол ұлт руханиятының көшбасшысы болды. Ол – ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қуатты қаламгер. Өзі де қазақ әдебиетінің партиархына айналды. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің соңында ұрпаққа үлгі, ұлысқа игі болатын шығармалар қалды. Елге ес, сыртқа сес болған жазушының енді екінші өмірі басталды", - делінген мемлекет басшысының жеделхатында.
© Sputnik / Эдуард ГалеевЖазушымен қоштасу үшін Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрына келген жұрт
Жазушымен қоштасу үшін Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрына келген жұрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазушымен қоштасу үшін Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрына келген жұрт
Ерлан Карин өз атынан да қаралы қауымға көңіл айтып, жазушының бір ғасырлық өмір жолын айтып өтті.
"Қазақ жұрты өз Әбесін жоқтап отыр. Әбенің бір ғасырлық ғұмырына талай заман енді. Алаш қайраткерлерінің заманында дүниеге келіп, қуғын-сүргін, ашаршылық, соғыс нәубетін көріп, кеңес үкіметі кезінде әдебиетпен шұғылданды. Одан кейін тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалауға ат салысты, енді жаңа Қазақстанға қадам басқанда бақилық болды. Ағамыздың бір ғасырлық ғұмырына еліміздің, ұлтымыздың бір ғасырлық тарихы енді. Бір ғасырда қазақ халқы көрген нәубет пен жақсылықты бірге көрді, бірге көтерді, өз бойынан өткізді. Сондықтан бүгін біз Әбеңмен емес, тұтас бір дәуірмен қоштасып тұрмыз. Бұл – қазақ әдебиеті тарихындағы дәуір емес, ұлт руханиятының тарихындағы бір дәуір", - деді мемлекеттік хатшы Ерлан Карин.

Әзілі жарасқан Әбекең...

Қаралы жиында марқұмның өмірдегі рухани серігі, әдебиеттегі әріптесі халық жазушысы Дулат Исабеков де сөз сөйледі. Ол жиналғандарға Әбдіжәміл Нұрпейісовпен болған бір әңгімені айтып берді.
"...Бұл күнді де бастан кешіруімізге тура келді. Адам жүз жасай ма, Лұқпан Хакім сияқты мың жасай ма, о дүниеге аттанғанда бәрі үшін қайғы. Әбекең жайлы айтылар сөз көп. Бір ғасыр жасаған, бір ғасырды түгел әдебиетке ғана арнаған, басқаға мойын бұрмаған...бір сөзі үшін кітаптарын бір айға тоқтатуға дайын Әбекең бәріміздің ұстазымыз. Маған телефон соққанда "әй бала" деуші еді. Енді олай айтатын адам жоқ, бізді қартайтып кетті", - деді Дулат Исабеков.
Нұрпейісов – менің ұстазым, өмірдегі ақылшым, абызым, замандасым және құрдасым. Қандай әзіл айтсам да, жанына бататын әзіл айтсам да, басқа біреуге шап ете қалатын Әбекең маған күліп қана қоя салушы еді. Қазақстанда басқа жер жетпей қалғандай, Беларанда (Әбдіжәміл Нұрпейісов туған Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл – Sputnik) моласын салдырып қойды. Бір күні барсам, бұлқан-талқан болып ашуланып отыр.
© Sputnik / Эдуард ГалеевНұрпейісов – менің ұстазым, өмірдегі ақылшым, абызым, замандасым және құрдасым, деді Дулат Исабеков
Дулат Исабеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Нұрпейісов – менің ұстазым, өмірдегі ақылшым, абызым, замандасым және құрдасым, деді Дулат Исабеков
"Беларандағы моламды былтыр көріп едім, моламның мола сияғы жоқ. Құмға батып кеткен, әріптері түсіп қалған" деді. Беларанға барып жататын болсаңыз, ешкім бармайды дедім. (...) Әбеке, ол ауданның әкімін боқтауға болмайды. Өйткені ауданның бюджетінде тірі адамның моласын жөндеуге ақша қаралмаған. Моланы бульдозермен бұздырайын, бұздырғыңыз келмесе, ол жерге анда-санда барып жатып тұру керек дедім, деп еске алды Дулат Исабеков Әбдіжәміл Нұрпейісовпен әңгімесін.

Туған жерінен топырақ әкелді

Жазушымен қоштасу жиынында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова дарабоз тұлға, қарымды қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің классикалық шығармаларын жас ұрпаққа насихаттап отыру азаматтық парызға айналғанын айтты.
"Әбдіжәміл аға шығармашылық ғұмырының тең жартысын туған жері Аралға арнады. Қаламын найзадай білеп, сеңдей жарылып, Аралға араша түсуі – жазушы ғұмырының соңғы парызы болды. Алаш алыптарына тән ірілік, кеңдік, парасаттылық, зиялылық бір бойынан табылған. Өзгеге де, өзіне де қатаң талап қойып, көркем сөздің беделін биіктеткен Әбдіжәміл ағаның ендігі дәуірі шексіздікке ұласты", - деді Қызылорда облысының әкімі.
Гүлшара Әбдіқалықова жазушы жерлеу рәсіміне қатысуға Сыр елінен бір топ жерлесі келгенін айтты. Сондай-ақ халық жазушысының туған жері Белараннан топырақ әкелінгенін жеткізді. Қаралы жиында марқұмның шығармашылық жолындағы елеулі еңбегін ортаға шығып айтқандар қатарында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, мемлекеттік қайраткер Қырымбек Көшербаев та бар. "Жұлдыз" журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, мемлекет қайраткері Құдайберген Саржанов және Иманғали Тасмағамбетов жазушы туралы естелігін бөлісті.
© Sputnik / Эдуард ГалеевӘбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасу
Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасу - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Әбдіжәміл Нұрпейісовпен қоштасу
Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов Алматыдағы "Кеңсай - 2" зиратына жерленеді.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірбаяны

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. Ата-бабасы Арал маңында ежелден қоныстанған. Әбдіжәміл Нұрпейісов орта мектепті тәмамдаған бойда армия қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына аттанды. Қысқа мерзімді курстарды бітіргеннен кейін Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курлянд плацдармындағы шайқастарға қатысты.
"1943 жылдың наурыз айында лейтенант болдым. Әуелі ұшқыштар курсын оқыттым. Курс маған қиын болды. Әуеге көтерілген кезде көп құсатын едім. Ұшақты қондыру да маған қиынға соғатын, – дейді жазушы. 1946 жылы желтоқсанда әскерден босанған Әбдіжәміл армия қатарында жүріп бастаған "Курляндия" романын жазуға кіріседі. Оны бітіріп баспаға берген соң, бір жыл Қазақ мемлекеттік университетінде оқиды. 1954 жылы Әбдіжәміл Нұрпейісов Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет институтына түсіп, 1956 жылы бітіреді. 1962-1964 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының органы – "Жұлдыз" журналының бас редакторы болып істейді, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады.
1964 жылдан бері ұзақ жылдар бойы бірыңғай шығармашылық қызметпен шұғылданады. Халықаралық ПЕН клубын ұйымдастырып, оның президенттігіне сайланады. 2000 жылы ПЕН клубының жанынан "Таң-Шолпан" журналын шығарады. XX ғасыр қазақ әдебиетіне мол сыбаға қосқан Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен тер" трилогиясы, жазушының басқа да шығармалары отыз шақты шетел тіліне аударылып, ұлттық әдебиетімізді дүниежүзіне танытты. "Соңғы парыз" дилогиясы да әлем әдебиетшілерінің үздік бағасына ие болды. Әбдіжәміл Нұрпейісов КСРО мемлекеттік сыйлығын үш қазақтың бірі. Одан бөлек бұл сыйлықты Мұхтар Әуезов пен Жұбан Молдағалиев алған.
Классик жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 2022 жылдың 5 ақпанында 98 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Әбдіжәміл Нұрпейісов - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2022
Қоғам
Классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды
Жазушының өмірбаяны туралы толық мына жерден оқуға болады.
Жаңалықтар
0