https://sputnik.kz/20220205/zhazushy-abdizhamil-nurpeyisov-dunieden-ozdy-22548317.html
Классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды
Классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды
Sputnik Қазақстан
Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жеткізді 05.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-05T11:07+0500
2022-02-05T11:07+0500
2022-02-05T11:20+0500
қоғам
жазушы
әбдіжәміл нұрпейісов
https://sputnik.kz/img/716/54/7165441_0:84:1498:927_1920x0_80_0_0_a6162e7342eae21f6142711e1b8a0d27.jpg
АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. 98 жасқа қараған шағында классик жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды. Қаралы хабарды Жазушылар одағы жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жерде туған.1942–1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.1956 жылы Мәскеудегі Горький атындағы әдебиет институтын бітірген, 1962–1964 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды.1992 жылдан халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті, 2000 жылдан "Таң-Шолпан" журналы редакторлар кеңесінің төрағасы болған.Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастады. Тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған "Курляндия" романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. "Курляндия" романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы "Күткен күн" деген атпен қайта жариялады."Қан мен тер" трилогиясы (1-кітап – "Ымырт", 1961 жылы; 2-кітап – "Сергелдең", 1964 жылы; 3-кітап – "Күйреу", 1970 жылы) және "Сең" (1983 жылы), "Соңғы парыз" (1999 жылы) романдары дүниежүзі халықтарының көптеген тіліне аударылған.1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың "За честь и достоинство", 2003 жылы Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды.Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы" (1984 жылы), "Отан" (1994 жылы) ордендері және медальдармен, РСФСР Жоғарғы кеңесі президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы құрметті атағы берілді.2019 жылы Қазақстанның құрметті жазушысы болды.
https://sputnik.kz/20211221/2021-zhyl-arda-azamattar-18929283.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/716/54/7165441_88:82:1312:1000_1920x0_80_0_0_db779460b03b350756762dfcc8ae26d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
классик жазушы әбдіжәміл нұрпейісов қан мен тер
классик жазушы әбдіжәміл нұрпейісов қан мен тер
Классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды
11:07 05.02.2022 (жаңартылды: 11:20 05.02.2022) Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жеткізді
АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. 98 жасқа қараған шағында классик жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов дүниеден озды. Қаралы хабарды Жазушылар одағы жеткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жерде туған.
1942–1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1956 жылы Мәскеудегі Горький атындағы әдебиет институтын бітірген, 1962–1964 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды.
1992 жылдан халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті, 2000 жылдан "Таң-Шолпан" журналы редакторлар кеңесінің төрағасы болған.
Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастады. Тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған "Курляндия" романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. "Курляндия" романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы "Күткен күн" деген атпен қайта жариялады.
"Қан мен тер" трилогиясы (1-кітап – "Ымырт", 1961 жылы; 2-кітап – "Сергелдең", 1964 жылы; 3-кітап – "Күйреу", 1970 жылы) және "Сең" (1983 жылы), "Соңғы парыз" (1999 жылы) романдары дүниежүзі халықтарының көптеген тіліне аударылған.
1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың "За честь и достоинство", 2003 жылы Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды.
Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы" (1984 жылы), "Отан" (1994 жылы) ордендері және медальдармен, РСФСР Жоғарғы кеңесі президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.
1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы құрметті атағы берілді.
2019 жылы Қазақстанның құрметті жазушысы болды.