Әлем

Терең құдыққа құлап түскен бес жасар бала көз жұмды

© REUTERS / Chouf TVСпасатели пытаются освободить мальчика , упавшего в колодец в Шефшауэне, Марокко , 4 февраля 2022 года
Спасатели пытаются освободить мальчика , упавшего в колодец в Шефшауэне, Марокко , 4 февраля 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2022
Жазылу
Райянды құтқарушылар құдықтан алып шыққанымен, оның жаны ауруханада үзіліп кетті
НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Мароккода 32 метрлік құдыққа құлап түскен ұл бала көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости.
Марокко корольдігінің канцеляриясы жексенбіге қараған түні Райянді құтқарушылар құдықтан алып шыққанын, алайда оның көп ұзамай ауруханада көз жұмғаны туралы ақпарат таратты.
"Король Мохаммед VI баланың ата-анасына көңіл айтты", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ол құтқарушыларға алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Марокконың солтүстігінде құтқарушылар төрт күн бұрын 32 метрлік құдыққа құлаған бес жасар балаға көмектесуге тырысты.
Оқиға Марокконың Шефшауэн деген шағын қаласында болды. Құтқарушылар асқан сақтықпен жұмыс істеген еді. Себебі баланың үстін топырақ басып қалу қаупі бар болатын.
Жаңалықтар
0