https://sputnik.kz/20220205/marokko-bala-kudyk-22551853.html
Терең құдыққа түсіп кеткен баланы төрт күннен бері алып шыға алмай жатыр
Терең құдыққа түсіп кеткен баланы төрт күннен бері алып шыға алмай жатыр
Sputnik Қазақстан
БАҚ-тың хабарлауынша, бала тірі, бірақ басынан жарақат алған. Құдықтың жоғарғы жағынан оған су мен тамақ жіберілді 05.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-05T14:31+0500
2022-02-05T14:31+0500
2022-02-05T14:31+0500
әлем
бала
құдық
https://sputnik.kz/img/702/33/7023367_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_a636edddf52e231a7d3ff4834fedf2b1.jpg
АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. Марокконың солтүстігінде құтқарушылар төрт күн бұрын 32 метрлік құдыққа құлаған бес жасар балаға жетуге тырысып жатыр. Бұл туралы жергілікті Hespress газеті хабарлады.Оқиға Марокконың Шефшауэн деген шағын қаласында болды. Райян есімді баланы құтқару операциясы төрт күннен бері жалғасып жатыр. Құтқару жұмыстарын топырақ эрозиясы қиындатып отыр. Құтқарушылар асқан сақтықпен жұмыс істеп жатыр, себебі баланың үстін топырақ басып қалмауы керек.Баланы құтқаруға экскаваторлар тартылған. Олар балаға жету үшін қазу жұмыстарын жүргізіп жатыр.Осыған ұқсас оқиға дәл үш жыл бұрын Испанияда болған. Екі жасар Хулен тереңдігі 100 метр және ені 25 сантиметр техникалық құдыққа түсіп кеткен. Жергілікті басылымдар оның серуендеп жүріп құлағанын жазды. Баланы шығаруға 300-ге жуық құтқарушы мен азаматтық гвардия қызметкерлері жұмылдырылды.Бір сәтте баланың жылаған дауысы естіліп, артынша тоқтаған. Шамамен екі аптадан кейін баланың қайтыс болғаны белгілі болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/702/33/7023367_91:0:1228:853_1920x0_80_0_0_843e978506d873b48103377a6c54fccd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, құдық
Терең құдыққа түсіп кеткен баланы төрт күннен бері алып шыға алмай жатыр
БАҚ-тың хабарлауынша, бала тірі, бірақ басынан жарақат алған. Құдықтың жоғарғы жағынан оған су мен тамақ жіберілді
АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. Марокконың солтүстігінде құтқарушылар төрт күн бұрын 32 метрлік құдыққа құлаған бес жасар балаға жетуге тырысып жатыр. Бұл туралы жергілікті
Hespress газеті хабарлады.
Оқиға Марокконың Шефшауэн деген шағын қаласында болды. Райян есімді баланы құтқару операциясы төрт күннен бері жалғасып жатыр. Құтқару жұмыстарын топырақ эрозиясы қиындатып отыр. Құтқарушылар асқан сақтықпен жұмыс істеп жатыр, себебі баланың үстін топырақ басып қалмауы керек.
Баланы құтқаруға экскаваторлар тартылған. Олар балаға жету үшін қазу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Осыған ұқсас оқиға дәл үш жыл бұрын Испанияда болған. Екі жасар Хулен тереңдігі 100 метр және ені 25 сантиметр техникалық құдыққа түсіп кеткен. Жергілікті басылымдар оның серуендеп жүріп құлағанын жазды. Баланы шығаруға 300-ге жуық құтқарушы мен азаматтық гвардия қызметкерлері жұмылдырылды.
Бір сәтте баланың жылаған дауысы естіліп, артынша тоқтаған. Шамамен екі аптадан кейін баланың қайтыс болғаны белгілі болды.