https://sputnik.kz/20220205/ortasha-zhalaqy-shyn-maninde-qansha-tenge-22547948.html
"40 мың алатындар да бар": орташа жалақы мөлшері шын мәнінде қанша теңге?
"40 мың алатындар да бар": орташа жалақы мөлшері шын мәнінде қанша теңге?
Sputnik Қазақстан
Тамағыңа тартсаң, пәтеріңе жетпейді. Пәтеріңе тартсаң, суыңа жетпейді, дейді тұрғындар 05.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-05T10:52+0500
2022-02-05T10:52+0500
2022-02-05T10:56+0500
экономика
қазақстан
орташа жалақы
https://sputnik.kz/img/673/89/6738942_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_b03432d1080ddd7c23cddcce4ac0817b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросыапта басындаелде орташажалақы мөлшері275 мыңтеңгеге жеткенінхабарлады.Статистикаға қарағанда жұмысшылардың айлық табысы анағұрлымөскен. Алайдабұқара бұлсандарға сенбейді. Өткен аптадамәжіліс депутатыда бұларғашүйлігіп еді. "Өтірік мәлімет таратады" деп сөккен.Статистика бюросы маусым сайын елдегі орташа жалақы мөлшерін жариялап тұрады. Осы жолы бұқараның айлық табысы 275 мың теңгеден асты деді. Естіген жұрт "ду" ете қалды, деп хабарлады Хабар 24.Халық "неге елді араламайды, жағдайды неге көзбен көрмейді" деп ашуланды. Өткен аптада мәжіліс депутаты да шамырқанып еді."Ұлттық статистика бюросы былтыр елдегі орташа жалақы мөлшері 257 мың теңге деп мәлімет таратты. Шыны керек, бұқараны айтпағанда, бұған статистика жүргізіп отырған мамандардың өзі сенбейді. Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездескенде айтты ғой. "Халықтың дені ай сайын 50 мың теңге алады. Бұған өмір сүруге болмайды" деді. Статистика елдің шынайы өмірін көрсету керек. Ал қазіргі сандарды құдды аспаннан алғандай", - деді парламент мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?! Депутаттар "елдің жағдайы қағазда жазылғандай болса, бұлқынбас еді" деп отыр."Өмір көрсеткендей, халықтың жаппай кедейленуі мемлекетке өте қымбатқа түседі! Ішкі жалпы өнімнің еселеп өсуіне қарамастан Қазақстан ондаған жыл бойы кедейлік шегін көтермей келеді. Бүгінде Қазақстан ең төменгі күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі және Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің деңгейінде тұр", - дейді мәжіліс депутаты Ерлан Саиров."Мынаның жалақысы көбірек, ал мынау азырақ алады"деп жіліктеп жазып жүрген мамандар орташа жалақыны қалай есептейтінін түсіндірді.Мұндай әдіс көптеген елде кеңінен қолданылады. Бірақ солардың дені дамыған елдер. Көшті алпауыттар бастайды. Ал Қазақсан сынды әлеуметтік теңсіздік белең алған елде бұл әдісті қолдану халықтың шынайы тұрмысын көрсетуге кедергі келтіріп отыр. Мұны статистика жүргізіп отырған мамандардың өзі мойындайды.Алмагүл Сәметова "елімізде мұндай жалақы алатындар қаншама?" деген сұраққа "халықтың шамамен 6 проценті" деп жауап берді.Жағдайы жұтаң жандар көбейіп кетсе, мемлекет келеңсіздікке тап болады. Бұл экономиканың қарапайым қағидасы. Бәлкім Қазақстанда шынымен орташа жалақы мөлшерін анықтаудың басқа әдісін қолданатын кез жеткен болар.Оқи отырыңыз: Мәжілісте жалақысы 120 мың теңгеден төмен азаматтарды табыс салығынан босату ұсынылды
https://sputnik.kz/20211005/Ministr-ortasha-zhalaqy-18318211.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/673/89/6738942_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_acc2282f32c94cab7a508cd97edff0b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орташа жалақы қазақстан экономика
орташа жалақы қазақстан экономика
"40 мың алатындар да бар": орташа жалақы мөлшері шын мәнінде қанша теңге?
10:52 05.02.2022 (жаңартылды: 10:56 05.02.2022) Тамағыңа тартсаң, пәтеріңе жетпейді. Пәтеріңе тартсаң, суыңа жетпейді, дейді тұрғындар
НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросыапта басындаелде орташажалақы мөлшері275 мыңтеңгеге жеткенінхабарлады.
Статистикаға қарағанда жұмысшылардың айлық табысы анағұрлымөскен. Алайдабұқара бұлсандарға сенбейді. Өткен аптадамәжіліс депутатыда бұларғашүйлігіп еді. "Өтірік мәлімет таратады" деп сөккен.
Статистика бюросы маусым сайын елдегі орташа жалақы мөлшерін жариялап тұрады. Осы жолы бұқараның айлық табысы 275 мың теңгеден асты деді. Естіген жұрт "ду" ете қалды, деп хабарлады
Хабар 24."Жұмысшылардың айлығы – 60-70 мың. Қазақстанда орташа жалақы 250 мың теңге дегенге мен келісе алмаймын. Тамағыңа тартсаң, пәтеріңе жетпейді. Пәтеріңе тартсаң, суыңа жетпейді... Балалардың сабағына төлеу керек, тамақ алу керек, квартплата төлеу керек. Кейбіреулер 50 мың алады, 40 мың алатындар да бар ғой. Орташа 250 мың дегенге сенбеймін. Мейлі сөк, мейлі мақта – бұл "сандыраққа" сенбейміз", - дейді тұрғындар.
Халық "неге елді араламайды, жағдайды неге көзбен көрмейді" деп ашуланды. Өткен аптада мәжіліс депутаты да шамырқанып еді.
"Ұлттық статистика бюросы былтыр елдегі орташа жалақы мөлшері 257 мың теңге деп мәлімет таратты. Шыны керек, бұқараны айтпағанда, бұған статистика жүргізіп отырған мамандардың өзі сенбейді. Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездескенде айтты ғой. "Халықтың дені ай сайын 50 мың теңге алады. Бұған өмір сүруге болмайды" деді. Статистика елдің шынайы өмірін көрсету керек. Ал қазіргі сандарды құдды аспаннан алғандай", - деді парламент мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.
Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?! Депутаттар "елдің жағдайы қағазда жазылғандай болса, бұлқынбас еді" деп отыр.
"Өмір көрсеткендей, халықтың жаппай кедейленуі мемлекетке өте қымбатқа түседі! Ішкі жалпы өнімнің еселеп өсуіне қарамастан Қазақстан ондаған жыл бойы кедейлік шегін көтермей келеді. Бүгінде Қазақстан ең төменгі күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі және Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің деңгейінде тұр", - дейді мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.
"Мынаның жалақысы көбірек, ал мынау азырақ алады"деп жіліктеп жазып жүрген мамандар орташа жалақыны қалай есептейтінін түсіндірді.
"Елімізде айлық табысы көбірек және аздау жалақы алатындар бар. Солардың айлығын қосамыз. Шыққан жалақы қорын айлық алатын адамдардың санына бөлеміз. Сол кезде осындай сандар шығады. Мұндай әдісті көптеген ел қоланады. Мұны ортақ тәсіл деуге болады", - дейді Ұлттық статистика бюросы департаментінің бас сарапшысы Алмагүл Сәметова.
Мұндай әдіс көптеген елде кеңінен қолданылады. Бірақ солардың дені дамыған елдер. Көшті алпауыттар бастайды. Ал Қазақсан сынды әлеуметтік теңсіздік белең алған елде бұл әдісті қолдану халықтың шынайы тұрмысын көрсетуге кедергі келтіріп отыр. Мұны статистика жүргізіп отырған мамандардың өзі мойындайды.
Алмагүл Сәметова "елімізде мұндай жалақы алатындар қаншама?" деген сұраққа "халықтың шамамен 6 проценті" деп жауап берді.
Жағдайы жұтаң жандар көбейіп кетсе, мемлекет келеңсіздікке тап болады. Бұл экономиканың қарапайым қағидасы. Бәлкім Қазақстанда шынымен орташа жалақы мөлшерін анықтаудың басқа әдісін қолданатын кез жеткен болар.