Экономика

Министр орташа жалақы 350 мың теңгеден асатын өңірді атады

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2021
Жазылу
Ерғалиев 2025 жылға қарай облыстардың бірінің жалпы өңірлік өнімі 32 процентке ке өсетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Маңғыстау облысында орташа жалақы 353 мың теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өңірде 11 мың белсенді кәсіпорын жұмыс істейді. Жалдамалы жұмыскерлер саны – 291 мың адам. Орташа жалақы өңірде 353 мың теңгені құрайды", - деді Шәпкенов үкімет отырысында.

Айтуынша, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында 2025 жылға дейін 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін өңірде 150 мың тұрғын жұмыспен қамтылады. 7 мыңға жуық адам оқуға қатысады, оның ішінде 3,5 мыңы "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.

"Кешенді жоспар аясында қабылданатын шаралар 2025 жылы өңірдегі жұмыссыздық деңгейін 4,8%-тен аспайтын деңгейде ұстауға септігін тигізеді", - деді министр.

Бұған қоса ол облыстағы еңбек жанжалына тоқталды. Оның мәліметінше, жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде 22 еңбек жанжалы тіркелген. Жұмысшылар қоятын негізгі талап – жалақыны көтеру және еңбек жағдайын жақсарту.

Оқи отырыңыз: Президент 600 мың қазақстандықты қуантатын жаңалықты бөлісті 

Бұл бағытта кешенді жоспар аясында еңбек министрлігі Самұрық-Қазынамен бірлесіп, мердігерге берілетін тапсырыс көлемін 25%-тен аспайтын мөлшерде шектеу, конкурсқа қатысатын компанияларға қойылатын біліктілік талаптарын қатайту, конкурс өткізу кезінде жоғары жалақы төлейтін фирмаларға қосымша жеңілдіктер беру сияқты шараларды қарастырады, деп түйіндеді Шәпкенов.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2025 жылға қарай кешенді жоспар аясында өңірдің жалпы өңірлік өнімі 32%-ке, ал халықтың нақты табысы 40,3%-ке өсетінін атап өтті.

Жаңалықтар
0