Оқиға

Солтүстік Қазақстанда жол жиегінде келе жатқан ерлі-зайыптыны көлік қағып өлтірді

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Мас жүргізуші жол жиегінде келе жатқан ерлі-зайыптыны көрмеген
Мас жүргізуші жол жиегінде келе жатқан ерлі-зайыптыны көрмеген - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Жазылу
Медициналық тексеріс кезінде 32 жастағы жүргізушінің мас екені анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мас жүргізуші ауыл маңында жол жиегімен келе жатқан ерлі-зайыптыны қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Солтүстік Қазақстанда жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмды
Солтүстік Қазақстанда жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Солтүстік Қазақстанда жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмды
Ресми мәліметке сәйкес, трагедия Есіл ауданында болған. Оқиға орнында Волошинка ауылының екі тұрғыны көз жұмды.
"3 ақпанға қараған түні Ford Focus көлігінің жүргізушісі ауылдың жанында екі адамды басып кеткен. Медициналық тексеріс кезінде оның мас болғаны анықталды. Ол қамауға алынды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы, 4-тармағы (Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Волошинка ауылының 32 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.
© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Қайғылы оқиғаға себепкер болған көлік бірден екі адамның өмірін қиып, жыраға ұшып түсті
Қайғылы оқиғаға себепкер болған көлік бірден екі адамның өмірін қиып, жыраға ұшып түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2022
Қайғылы оқиғаға себепкер болған көлік бірден екі адамның өмірін қиып, жыраға ұшып түсті
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көлік мас күйінде жүргізген 50 адам ұсталды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматы бес адамның өліміне себепкер болды
Жаңалықтар
0