Оқиға

Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматы бес адамның өліміне себепкер болды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАрхивное фото большегрузов
Архивное фото большегрузов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Өлке ауылына жақын жерде Mercedes жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тасжолында болған жол апатынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, сенбі, 30 қаңтар күні кешкі сағат 19.20-да Өлке ауылына жақын жерде Mercedes жүк көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Рөлде Өзбекстан азаматы болған. Дәл алдынан Toyota Camry шыққан. Екі көлік бетпе-бет соқтығысты.
"Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктің 34 жастағы жүргізушісі және салонда отырған төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды", - дейді полицейлер. 
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапта бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетері, өткен аптада Қазақстанның батысында тура сондай жол апаты болды. 28 қаңтарда Өзбекстан азаматы MAN жүк көлігімен Атырау облысындағы Доссор – Бейнеу тасжолымен келе жатып, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Рөлде Алматы облысының тұрғыны болды. Оқиға орнында жүргізуші және салонда отырған төрт адам көз жұмды. Олардың ішінде кәмелетке толмаған екі бала бар.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адамның өмірін қиды
Жаңалықтар
0