https://sputnik.kz/20220203/uqk-qurylymy-ozgeredi-22462240.html
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы өзгереді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы өзгереді
Sputnik Қазақстан
ҰҚК органдарының құрылымын, міндеттері мен функцияларын оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды 03.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-03T09:55+0500
2022-02-03T09:55+0500
2023-08-09T09:35+0500
қоғам
өзгерістер
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/899/92/8999238_0:196:1011:764_1920x0_80_0_0_298750ebcc06874233286e7365c0c51f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекет басшысының мәжілісте және Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындауға кіріскенін хабарлады. Ведомствоның қызметі қайта қаралып, жұмыс форматы өзгертіледі.Мамандар мерроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметін қайта құру және нығайту мәселелерін бөлек-бөлек қарайды. Бүгінде жеке құрамның жауынгерлік дайындығын күшейту шаралары әзірленді.Ал терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операция кезіндегі бірлескен іс-қимылдары мен оны жетілдіру мәселесін талдауға кірісті."Бұл жұмыстың нәтижесінде ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылын ұйымдастырудың құрылымы мен тәсілдері қайта ұйымдастылады", - дейді комитет мамандары.Айта кетері, қаңтардағы оқиғалардан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған болатын. Одан бөлек, екі орынбасары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин қамауға алынды. Ал ҰҚК төрағасының тағы бір орынбасары Самат Әбіш (Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі) қызметтен босатылды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күш құрылымдарының, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін күшейтуді тапсырды.Оқи отырыңыз: Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік жүйесіне қандай өзгеріс қажет – сарапшылар пікірі
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/92/8999238_0:101:1011:859_1920x0_80_0_0_9bf7da92586ce0dd9eec558ad44d3a51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзгерістер, ұлттық қауіпсіздік комитеті
өзгерістер, ұлттық қауіпсіздік комитеті
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы өзгереді
09:55 03.02.2022 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023) ҰҚК органдарының құрылымын, міндеттері мен функцияларын оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды
НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекет басшысының мәжілісте және Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындауға кіріскенін хабарлады. Ведомствоның қызметі қайта қаралып, жұмыс форматы өзгертіледі.
"ҰҚК органдарының, оның ішінде Шекара қызметі мен "А" арнаулы мақсаттағы қызметінің құрылымын, міндеттері мен функцияларын бағалау және оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды", - делінген ресми хабарламада.
Мамандар мерроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметін қайта құру және нығайту мәселелерін бөлек-бөлек қарайды. Бүгінде жеке құрамның жауынгерлік дайындығын күшейту шаралары әзірленді.
Ал терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операция кезіндегі бірлескен іс-қимылдары мен оны жетілдіру мәселесін талдауға кірісті.
"Бұл жұмыстың нәтижесінде ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылын ұйымдастырудың құрылымы мен тәсілдері қайта ұйымдастылады", - дейді комитет мамандары.
Айта кетері, қаңтардағы оқиғалардан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған болатын. Одан бөлек, екі орынбасары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин қамауға алынды. Ал ҰҚК төрағасының тағы бір орынбасары Самат Әбіш (Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі) қызметтен босатылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күш құрылымдарының, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметін күшейтуді тапсырды.