Денсаулық

Коронавирус өкпені зақымдау қабілетінен айырылды

© Sputnik / Антон Вергун / Медиабанкке өтуМедицина қызметкерлері, архивтегі фото
Медицина қызметкерлері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2022
Жазылу
Коронавирус инфекциясы мутация барысында өкпе тіндеріне өту қабілетінен айырылды, ол жоғарғы тыныс алу жолдарын ғана зақымдайды
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Роспотребнадзор басшысы Анна Попова коронавирус инфекциясы мутация барысында өкпе тіндеріне өту қабілетінен айырылғанын мәлімдеді. "Омикрон" негізінен жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдап, ағзаға аса ауыр зиян келтіріп жатқан жоқ.
Оның айтуынша, түрлі елдегі ғалымдар вирус тұрақты түрде өзгеріп жатыр деген пікірмен бірауыздан келісіп отыр.
"Вирус өзін адам ағзасына бейімдейтін қолайлы форманы іздеп жатыр. Осы форманы, тиімді аминқышқылды құрамды іздеу кезінде вирус өкпе тініне енуге мүмкіндік беретін рецепторларының бірінен айырылып қалды", - деді Попова.
Ол "Омикрон" бұған дейін байқалған індеттің ауыр түрлерін асқындырмай, негізінен жоғары тыныс алу жолдарын зақымдап жатқанын айтты.
Роспотребнадзор басшысы жаңа штамм пайда болғанына көп уақыт өте қоймағандықтан ауру жұқтырғаннан кейін қандай асқыну болатынын болжау мүмкін емес екенін ескертті.
"Алдыңғы нұсқалары бір-біріне ұқсамайтын, түрлі асқынулар тудырғанын өзіміз көрдік. Сондықтан бүгінгі күні басты міндет – ауру жұқтырмау және ол үшін қолдан келгеннің барлығын жасау", - деп түйіндеді ол.
Коронавирустың "Омикрон" штамы немесе B.1.1.529 2021 жылдың қарашасында Ботсвана мен Оңтүстік Африка Республикасында анықталды.
Мамандардың айтуынша, ол бұрын ауырғандар мен вакцина салғызғандарға да жұғуы ықтимал. Жаңа штамм әлемнің 110 елінде тіркелді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Ол "Дельта" штамға қарағанда әлдеқайда жылдам таралады.
Оқи отырыңыз: Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр – министр
Жаңалықтар
0