https://sputnik.kz/20220201/Okushylar-koronavirus-ministr-19250044.html
Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр – министр
Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр – министр
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтыру деңгейінің өсуі оқушылар арасындағы эпидемиологиялық жағдайға әсер етті 01.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-01T08:29+0500
2022-02-01T08:29+0500
2023-08-09T09:58+0500
қоғам
коронавирус
оқушы
https://sputnik.kz/img/882/14/8821446_0:311:5910:3635_1920x0_80_0_0_4051571f748ccde4cd23e44ce61cf4ac.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда қаңтар айының ортасынан бастап вирус жұқтырған оқушылар саны көбейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігі балалардың, соның ішінде мектеп оқушыларының коронавируспен ауыру деңгейіне күнделікті мониторинг жасайды. Министрдің айтуынша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтыру деңгейінің өсуі оқушылар арасындағы эпидемиологиялық жағдайға әсер етті. "Қаңтар айының ортасынан бастап біз сырқаттанушылықтың айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. Соңғы аптада оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен ауыру 1,3 есе өсті", - деді Ғиният үкімет отырысында. Індетке шалдыққан оқушылардың дені Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында байқалып отыр. Осыған байланысты министр өңір әкімдерінен офлайн оқыту мен жастардың "омикрон" штамын тез жұқтыруын ескеріп, мектептерде санитарлық, дезинфекциялық талаптарды, маска режимін және өзге де профилактикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді сұрады. Сондай-ақ Ғиният ата-аналарды 12 жастан асқан балаларына вакцина егуге шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/882/14/8821446_325:0:5585:3945_1920x0_80_0_0_058699eb590be5f867297ebcc65fb6e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, оқушы
Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр – министр
08:29 01.02.2022 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) Министрдің айтуынша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтыру деңгейінің өсуі оқушылар арасындағы эпидемиологиялық жағдайға әсер етті
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда қаңтар айының ортасынан бастап вирус жұқтырған оқушылар саны көбейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі балалардың, соның ішінде мектеп оқушыларының коронавируспен ауыру деңгейіне күнделікті мониторинг жасайды.
Министрдің айтуынша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтыру деңгейінің өсуі оқушылар арасындағы эпидемиологиялық жағдайға әсер етті.
"Қаңтар айының ортасынан бастап біз сырқаттанушылықтың айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. Соңғы аптада оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен ауыру 1,3 есе өсті", - деді Ғиният үкімет отырысында.
Індетке шалдыққан оқушылардың дені Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында байқалып отыр.
Осыған байланысты министр өңір әкімдерінен офлайн оқыту мен жастардың "омикрон" штамын тез жұқтыруын ескеріп, мектептерде санитарлық, дезинфекциялық талаптарды, маска режимін және өзге де профилактикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді сұрады.
Сондай-ақ Ғиният ата-аналарды 12 жастан асқан балаларына вакцина егуге шақырды.