https://sputnik.kz/20220202/lukoyl-kazmnaygaz-zhobal-22437999.html
"Лукойл" мен "Қазмұнайгаздың" Каспийдегі бірлескен жобалары іске асырыла бастады
"Лукойл" мен "Қазмұнайгаздың" Каспийдегі бірлескен жобалары іске асырыла бастады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады. 02.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-02T12:52+0500
2022-02-02T12:52+0500
2022-02-02T13:03+0500
экономика
кен орыны
мұнай
қазмұнайгаз
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22435989_0:0:2217:1247_1920x0_80_0_0_3160d0c47aa43be37ecd28c232cbab51.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай компаниясының Қазақстандағы атқарып жатқан жұмыстарының қорытындылары және көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаларға қатысты жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді.Вагит Алекперов Қазақстан Президентіне "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен "Лукойл" жария акционерлік қоғамы арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. "Жеңіс" және "Әл-Фараби" жобалары аясындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталды. Сондай-ақ "Лукойл" мұнай компаниясы – "Қаламқас-теңіз" бен "Хазар" теңіз кен орындарын игеру жөніндегі стратегиялық серіктес.Мемлекет басшысы қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарын барынша тарту маңызды екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20211116/kazmnaygaz-Lukoyl-kalamas-Khazar-18668403.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22435989_8:0:1913:1429_1920x0_80_0_0_7eebf1fde0bfaa3c15bc75e6ec2bf270.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кен орыны, мұнай, қазмұнайгаз
кен орыны, мұнай, қазмұнайгаз
"Лукойл" мен "Қазмұнайгаздың" Каспийдегі бірлескен жобалары іске асырыла бастады
12:52 02.02.2022 (жаңартылды: 13:03 02.02.2022) НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Лукойл" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай компаниясының Қазақстандағы атқарып жатқан жұмыстарының қорытындылары және көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаларға қатысты жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді.
Вагит Алекперов Қазақстан Президентіне "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен "Лукойл" жария акционерлік қоғамы арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
"Жеңіс" және "Әл-Фараби" жобалары аясындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталды. Сондай-ақ "Лукойл" мұнай компаниясы – "Қаламқас-теңіз" бен "Хазар" теңіз кен орындарын игеру жөніндегі стратегиялық серіктес.
Мемлекет басшысы қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарын барынша тарту маңызды екенін атап өтті.