Қоғам

Адвокаттар Дикий Арманның қайда екенін айтты

© Photo : instagram/armandzhumageldievКриминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман)
Криминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман) - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Жазылу
Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 2 ақпанға қараған түні Алматыдағы тергеу изоляторынан жоғалып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Арман Жұмагелдиевтің адвокаттары жұмбақ жағдайда жоғалған қылмыс әлемінің серкесі қайда екенін білетінін айтты. Бірақ әзірге қорғаушыларды онымен кездестірмей жатыр.
"Бізге бейресми дереккөздерден Жұмагелдиевті Алматы ҰҚКД-ға әкелгені белгілі болды. Біз ғимаратқа кірдік, бірақ кезекші сәрсенбі – техникалық күн екенін айтты", - деді адвокат Талғат Есімов.
Кейінірек ол құқық қорғау органдары база арқылы 2 ақпанға қараған түні Жұмагелдиевті прокурор санкциясымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы департаментінің изоляторына орналастырғанын анықтағанын мәлімдеді.
Бұған дейін адвокаттар Арман Жұмагелдиев тергеушілермен жұмыс істеуге және куәлік беруге дайын екенін айтты.
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Қоғам
"Дикий Арман" екі айға қамауға алынды
Еске салсақ, 7 қаңтарда Дикий Арман бастаған алты адам Алматы полиция департаментінің арнайы операциясы барысында ұсталды. Күдіктілерден маркасы мен калибрі әртүрлі төрт жартылай автомат тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған автокөлік тәркіленді.
Құқық қоорғаушылардың мәліметінше, ұстау кезінде күдіктілер қарсылық көрсеткен.
Жаңалықтар
0