https://sputnik.kz/20220111/Dikiy-Arman-qamau-19113441.html
"Дикий Арман" екі айға қамауға алынды
"Дикий Арман" екі айға қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T15:08+0500
2022-01-11T15:08+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
терроризмге қарсы арнайы операция
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:39:1198:713_1920x0_80_0_0_e1ed06b7e9a810da3c75545d88d9a33c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Жуырда Алматыда арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.Айта кетері, Арман Жұмагелдиев көпшілікке "Дикий Арман" лақап атымен танымал.Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді. "Дикий Арманды" ұстау сәтінің суреттері жарияланды. Оларға қарағанда ұстау операциясы қонақүйлердің бірінде болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_1e52e600e4c7518e3a92c7fa368c3655.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция
терроризмге қарсы арнайы операция
"Дикий Арман" екі айға қамауға алынды
15:08 11.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Жуырда Алматыда арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Айта кетері, Арман Жұмагелдиев көпшілікке "Дикий Арман" лақап атымен танымал.
Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.
Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді. "Дикий Арманды" ұстау сәтінің суреттері жарияланды. Оларға қарағанда ұстау операциясы қонақүйлердің бірінде болған.