Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Назарбаевтың ескерткішін құлатқан: күдіктіні азаптау фактісі бойынша іс қозғалды

Жазылу
Батырбаев 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері ұрып-соққаны туралы айтқан
НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Бас прокуратура жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған адамды азаптау бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлері А.Б. Батырбаевты ұрып-соққаны туралы ақпарат таралып жатыр. Аталған азамат Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 22 қаңтарда ұсталған", - делінген ресми хабарламада.
Ал 23 қаңтарда жауап алу кезінде ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері өзіне дене жарақатын келтіргені туралы айтқан.
Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі А. Батырбаевтың арызы негізінде азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі кезде тергеу шаралары атқарылып жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың 5 қаңтарында Талдықорғанда наразылық білдірушілер Назарбаевтың ескерткішін бұзып тастаған. Азамат Батырбаев жүк көлігімен ескерткішті тартып құлатқан.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова Атырау қаласына барып, әлеуметтік желіде тараған мәліметті тексеріп келген.
Оның айтуынша, бас прокуратураға адам құқықтарын бұзу бойынша 91 арыз түскен. Соның ішінде азаптау әрекеттері де бар. 24 қаңтарға дейін 8 арыз бойынша Қылмыстық кодекстің 146-бабы (азаптау) бойынша тергеу шаралары басталды.
Осы істердің арасында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына жазылған 5 шағым бар.
Жаңалықтар
0