Қоғам

"Динамо" спортзалында митингке шыққандарды азаптады: омбудсмен Атырауға барды

© Sputnik / Владимир Воронин / Фотобанкке өтуАрхивное фото массовой драки
Архивное фото массовой драки - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Әлеуметтік желіде және бұқаралық ақпарат құралдарында спортзалға қатысты арыз-шағымдар әлі де жарияланып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова Атырау қаласына барып, әлеуметтік желіде тараған мәліметті тексерді.
Бұған дейін тәртіп сақшылары "Динамо" спортзалында митингке шыққан адамдарды азаптайды деген ақпарат тараған болатын. Атыраулықтар әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы полицейлердің қорлық көсеткенін және халықты соққыға жыққанын айтты. Әзімова осы ғимаратқа барып қайтты.
"Қазіргі кезде спортзал бос тұр. Ол жерде отырғандардың бәрін босатқан, я болмаса, тергеу изоляторына отырғызды. Эльвира Әзімова тергеу изоляторына барып, қамауға алынған адамдармен де сөйлесті. Олардың ішінде бес адам арыз жазды. Омбудсмен осы шағымдарды ішкі істер министрлігіне және бас прокуратураға беріп жіберді", - делінген омбдусменнің қызметі таратқан ресми хабарламада.
Бірақ әлеуметтік желіде және бұқаралық ақпарат құралдарында спортзалға қатысты арыз-шағымдар әлі де жарияланып жатыр.
"Енді, бұл жерде бас прокуратура барлық ақпаратты тексеріп, спортзалда болған адамдар - ұсталғандар, куәгерлер мен қызметкерлерден жауап алуы керек. Прокурорлық тексеріс адамдардың арыз жазғанын күтіп отырмауға тиіс. Прокуратураның конституциялық міндеті бар. Олар Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдылықтың сақталуын қадағалайды", - дейді Эльвира Әзімова.
Оның айтуынша, әлеуметтік желіде және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған әрбір арыз жан-жақты тексерілуі шарт.
Осы орайда адам құқықтары жөніндегі уәкіл тергеушілерге кәулік етуге және бас прокуратура жарияланған кезекші прокурорларға телефон арқылы хабарласуға қорықпау қажеттігін жеткізді.
"Ең бастысы, тексерістің нәтижесі бойынша халық алдында есеп берілуі керек", - деп атап көрсетті омбудсмен.
Қазіргі кезде ішкі істер министрлігіне жіберілген бес арыз бойынша ішкі қауіпсіздік қызметі тексерісті бастап кетті.
Айта кетері, бұған дейін бас прокуратура адам құқықтарын бұзу бойынша 91 арыздың түскенін мәлімдеді. Соның ішінде азаптау әрекеттері де бар. Бүгінде 8 арыз бойынша Қылмыстық кодекстің 146-бабы (азаптау) бойынша тергеу шаралары басталды.
Осы істердің арасында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына жазылған 5 шағым да бар.
Оқи отырыңыз: Әкімдер наразы халықпен тіл табыса алмады – сарапшылар негізгі себебін айтты
 
Жаңалықтар
0