Өңірлер

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған тұрғын ұсталды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді
АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған Алматы облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жібек жолы шекара бекетінен өткізу кезінде азаматтардың біріне “Кольт” атты қызметтік ит белгі берген. Полиция қызметкерлеріне хабар берілді.
Алматы облысының тұрғынын тінту кезінде оның сырт киімінің жеңінен қағазға оралған жасыл түсті есірткі затына ұқсас зат табылды.
Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат "гашиш" болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт Қылмыстық кодексінің 286-бабы (Айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0