Видео

Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі ұсталды – видео

Жазылу
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобының тағы бір байланысын анықтады. Ақтөбе қаласында есірткі өндіретін және сататын 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды
Ұстау кезінде одан синтетикалық есірткінің бес бір реттік дозасы, ал тұрғылықты жері бойынша тағы сегіз есірткі түйіні тәркіленді.
Сонымен қатар, қаланың әр жерінде тапсырыс бойынша дайындалған 55 жасырылған түйін тәркіленді.
Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы бір килограммға жуық есірткіні құрады. Есірткі өндіру фактісін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Осылайша, тағы бір есірткі зертханасы жойылды.
Естіркі сатумен айналысқан тұлғаның ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бары анықталды. 
Бұған дейін 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында бірқатар ірі ұстаулар болды.
Қылмыстық топтың әрбір қатысушысы өзіне бекітілген есірткіні өткізу аумағына жетекшілік етіп отырған, сондай-ақ, заттарды тасымалдау, дайындау және сақтау сияқты белгілі бір міндеттерді атқарған.
Жаңалықтар
0