Өңірлер

Алматыда жыл басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны 18 есе өсті

© Sputnik / Тимур БатыршинМолодые люди в масках, архивное фото
Молодые люди в масках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
"Омикрон" штамының 7 жағдайы анықталды. Жеті науқастың арасында 14 жасқа дейінгі балалар жоқ
АЛМАТЫ, 31 қаңтар – Sputnik. Алматыда жыл басынан бері коронавирус жұқтырғандар саны 18 есе өсті, деп мәлімдеді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
Айтуынша, қаңтарда өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 40%-ке артқан.
"Науқастардың жас мөлшерін талдасақ, 20-39 жас аралығындағы адамдардың үлесі 40%-тен 35%-ке дейін төмендеді. Алайда қазір олар науқастардың ең көп бөлігін құрап отыр. Олардан кейін ең көп науқас тіркелген жас контингенті – 40-59 жас аралығындағы адамдар, олар науқастардың 26%-ін құрайды, 60 жастан асқан адамдар – 22%", - деді Қалықова.
Сондай-ақ өткен аптада 14 жасқа дейінгі балалар арасында инфекцияның 5,4%-ке (1463-тен 1920 жағдайға дейін) және жасөспірімдер арасында 1%-ке (388-ден 589 жағдайға дейін) артқаны байқалады.
60 жастан асқан адамдар арасында инфекция жұқтырғандар саны 3%-ке (2530-дан 3262 жағдайға дейін) артты.
1 жасқа дейінгі балалар арасында инфекция анықталғандар саны азайды, алайда балалар арасында олардың үлесі – 22,8%.
Әсел Қалықова коронавирустың "омикрон" штамының таралуына қатысты да сұраққа жауап берді.
"Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті секвенирлеу желтоқсанның соңы – қаңтардың басында жүргізілгенін хабарлады. "Омикрон" штамының 7 жағдайы анықталды. Жеті науқастың арасында 14 жасқа дейінгі балалар жоқ. Толық геномдық зерттеу жүріп жатыр, бірақ аталған жеті жағдайдан басқасы теріс нәтиже көрсетті. Зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр", - деді Қалықова.
Айта кетері, Алматыда өткен тәулікте 1556 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0