https://sputnik.kz/20220131/Immunolog-koronavirus-bolzham-19245662.html
Иммунолог коронавирус қашан бәсеңдейтіні туралы айтты
Иммунолог коронавирус қашан бәсеңдейтіні туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, бұған ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы арқылы қол жеткізуге болады 31.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-31T11:21+0500
2022-01-31T11:21+0500
2022-02-01T15:30+0500
қоғам
коронавирус
дәрігер
болжам
https://sputnik.kz/img/07e5/03/0a/16502110_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_f2391a10f3e48968a1ad568a048651e1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар — Sputnik. Медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог, "Клиникал Экселанс Груп" компаниясының бас директоры Николай Крючков әлемде COVID-19 таралуына қатысты жағдай осы жылдың ортасына қарай тұрақталады және бақылауға болатын деңгейге дейін бәсеңдейді деп санайды."Жылдың ортасына қарай әлемдегі ахуал тұрақталады. Өйткені "омикрон" штамы өлім-жітімнің азайғанын көрсетіп отыр. Мұнымен пандемия аяқталмайды, бірақ эпидемиялық процесті бақылау мүмкіндігі күрт артады. Яғни оны бақылау үшін аз ресурс қажет болады. Әрине, халық арасында вирус жұқтыру азайып, аурухана жүктемесі төмендейді. Алайда мұны пандемияны жеңу деп атауға әлі ерте", - деді Николай Крючков Sputnik радиосындағы сұхбатта.Оның айтуынша, бұған ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады."Мен мұны жер сілкінісімен салыстырамын: алдымен қуатты дүмпу болады да, артынша бірнеше афтершок тіркеледі. Олар біршама бәсеңдеу, әлсіз болғанымен, олардың кейбірі сезіледі. Аяқ астынан қайтадан қуатты толқын жүріп өтіп, жағдай қайта тұрақтанады. Бұған шамамен үш жыл уақыт кетеді деп ойлаймын, жағдай да айтарлықтай жеңілдеуі керек", - деді Николай Крючков.Оқи отырыңыз: Дәрігер "омикронның" ең жиі кездесетін екі симптомын атады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/0a/16502110_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_b3c69435581ddb058d38a622d64d1d4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, дәрігер, болжам
коронавирус, дәрігер, болжам
Иммунолог коронавирус қашан бәсеңдейтіні туралы айтты
11:21 31.01.2022 (жаңартылды: 15:30 01.02.2022) Оның айтуынша, бұған ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы арқылы қол жеткізуге болады
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар — Sputnik. Медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог, "Клиникал Экселанс Груп" компаниясының бас директоры Николай Крючков әлемде COVID-19 таралуына қатысты жағдай осы жылдың ортасына қарай тұрақталады және бақылауға болатын деңгейге дейін бәсеңдейді деп санайды.
"Жылдың ортасына қарай әлемдегі ахуал тұрақталады. Өйткені "омикрон" штамы өлім-жітімнің азайғанын көрсетіп отыр. Мұнымен пандемия аяқталмайды, бірақ эпидемиялық процесті бақылау мүмкіндігі күрт артады. Яғни оны бақылау үшін аз ресурс қажет болады. Әрине, халық арасында вирус жұқтыру азайып, аурухана жүктемесі төмендейді. Алайда мұны пандемияны жеңу деп атауға әлі ерте", - деді Николай Крючков
Sputnik радиосындағы сұхбатта.
Оның айтуынша, бұған ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады.
"Мен мұны жер сілкінісімен салыстырамын: алдымен қуатты дүмпу болады да, артынша бірнеше афтершок тіркеледі. Олар біршама бәсеңдеу, әлсіз болғанымен, олардың кейбірі сезіледі. Аяқ астынан қайтадан қуатты толқын жүріп өтіп, жағдай қайта тұрақтанады. Бұған шамамен үш жыл уақыт кетеді деп ойлаймын, жағдай да айтарлықтай жеңілдеуі керек", - деді Николай Крючков.