Қоғам

Иммунолог коронавирус қашан бәсеңдейтіні туралы айтты

© AFP 2022 / JOAQUIN SARMIENTOМедработник встряхивает шприц с вакциной от коронавируса, чтобы выгнать пузырьки воздуха
Медработник встряхивает шприц с вакциной от коронавируса, чтобы выгнать пузырьки воздуха  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Оның айтуынша, бұған ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы арқылы қол жеткізуге болады
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар — Sputnik. Медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог, "Клиникал Экселанс Груп" компаниясының бас директоры Николай Крючков әлемде COVID-19 таралуына қатысты жағдай осы жылдың ортасына қарай тұрақталады және бақылауға болатын деңгейге дейін бәсеңдейді деп санайды.
"Жылдың ортасына қарай әлемдегі ахуал тұрақталады. Өйткені "омикрон" штамы өлім-жітімнің азайғанын көрсетіп отыр. Мұнымен пандемия аяқталмайды, бірақ эпидемиялық процесті бақылау мүмкіндігі күрт артады. Яғни оны бақылау үшін аз ресурс қажет болады. Әрине, халық арасында вирус жұқтыру азайып, аурухана жүктемесі төмендейді. Алайда мұны пандемияны жеңу деп атауға әлі ерте", - деді Николай Крючков Sputnik радиосындағы сұхбатта.
Оның айтуынша, бұған ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады.
"Мен мұны жер сілкінісімен салыстырамын: алдымен қуатты дүмпу болады да, артынша бірнеше афтершок тіркеледі. Олар біршама бәсеңдеу, әлсіз болғанымен, олардың кейбірі сезіледі. Аяқ астынан қайтадан қуатты толқын жүріп өтіп, жағдай қайта тұрақтанады. Бұған шамамен үш жыл уақыт кетеді деп ойлаймын, жағдай да айтарлықтай жеңілдеуі керек", - деді Николай Крючков.
Оқи отырыңыз: Дәрігер "омикронның" ең жиі кездесетін екі симптомын атады
Жаңалықтар
0