Парижде сән апталығында Dior Haute Couture жаңа топтама ұсынды– фото
16:35 29.01.2022 (жаңартылды: 09:46 02.02.2022)
Жазылу
Париждегі сән апталығында Dior Haute Couture жаңа топтамасын таныстырған сән үйінің бас дизайнері бұл көрсетілім мінсіз сән әлемінің негізгі құраушысы болып саналатын барлық шеберге арналғанын атап өтті
Сыншылар атап өткендей, осы маусымда Мария Грация Кьюри топтаманы қолөнер шеберлеріне арнады.
Топтаманы таныстырған Dior креативті директоры былай деп мәлімдеді: "Осы топтама арқылы біздің ательені назарға ұсынып, заманауи тігін шеберханасы баяғыдай емес екенін жеткізгім келді. Бұл тек Монтень авенюі ғана емес. Бізде әлемнің түкпір-түкпірінде – Парижде, Үндістанда ательеміз бар және біз тұрақты байланыстамыз. Бұл бірлескен жұмыстар туралы тарих".
Сән көрсетілімі Роден музейінің бақшасында өтті. Dior бас дизайнері суретшілер Мадвхи мен Ману Перехпен бірге айрықша әрі әсерлі киімдер дайындауды көздеді.
Көрсетілім кезіндегі панно жайлы айтқан Чанакья мектебінің директоры Каришма Свали сән мен қолөнер арасындағы байланысты көрсету басты идея болғанын жеткізді.
"Көлемі 340 мың шаршы метрді құрайтын бүкіл инсталляцияны біздің 380 шеберіміз өз қолдарымен дайындады. Егер осыған кеткен уақытты есептесек, онда оған 280 000 сағат жұмсадық", - деді сән үйінің өкілі.
Dior Haute Couture топтамасы Париждегі сән апталығын бірінші болып ашты.
© REUTERS / Violeta Santos MouraМария Грация Кьюри толығымен қолөнерге арналған Dior Haute Couture 2022 жылғы көктем-жаз топтамасын таныстырды.
1/10
© REUTERS / Violeta Santos Moura
Мария Грация Кьюри толығымен қолөнерге арналған Dior Haute Couture 2022 жылғы көктем-жаз топтамасын таныстырды.
© AP Photo / Michel EulerБиылғы Dior Haute Couture топтамасында кестелеуге, мінсіз матаға және үнді суретшілері Мадхви мен Ману Перех жұмыстарына басымдық берілді.
2/10
© AP Photo / Michel Euler
Биылғы Dior Haute Couture топтамасында кестелеуге, мінсіз матаға және үнді суретшілері Мадхви мен Ману Перех жұмыстарына басымдық берілді.
© AP Photo / Lewis JolyDior Haute Couture сән үйінің Spring-Summer 2022 көрсетіліміне келген актриса Патрисия Контрерас.
3/10
© AP Photo / Lewis Joly
Dior Haute Couture сән үйінің Spring-Summer 2022 көрсетіліміне келген актриса Патрисия Контрерас.
© REUTERS / Violeta Santos MouraДизайнердің айтуынша, кестеленген тігіс тек сән үшін ғана қолданылмайды, ол бүкіл құрылымға әсер етеді. Осы топтамадағы көп көйлек кестеленген тігіс арқылы ерекше пішінге ие болды. Кей киімдегі кестенің өте жұқа орындалғаны соншалық, ол бірден көзге түсе қоймайды.
4/10
© REUTERS / Violeta Santos Moura
Дизайнердің айтуынша, кестеленген тігіс тек сән үшін ғана қолданылмайды, ол бүкіл құрылымға әсер етеді. Осы топтамадағы көп көйлек кестеленген тігіс арқылы ерекше пішінге ие болды. Кей киімдегі кестенің өте жұқа орындалғаны соншалық, ол бірден көзге түсе қоймайды.
© AP Photo / Michel EulerDior Haute Couture сән үйінің кез келген көрсетілімі бүкіл әлем назарын аударатын маңызды іс-шараға айналған.
5/10
© AP Photo / Michel Euler
Dior Haute Couture сән үйінің кез келген көрсетілімі бүкіл әлем назарын аударатын маңызды іс-шараға айналған.
© AP Photo / Lewis JolyDior Haute Couture сән үйінің Spring-Summer 2022 көрсетіліміне қатысқан модель Кара Делевинь (Cara Delevingne).
6/10
© AP Photo / Lewis Joly
Dior Haute Couture сән үйінің Spring-Summer 2022 көрсетіліміне қатысқан модель Кара Делевинь (Cara Delevingne).
© REUTERS / Violeta Santos MouraТоптамадағы түзу сызықтар мен ашық үлгідегі мата арқылы дайындалған киімдер кіршіксіз тазалықтың көрінісі іспеттес болды. Бұл киім үлгілері заманауи қалыңдықтар үшін таптырмас "той көйлегі" айналады.
7/10
© REUTERS / Violeta Santos Moura
Топтамадағы түзу сызықтар мен ашық үлгідегі мата арқылы дайындалған киімдер кіршіксіз тазалықтың көрінісі іспеттес болды. Бұл киім үлгілері заманауи қалыңдықтар үшін таптырмас "той көйлегі" айналады.
© AFP 2024 / Christophe ArchambaultМария Грация Кьюридің пікірінше, топтама сәтті шыққан жағдайда бас дизайнерге ғана құрмет көрсету дұрыс емес. Себебі ол топтаманы дайындау үшін түрлі дәрежедегі мамандар жұмыс істейді.
8/10
© AFP 2024 / Christophe Archambault
Мария Грация Кьюридің пікірінше, топтама сәтті шыққан жағдайда бас дизайнерге ғана құрмет көрсету дұрыс емес. Себебі ол топтаманы дайындау үшін түрлі дәрежедегі мамандар жұмыс істейді.
© REUTERS / Violeta Santos MouraТоптамада негізінен ақ, қара және сұр түстер қолданылған.
9/10
© REUTERS / Violeta Santos Moura
Топтамада негізінен ақ, қара және сұр түстер қолданылған.
© REUTERS / Gonzalo Fuentes Dior Haute Couture Spring-Summer 2022 топтамасы мата мен қолдан кестелеп тігуге басымдық берді.
10/10
© REUTERS / Gonzalo Fuentes
Dior Haute Couture Spring-Summer 2022 топтамасы мата мен қолдан кестелеп тігуге басымдық берді.