Парижде сән апталығында Dior Haute Couture жаңа топтама ұсынды– фото
Парижде сән апталығында Dior Haute Couture жаңа топтама ұсынды– фото
Sputnik Қазақстан
Париждегі сән апталығында Dior Haute Couture жаңа топтамасын таныстырған сән үйінің бас дизайнері бұл көрсетілім мінсіз сән әлемінің негізгі құраушысы болып... 29.01.2022, Sputnik Қазақстан
Сыншылар атап өткендей, осы маусымда Мария Грация Кьюри топтаманы қолөнер шеберлеріне арнады.Топтаманы таныстырған Dior креативті директоры былай деп мәлімдеді: "Осы топтама арқылы біздің ательені назарға ұсынып, заманауи тігін шеберханасы баяғыдай емес екенін жеткізгім келді. Бұл тек Монтень авенюі ғана емес. Бізде әлемнің түкпір-түкпірінде – Парижде, Үндістанда ательеміз бар және біз тұрақты байланыстамыз. Бұл бірлескен жұмыстар туралы тарих".Сән көрсетілімі Роден музейінің бақшасында өтті. Dior бас дизайнері суретшілер Мадвхи мен Ману Перехпен бірге айрықша әрі әсерлі киімдер дайындауды көздеді.Көрсетілім кезіндегі панно жайлы айтқан Чанакья мектебінің директоры Каришма Свали сән мен қолөнер арасындағы байланысты көрсету басты идея болғанын жеткізді."Көлемі 340 мың шаршы метрді құрайтын бүкіл инсталляцияны біздің 380 шеберіміз өз қолдарымен дайындады. Егер осыған кеткен уақытты есептесек, онда оған 280 000 сағат жұмсадық", - деді сән үйінің өкілі.Dior Haute Couture топтамасы Париждегі сән апталығын бірінші болып ашты.
Париждегі сән апталығында Dior Haute Couture жаңа топтамасын таныстырған сән үйінің бас дизайнері бұл көрсетілім мінсіз сән әлемінің негізгі құраушысы болып саналатын барлық шеберге арналғанын атап өтті
Сыншылар атап өткендей, осы маусымда Мария Грация Кьюри топтаманы қолөнер шеберлеріне арнады.
Топтаманы таныстырған Dior креативті директоры былай деп мәлімдеді: "Осы топтама арқылы біздің ательені назарға ұсынып, заманауи тігін шеберханасы баяғыдай емес екенін жеткізгім келді. Бұл тек Монтень авенюі ғана емес. Бізде әлемнің түкпір-түкпірінде – Парижде, Үндістанда ательеміз бар және біз тұрақты байланыстамыз. Бұл бірлескен жұмыстар туралы тарих".
Сән көрсетілімі Роден музейінің бақшасында өтті. Dior бас дизайнері суретшілер Мадвхи мен Ману Перехпен бірге айрықша әрі әсерлі киімдер дайындауды көздеді.
Көрсетілім кезіндегі панно жайлы айтқан Чанакья мектебінің директоры Каришма Свали сән мен қолөнер арасындағы байланысты көрсету басты идея болғанын жеткізді.
"Көлемі 340 мың шаршы метрді құрайтын бүкіл инсталляцияны біздің 380 шеберіміз өз қолдарымен дайындады. Егер осыған кеткен уақытты есептесек, онда оған 280 000 сағат жұмсадық", - деді сән үйінің өкілі.
Dior Haute Couture топтамасы Париждегі сән апталығын бірінші болып ашты.
Дизайнердің айтуынша, кестеленген тігіс тек сән үшін ғана қолданылмайды, ол бүкіл құрылымға әсер етеді. Осы топтамадағы көп көйлек кестеленген тігіс арқылы ерекше пішінге ие болды. Кей киімдегі кестенің өте жұқа орындалғаны соншалық, ол бірден көзге түсе қоймайды.
Топтамадағы түзу сызықтар мен ашық үлгідегі мата арқылы дайындалған киімдер кіршіксіз тазалықтың көрінісі іспеттес болды. Бұл киім үлгілері заманауи қалыңдықтар үшін таптырмас "той көйлегі" айналады.
Мария Грация Кьюридің пікірінше, топтама сәтті шыққан жағдайда бас дизайнерге ғана құрмет көрсету дұрыс емес. Себебі ол топтаманы дайындау үшін түрлі дәрежедегі мамандар жұмыс істейді.