Қоғам

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Біртановтың ісін прокуратураға қайтарды

© Photo : управление здравоохранения города Нур-СултанМинистр здравоохранения Казахстана Елжан Биртанов
Министр здравоохранения Казахстана Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Сот Әбішев пен Біртановтың үйқамақ мерзімін бір айға ұзартты
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Елорда сотында екі лауазымды шенеунікке – бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдаудың жалғасы болды.
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов соттан істі Бас прокуратураға қайтаруды сұрады. Ол істі тергеу кезінде заң бұзушылыққа жол берілгенін алға тартты.
"Бірінші бұзушылық – Ericson Nikola Tesla және денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне қатысты істі бөлу. Екіншісі – шындықты анықтау үшін маңызды құжаттарды енгізуден бас тарту. Үшіншісі – заң талап ететіндей істің барлық материалымен толық танысудан бас тарту. Құрметті судья, іс бойынша бізге, айыпталушылар мен қорғаушыларға белгісіз жаңа 8 том материал пайда болды. Төртіншісі – аталған заң талаптары мен біздің құқықтарымызды бұзып, істі асығыс және заңсыз сотқа беру", - деді Елжан Біртанов.
Сотта бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2021 жылдың қарашасында қорғаушылары бірқатар парламент депутаттарына жүгінгенін және депутаттар Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке сұрау жібергенін, бірақ әлі жауап жоқ екенін хабарлады.
Екінші сотталушы Әбішев ақпараттық платформа жұмыс істемейтінін мәлімдеді, өйткені ол қаржы мониторингі комитетінің шешімімен өшірілген. Оның айтуынша, 2018-2019 жылдары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында 60 млрд теңгеден астам қаражат оңтайландырылды.
"Платформа бюджет ақшасын ұрлауды жалғастыру үшін әдейі өшірілді, өйткені цифрландыру – сыбайлас жемқорлықтың жауы", – деді Олжас Әбішев.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Асқар Ақбаев 2021 жылдың қазан-қараша айларында өнім беруші өкілдерінің қатысуымен платформаның жағдайына бағалау жүргізілгенін, ол платформаның толық көлемде жұмыс істемейтінін анықтағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, платформаны министрліктің ақпараттық жүйелерімен біріктіру іске қосылмаған.
Прокурор Бауыржан Шекенов адвокаттар мен қорғаушылардың дәлелдерімен келіспей, сотталушылар уақыт созып жатыр деп есептеп, соттан іс бойынша басты талқылауды сұрады.
Сондай-ақ прокурор Ericson Nikola Tesla компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл іс Біртанов пен Әбішевтің кінәсін дәлелдеуге әсер етпейтіндіктен бөлінді.
Сот тараптарды тыңдап, Біртанов пен Әбішевке қатысты қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы шығарды.
"Біртанов пен Әбішевтің қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтініші қанағаттандырылсын. Біртановты қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 361-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптау бойынша және Әбішевтің қылмыстық кодекстің 361-бабында 4-бөлігінің 2-тармағының көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптауы бойынша қылмыстық іс қылмыстық іс жүргізу заңнамасының елеулі бұзушылықтарын жою үшін Бас прокурорға қайтарылсын", - деді судья Ибрагим Әлкенов.
Сонымен қатар сот Әбішев пен Біртановтың үйқамағын бір айға ұзартты.

Біртановқа қандай айып тағылды

Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті (бұл қызметті ол 2017 жылдан бері атқарды).
Бұрынғы шенеуніктің ұсталғаны туралы қарашаның басында белгілі болды: сол айда Біртанов үй қамауына алынды, ол әлі күнге дейін қамауда отыр. Бастапқыда Біртановқа мемлекет ақшасын жымқырды деген айып тағылды, алайда сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін бес күн бұрын бап "лауазымдық өкілетін теріс пайдалану" деп өзгертілді.
Қаржы мониторингі агенттігінің пікірінше, Біртанов пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық деректі біріктіруге тиіс болған жұмыс істемейтін ақпараттық платформаны қабылдап, пайдалануға берді. Қазір платформа жұмыс істемейді, ал орындалмаған жұмыстардың құны 1,5 миллиард теңгеге бағаланады.
Бұдан басқа Біртановқа өкілетін асыра пайдаланды деген тағы бір айып тағылған. Ол 2020 жылдың маусымында Тараздан Нұр-Сұлтанға жету үшін санавиация ұшағын заңсыз пайдаланған деген күдікке ілінді.

Олжас Әбішевтің ісі

Әбішевтің ұсталғаны туралы 2 тамызда хабарланды. Ол "билікті асыра пайдаланды" деген күдікке ілінді.
Үшінші тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сол кездегі денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой Олжас Әбішевтің өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш бергенін хабарлады. Содан кейін Әбішевтің екі айға ұсталғаны белгілі болды.
Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болды. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік етті.

Оқи отырыңыз: 

"Қылмыс жасамағаныма көзіңіз жетеді": Біртанов сот процесі алдында жазба жариялады
Біртанов премьер-министр мен әріптестерін СOVID-тен қалай құтқарды
 
Жаңалықтар
0