10:35 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1292 0 0

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Нұр-Сұлтанға премьер-министр және үкімет мүшелерімен бірге бір ұшақпен қайта алмады. Себебі ауру жұқтыру қаупі жоғары болды, деп мәлімдеді Біртановтың адвокаты

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Бұрынғы денсаулық сақтау министрінің қорғаушылары Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін созбау туралы сотқа өтініш білдірді. Бұл мерзім 14 шілде, сәрсенбі күні аяқталады.

Біртановқа қатысты қылмыстық іс 361-бап ("қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану") бойынша да қозғалған. Прокуратура Біртанов Тараздан Нұр-Сұлтанға дейін жету үшін санитарлық авиация ұшағын заңсыз қолдану арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды дегенді алға тартып отыр. Сәрсенбіде экс-министрдің қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев осы жағдайдың мән-жайын толықтай баяндады.

Біртанов 2020 жылдың 12-13 маусымында жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Бұл іссапарға Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин де аттанды. Жұмыс тобының мүшелері Қордай ауданында болып, коронавирусқа қарсы вакцина дайындайтын зауыт құрылысының барысымен танысты.

"Белгіленген регламент бойынша жұмыс тобының барлық мүшесі бірігіп авиация көлігімен Нұр-Сұлтаннан аталған ауданға жетуі және кері қатуы керек болатын. Ашық ақпарат көздерінде жазылғандай, осы іссапар кезінде Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Бұл диагноз 2020 жылдың 13 маусымында расталды", - деді Бейсекеев сот отырысы барысында.

Біртанов Нұр-Сұлтандағы модульдік инфекциялық орталыққа жатқызылған болатын. Екіжақты пневмония түріндегі аурудың асқынуы анықталды. Науқастың жағдайы нашарлауына байланысты елордадағы Ұлттық кардиоорталыққа жеткізілді. Ол 2020 жылдың 23 маусымына дейін осы мекемеде ем қабылдады.

Адвокат ауру жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, Біртанов Нұр-Сұлтанға премьер-министр және үкімет мүшелерімен бірге бір ұшақпен қайта алмағанын жеткізді.

"Сол күрделі кезеңде премьер-министрдің коронавирус жұқтыруы министрлер кабинетінің жұмысына үлкен зиян келтіруі мүмкін болғанын жақсы түсінесіздер деп үміттенемін. Президент премьер-министр мен денсаулық сақтау министріне коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша штабқа жетекшілік етуді, төтенше жағдай кезінде халықты қорғауға бағытталған шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды", - деді адвокат.

"Үкімет мүшесі бола тұра ол (Біртанов - Sputnik) Нұр-Сұлтандағы тұрақты жұмыс орнына, тіркелген медицина мекемесіне қайтуы керек еді. Сондықтан Біртановты Тараздан Нұр-Сұлтанға санавиация көлігімен жеткізу елде қалыптасқан төтенше жағдай кезіндегі мәжбүрлі шара болды", - деп қорытты Бейсекеев.

Экс-министрді бауыры Ержан Біртанов та қорғады. Ол санавиация көлігімен тасымалдау туралы жаңа іс 2021 жылдың мамырында қозғалғанын айтты.

"Елжан Амантайұлы тек премьер-министр мен үкімет мүшелерінің ғана емес, қарапайым халықтың да денсаулығына қауіп төндіргісі келмеді. Сондықтан ол үкімет бортын да, азаматтық авиакөлікті де қолдана алмады. Санавиация бортын пайдалануға мәжбүр болды. Бұған оның тікелей басшысы – премьер-министр рұқсат етті", - деді Ержан Біртанов.

Күдіктінің бауыры өзінің эмоцияға толы сөзінде мұндай қылмыстық іс қозғауды "шектен шыққандық" деп атады.

"Елжан Амантайұлы ем қабылдау үшін Таразда қалудың орнына Нұр-Сұлтандағы жұмысына асықты. Себебі ол коронавирусқа қарсы күрес жүргізу бойынша штабтың тәулік бойғы жұмысын басқарды. Санавиация ережесі бойынша көлік жетуі қиын аймақтағы адамдарды емдеу үшін дәрігерлер санавиацияны қолдана алады. Ал Елжан Амантайұлы халықты коронавирустан құтқаруы тиіс дәрігерлердің бірі болды", - деп қорытты Ержан Біртанов.

Тақырып бойынша

Біртановтың адвокаты Тоқаевты куәгер ретінде шақыруды сұрады - сот не шешті
15 шілдеден бастап міндетті вакцинация тексеріле ме – министрлік жауап берді
Цой Біртановтың адвокатының соттағы мәлімдемесіне түсініктеме берді
Біртанов бюджет қаражатын жымқырмаған болып шықты
"СК-Фармация" ісі: Біртанов сотта өкініш білдірді
Кілт сөздер:
Біртанов, премьер-министр, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып