Әлем

Орталық Азиядағы электр қуатының тапшылығы жедел шешімді қажет етеді

© Photo : Pixabay / David MarkЛиния электропередачи
Линия электропередачи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Электр энергиясының тапшылығы мен желідегі апат кезек күттірмейтін маңызды мәселе болып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Өзбекстанда сейсенбіде жарықтың жаппай сөнуінен кейін электр энергиясымен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілді, деп жазды РИА Новости.
Республикада маңызды инфрақұрылым нысандары ұзақ уақыт бойы жарықсыз қалды: тәулікке жуық уақыт бойы ауыз су болмаған, су құбыры, кәріз жүйесі жұмыс істемей, жылыту жүйесі істен шықты.
Қырғыз астанасында елдегі бас әуежай жұмысы тоқтап, су айдау мұнарасымен жұмыс істейтін сорғы жабдықтары істен шықты, қаланың жекелеген бөлігінде электр қуаты мүлдем болмай, ірі елді мекендер қараңғыда қалып қойды.
Қазақстанда энергия жүйесінің жұмысындағы ақау елдің тек оңтүстік бөлігінде, Алматы, Тараз, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында ғана тіркелді. Бірақ бұл жақта апат ауқымды сипатта болды.
Высоковольтная линия электропередачи. Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Экономика
Ресейден жеткізілетін электр энергиясы бойынша келісім жасалды
Қараңғылық Түрікменстанға да жеткені белгілі болды. Жарық апаты болған тараптар лезде бір-бірін кінәлай жөнелді. Өзбекстан мен Қырғызстан Қазақстанды кінәлады. Ал Қазақстан Қарағанды мен Жамбыл облыстары арасындағы магистральді электр тарату желісіндегі электр қуатының шамадан тыс болуына Орталық Азияның біріккен энергия жүйесінде (ОА БЭЖ) апатты теңсіздік тудырған Ташкент пен Бішкек жауапты деген мәлімдеме жасады.
Қазір барлық дерлік өңірде электр қуатын тарату қалпына келтірілді. Бірақ бұл оқиғаның себебі тереңде жатыр және оның салдары барлық тарапқа жағымды болмайтыны белгілі.
Тараптар қанша бір-бірін кінәласа да, айқын фактілерді жоққа шығаруға болмайды. Апат "Солтүстік - Шығыс – Оңтүстік Қазақстан" транзитінің учаскесінде болғанын естен шығармау керек. Қырыз тарапының айтуынша, ажыраудың апатты автоматы іске қосылып, соның салдарынан электр қуатының ауысымдары Қазақстанда ғана емес, шекарадан тыс аумақта да бірден бір жарым мың мегаватқа төмендеп кетті. Осы тұста көп айтылмайтын проблема айқын көрініс тауып отыр.
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстан орталықазиялық энергия айналмасын құрап отыр. Ол жарты ғасырдан астам уақыт бұрын, 1960-жылдардың соңына қарай жобаланды және құрылды. Кеңестік инженер-энергетик мамандардың алдында құралдардың шағындығына қарамастан, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып жатқан бірнеше республиканы бір уақытта электр қуатымен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Шешім табылды.
Линии электропередач - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Қоғам
Қазақстанның оңтүстігінде жарық өшіп қалды – апаттың себебі анықталды 
Барлық ұлттық республикалар бір мемлекеттің құрамына кіретіндіктен, трансшекаралық үйлестіру туралы мәселе туындаған жоқ, Ташкенттегі үйлестіру-диспетчерлік орталығынан басқарылатын жүйе жұмыс істеп тұрды. Қазақстан басты транзиттік желі рөлін атқарды: РКФСР-ден бұл республикаға бірден жеті энергия көпірі тартылды да, олар арқылы оңтүстікке, ең алдымен энергия тапшылығы қазір де байқалатын Өзбекстанға мегаваттар жолданды.
Ташкентке Қырғызстан мен Тәжікстан да энергия жөнелтіп отырды. Екі елді де таулар қоршап жатқандықтан, гидроэлектр станцияларына басымдық берілді. Сондықтан тәжіктер мен қырғыздардың басқаруында түрлі көлемдегі сексенге жуық су қоймасы иелікке қалды. Алайда бұл екі республика туындаған проблемадан бейхабар болды деу жөнсіз.
Бірыңғай энергия сақинасы күз-қыс кезеңінде Тәжікстан мен Қырғызстан суды жинақтап, жаз мезгілінде оны жіберу арқылы өзі және көрші республикалар үшін электр өндіруі, сонымен қатар Өзбекстанның мақталы алқаптарын сумен жабдықтауы қажет болды. Сәйкесінше аязды уақытта Тәжікстан мен Қырғызстан да электр тапшылығын бастан өткізіп, оның орнын мазут пен көмір жеткізу арқылы толтырды.
Егер осы тұста гидро және жылу генерациясының қатынасы туралы айтсақ, онда су ресурстарының үлесінде 30 процент тұр, ал қалған 70 процентті жылу станциялары жабдықтап отыр.
Орталықазиялық энергия айналмасы Кеңес Одағы ыдырағанға дейін сәтті жұмыс істеді. Тәуелсіздік алған мемлекеттер өздеріне қалған инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді трансшекаралық ықпал ету құралы ретінде қарастырды. Өзбекстан ме Түрікменстанның электр қуаты мен су жеткізу мәселелері бойынша Тәжікстан мен Қырғызстанға наразылықтары ет үйренген қалыпты мәселеге айналды.
 Лампочка, свеча, счетчик, электричество, свет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2022
Қоғам
KEGOC Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда неге жарық өшіп қалғанын түсіндірді
Бірыңғай энергия жүйесі Түрікменстан шыққан 2003 жылға дейін жұмыс істеп тұрды. Бұл айналымнан 2009 жылы Тәжікстан кетті. Өңірдегі іргелес жатқан мемлекеттер энергия саласына қатысты заңдар, тариф механизмдері мен салық салу мәселелерін бір-бірімен өзара келіспей, өз беттерінше шеше бастады. Бұл онсыз да қиын жағдайды ушықтырып жіберді.
Қалыптасқан ахуалды сөз етпес бұрын екі маңызды мәселені ескеру керек. Біріншіден, КСРО құлағаннан кейін бұрынғы энергия айналымы шартты шекарасындағы халық саны айтарлықтай өсті. Өзбекстанның халық саны 1991 жылдан бері жиырмадан отыз төрт миллион адамға дейін өсті. Тәжікстан халқының саны екі есе ұлғайды және бүгінде он миллионға жуықтады, Қазақстанда екі жарым миллионға, Қырғызстанда – екі миллионға, Түрікменстанда - үш миллионға өсті.
Осылайша электр энергиясын тұтыну, яғни электр тарату желісіндегі жүктеме кемінде 2-2,5 есе артты. Ал осы аталған мемлекеттің ешқайсысында электр генерациясы бойынша бірде-бір ірі нысан салынған жоқ. Яғни барлық тарап импорт мүмкіндіктерін үнемі іздестіруге мәжбүр. Ал Қырғызстан мен Тәжікстан жазда артық электр қуатын қайда жіберерін білмесе, қыста оны қайдан табарын білмей дал болады.
Осыдан кейін Ресейдің оңтүстіктегі көршілері тап болған екінші мәселе бас көтереді. Қазір шамадын тыс жоғары жүктемені өндіріп отырған ұлттық электр желілері Кеңес Одағында салынған. Олардың қызмет ету мерзімі орта есеппен 35 жылды құрайды. Ал бұл нысандарды жаңғырту өте қомақты қаражатты талап етіп отыр. Уақыт өтіп жатыр, бес мемлекеттің де халық саны өсіп жатыр. Ал ескі станциялардың орнына жаңа нысан әлі де салынып жатқан жоқ.
Сонда бұл мәселені қалай шешу керек? Отыз жыл өткеннен кейін Орталық Азияның біріккен энергия жүйесіне қатысушылар бір мәмілеге келуі екіталай. Осы тұста Ресей сырттан келген төреші ретінде бұл мәселенің түйінін шешуге атсалысуы мүмкін. Өйткені РФ шағын қуатты атом станцияларын салып, Белоруссияда электр қуатын өндіріп жатқан қарапайым АЭС-ті іске қосты, өзіне тиесілі барлық ГРЭС-ті техникалық жабдықтап, тәжірибесін арттырып жатыр. Қалай болғанда да, электр энергиясының тапшылығы мен желідегі апат кезек күттірмейтін маңызды мәселе болып отыр.
Жаңалықтар
0