Экономика

Ресейден жеткізілетін электр энергиясы бойынша келісім жасалды

© Sputnik / Владислав ВодневВысоковольтная линия электропередачи. Казахстан
Высоковольтная линия электропередачи. Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Күзде Қазақстанның бірнеше өңірі электр энергиясын жеткізудегі шектеулерге тап болды. Қазақстан билігі мұны майнингтік фермалардың жұмысымен байланыстырды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. Қазақстан мен Ресей Қазақстанға электр энергиясын жеткізу туралы келісімге келді. Бұл туралы Ресей Федерациясының вице-премьері Александр Новак мәлімдеді.

Сейсенбіде журналистер Новактан электр энергиясын Қазақстанға тасымалдау бойынша қабылданған шешім туралы сұрады.

"Иә, алайда компаниялар өзара коммерциялық келісімшарт жасап, келіссөз жүргізуі керек. Осындай сұраныс туындады, сәйкесінше, ол сұранысты қанағаттандыратын мүмкіндік те бар. Біз бұл туралы кеше және бүгін сөйлестік. Сондықтан жақын арада біздің компаниялар келіссөз жүргізеді", - деді Новак Каспий құбыр консорциуымына қатысушылардың салтанатты отырысынан кейін.

Біраз бұрын хабарланғандай, биыл күзде Қазақстанның бірнеше өңірі электр энергиясын жеткізудегі шектеулерге тап болды. Қазақстан билігі мұны майнингтік фермалардың жұмысымен байланыстырды.

Қазанның соңында Ресейден шетелге электр энергиясын тасымалдау саласындағы монополист "Интер РАО" 2021 жылдың қараша-желтоқсанында Қазақстанға электр энергиясының коммерциялық жеткізілімін жүзеге асыруға дайын екенін хабарлады.

Жаңалықтар
0