https://sputnik.kz/20220128/AQSh-NATO-Resey-19233791.html
АҚШ пен НАТО Ресейдің ұсынысына немқұрайлы жауап берді – әскери шолушы
АҚШ пен НАТО Ресейдің ұсынысына немқұрайлы жауап берді – әскери шолушы
Sputnik Қазақстан
Мәскеудің жаһандық қауіпсіздік шаралары туралы ұсыныстарына Батыс тым немқұрайлы әрі агрессиялы жауап қайтарды 28.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-28T13:03+0500
2022-01-28T13:03+0500
2022-02-01T13:05+0500
колумнист
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_0:199:2932:1848_1920x0_80_0_0_0ec5322e5b3b7425749e4e7b4fd961fb.jpg
Ресейдің алдағы әскери-саяси және әскери-техникалық іс-әрекеті АҚШ пен НАТО үшін жұмбақ күйінде қалып отыр. Ал Украина Шығыс пен Батыстың басты соғыс алаңына айналмайды.2021 жылдың 15 желтоқсанында Ресей АҚШ пен НАТО-ға тең қауіпсіздік кепілдіктері туралы келісімшарт жобасын ұсынғаннан кейін Вашингтон мен Брюссель 40 күн бойы жауапты ойластырып, одақтастар арасында өз ұстанымдарын келісті. Нәтижесінде 26 қаңтарда олар Ресей, Абхазия, Оңтүстік Осетия, Беларусь және Приднестровьеге қатысты стандартты және өздеріне қолайлы тезистерді қайталады. "Серіктестер" РФ сыртқы істер министрлігінен өздері ұсынған жауапты жарияламауды сұрауы ұстанымдарының солқылдақтығын білдіріп тұр. РФ СІМ басшысы Сергей Лавров атап өткендей, жақында құжат мазмұны қоғамға кеңінен жария етіледі.АҚШ пен НАТО-ның жаһандық қауіпсіздік проблемаларын Украина төңірегіндегі ресейлік "шабуылға" алып келуі арзанқол әрі перспективасыз әдіс болып көрінеді. Осы ахуалға байланысты Вашингтон одақтастары жеке ұлттық мүдде жайына алаңдап отыр. Майк Роджерс барлау және жаһандық қарым-қатынас орталығы директоры Джошуа С. Хуминскидің айтуынша, кейбір еуропалық мемлекеттерде "Мәскеуге ықпал етуде оларды әлсіз етіп тұрған" энергетикалық және қаржылық мүдде бар екені анықталды.Ұжымдық Батыстың стратегиялық қару-жарақ пен Еуропадағы әскери іс-қимылды шектеудің жекелеген бағыттары бойынша Мәскеумен келіссөз жүргізуге тырысуы қуантарлық жайт, бірақ ол қауіпсіздіктің жаһандық жүйесі үшін жеткіліксіз болады.НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің 26 қаңтардағы "Ресей Украина, Грузия және Молдованың келісімінсіз осы елдерде орналастырылған өз әскерін алып кетуі керек" деген мәлімдемесі альянстың шынайы геосаяси және географиялық тіршілік ету аясынан аулақта жатыр.Халықаралық құқық негізінде Абхазия мен Оңтүстік Осетия Грузияның бір бөлігі емес, ал Қырым түбегі 2014 жылдан бері Ресейдің құрамына кірген. Ресей бітімгерлері Приднестровьеде көпжақты келісім негізінде әрекет етіп отыр. Ал НАТО-ның бұған еш қатысы жоқ. Сонымен қатар 26 қаңтардан бастап Ресей АҚШ пен НАТО-ның қауіп-қатеріне әскери-саяси және әскери-техникалық еркін жауап беруге мүмкіндік алды.Батыс Ресей позициясын есепке алудан түбегейлі бас тартып отыр. Вашингтон Солтүстікатлантикалық альянстың посткеңестік кеңістікте одан әрі кеңеюіне мүдделі. Германия мен Францияның кейбір қарсылықтарына қарамастан, Брюссель Шығыс Еуропадағы (Румыния, Польша, Балтық елдері) НАТО әскерінің санын көбейтіп жатыр.Столтенберг күні кеше НАТО ең жағымсыз сценарийге дайындалып жатқанын, осыған байланысты Қара және Балтық теңізі аудандарында әскер санын арттырып жатқанын және мұнда кеме мен әскери ұшақ саны арта түсетінін айтты.Ал АҚШ әкімшілігі Монтрё конвенциясын қайта жазуға немесе оның күшін жоюға тырысуда. Америкалық конгресмендер "Ресейден қорғану үшін" Польшаға М1А2 Abrams танктерін жеткізуді жылдамдатуға шақырды. Вашингтон мен Лондон Javelin мен SMAW-D танкке қарсы басқарылатын зымыранды белсенді жеткізіп жатыр. Чехия Украинаны ірі калибрлі снарядтармен қамтамасыз етіп отыр.Батыс Ресеймен қарулы қақтығысты саналы түрде жақындатып жатыр. Жаһандық қауіпсіздік пролемаларын дипоматиялық реттеу аясы күн санап тарылып келеді. Алдағы ықтимал қақтығыс кезінде бұл соғыс Украина төңірегінде емес, "шешімдер қабылдау орталығында" жүретінін АҚШ пен НАТО түсінбей отырған сыңайлы.Қалай болғанда да, АҚШ пен НАТО-ның жаһандық қауіпсіздік принциптерін бұзуы әлемдік қақтығыс туындауына себеп болады. Ал Германия қуатты Ресейдің мүдделерін елемеу енді мүмкін емес екенін мәлімдеді.Breaking Defense басылымы Ресей Еуропадағы мемлекеттермен жеке қарым-қатынас орнатып, оларды бр-біріне айдап салуды және осылайша альянсты ыдыратуды көздеп отырғанын жазды. Алайда НАТО 20 жыл әскери іс-қимылдан кейін Ауғанстаннан кеткенін, қазір альянс әскері Ирактан да шығарылып жатқанын ұмытпау керек.Кейбір бақылаушылар бүгінде Ресей оқу-жаттығу түрінде әскерді соғыс алдында орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтып жатыр. Washington Post былай деп жазды: "Мәскеу әдейі орындалуы екіталай талап қойып, ол талаптардың орындалмауын әскери іс-қимылға сылтау етпекші".Альянстың Шығыс Еуропада Мәскеу белгілеген қызыл сызықты бұзуы 2022 жылы әскери қақтығысқа алып келетіні айқын. Бұл соғыстың НАТО мен АҚШ пайдасына шешілмеу ықтималдылығы жоғары. 26 қаңтарда Өкілдер палатасы мен Сенаттағы 55 демократ депутаттың АҚШ президенті Джозеф Байденді ядролық қаруды "бірінші болып қолданбау" стратегиясын жариялауға, Ресей және Қытаймен келіссөз жүргізуге, ядролық қаруы бар теңізге арналған қанатты зымыран мен шағын қуатты оқтұмсық дайындауды доғаруға шақыруы тектен-тек емес.Ал Украинада қолдан жасалған дағдарысқа келсек, бұл жағдайда НАТО-ның қару-жарақ жеткізуге жөні жоқ. Шығыс Еуропаны ауғандандыру жоспары Вашингтон мен Брюссельдегі билік басындағыларға ең алдымен зиян келтіреді. Жалпы АҚШ пен оның еуропалық одақтастары жаһандық қауіпсіздік проблемасын Украинаға қарай ығыстырып, Ресей ұсыныстарын жылы жауып қоя алмайды. Сол себепті нақты әрі кесімді жауап қажет.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
https://sputnik.kz/20220126/Ukraina-biligi-sogysuga-sebep-zhoq-ekenin-aytty-19222907.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Александр Хроленко
https://sputnik.kz/img/336/58/3365824_30:0:180:150_100x100_80_0_0_6bb0788869f15d4704ba2a7827427611.jpg
Александр Хроленко
https://sputnik.kz/img/336/58/3365824_30:0:180:150_100x100_80_0_0_6bb0788869f15d4704ba2a7827427611.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_102:0:2831:2047_1920x0_80_0_0_d1f3ecacca0c1b5c4db90106b0d38aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Александр Хроленко
https://sputnik.kz/img/336/58/3365824_30:0:180:150_100x100_80_0_0_6bb0788869f15d4704ba2a7827427611.jpg
колумнист
АҚШ пен НАТО Ресейдің ұсынысына немқұрайлы жауап берді – әскери шолушы
13:03 28.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Александр Хроленко
колумнист
Мәскеудің жаһандық қауіпсіздік шаралары туралы ұсыныстарына Батыс тым немқұрайлы әрі агрессиялы жауап қайтарды
Ресейдің алдағы әскери-саяси және әскери-техникалық іс-әрекеті АҚШ пен НАТО үшін жұмбақ күйінде қалып отыр. Ал Украина Шығыс пен Батыстың басты соғыс алаңына айналмайды.
2021 жылдың 15 желтоқсанында Ресей АҚШ пен НАТО-ға тең қауіпсіздік кепілдіктері туралы келісімшарт жобасын ұсынғаннан кейін Вашингтон мен Брюссель 40 күн бойы жауапты ойластырып, одақтастар арасында өз ұстанымдарын келісті. Нәтижесінде 26 қаңтарда олар Ресей, Абхазия, Оңтүстік Осетия, Беларусь және Приднестровьеге қатысты стандартты және өздеріне қолайлы тезистерді қайталады. "Серіктестер" РФ сыртқы істер министрлігінен өздері ұсынған жауапты жарияламауды сұрауы ұстанымдарының солқылдақтығын білдіріп тұр. РФ СІМ басшысы Сергей Лавров атап өткендей, жақында құжат мазмұны қоғамға кеңінен жария етіледі.
АҚШ пен НАТО-ның жаһандық қауіпсіздік проблемаларын Украина төңірегіндегі ресейлік "шабуылға" алып келуі арзанқол әрі перспективасыз әдіс болып көрінеді. Осы ахуалға байланысты Вашингтон одақтастары жеке ұлттық мүдде жайына алаңдап отыр. Майк Роджерс барлау және жаһандық қарым-қатынас орталығы директоры Джошуа С. Хуминскидің айтуынша, кейбір еуропалық мемлекеттерде "Мәскеуге ықпал етуде оларды әлсіз етіп тұрған" энергетикалық және қаржылық мүдде бар екені анықталды.
Ұжымдық Батыстың стратегиялық қару-жарақ пен Еуропадағы әскери іс-қимылды шектеудің жекелеген бағыттары бойынша Мәскеумен келіссөз жүргізуге тырысуы қуантарлық жайт, бірақ ол қауіпсіздіктің жаһандық жүйесі үшін жеткіліксіз болады.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің 26 қаңтардағы "Ресей Украина, Грузия және Молдованың келісімінсіз осы елдерде орналастырылған өз әскерін алып кетуі керек" деген мәлімдемесі альянстың шынайы геосаяси және географиялық тіршілік ету аясынан аулақта жатыр.
Халықаралық құқық негізінде Абхазия мен Оңтүстік Осетия Грузияның бір бөлігі емес, ал Қырым түбегі 2014 жылдан бері Ресейдің құрамына кірген. Ресей бітімгерлері Приднестровьеде көпжақты келісім негізінде әрекет етіп отыр. Ал НАТО-ның бұған еш қатысы жоқ. Сонымен қатар 26 қаңтардан бастап Ресей АҚШ пен НАТО-ның қауіп-қатеріне әскери-саяси және әскери-техникалық еркін жауап беруге мүмкіндік алды.
Батыс Ресей позициясын есепке алудан түбегейлі бас тартып отыр. Вашингтон Солтүстікатлантикалық альянстың посткеңестік кеңістікте одан әрі кеңеюіне мүдделі. Германия мен Францияның кейбір қарсылықтарына қарамастан, Брюссель Шығыс Еуропадағы (Румыния, Польша, Балтық елдері) НАТО әскерінің санын көбейтіп жатыр.
Столтенберг күні кеше НАТО ең жағымсыз сценарийге дайындалып жатқанын, осыған байланысты Қара және Балтық теңізі аудандарында әскер санын арттырып жатқанын және мұнда кеме мен әскери ұшақ саны арта түсетінін айтты.
Ал АҚШ әкімшілігі Монтрё конвенциясын қайта жазуға немесе оның күшін жоюға тырысуда. Америкалық конгресмендер "Ресейден қорғану үшін" Польшаға М1А2 Abrams танктерін жеткізуді жылдамдатуға шақырды. Вашингтон мен Лондон Javelin мен SMAW-D танкке қарсы басқарылатын зымыранды белсенді жеткізіп жатыр. Чехия Украинаны ірі калибрлі снарядтармен қамтамасыз етіп отыр.
Батыс Ресеймен қарулы қақтығысты саналы түрде жақындатып жатыр. Жаһандық қауіпсіздік пролемаларын дипоматиялық реттеу аясы күн санап тарылып келеді. Алдағы ықтимал қақтығыс кезінде бұл соғыс Украина төңірегінде емес, "шешімдер қабылдау орталығында" жүретінін АҚШ пен НАТО түсінбей отырған сыңайлы.
Қалай болғанда да, АҚШ пен НАТО-ның жаһандық қауіпсіздік принциптерін бұзуы әлемдік қақтығыс туындауына себеп болады. Ал Германия қуатты Ресейдің мүдделерін елемеу енді мүмкін емес екенін мәлімдеді.
Breaking Defense басылымы Ресей Еуропадағы мемлекеттермен жеке қарым-қатынас орнатып, оларды бр-біріне айдап салуды және осылайша альянсты ыдыратуды көздеп отырғанын жазды. Алайда НАТО 20 жыл әскери іс-қимылдан кейін Ауғанстаннан кеткенін, қазір альянс әскері Ирактан да шығарылып жатқанын ұмытпау керек.
Кейбір бақылаушылар бүгінде Ресей оқу-жаттығу түрінде әскерді соғыс алдында орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтып жатыр. Washington Post былай деп жазды: "Мәскеу әдейі орындалуы екіталай талап қойып, ол талаптардың орындалмауын әскери іс-қимылға сылтау етпекші".
Альянстың Шығыс Еуропада Мәскеу белгілеген қызыл сызықты бұзуы 2022 жылы әскери қақтығысқа алып келетіні айқын. Бұл соғыстың НАТО мен АҚШ пайдасына шешілмеу ықтималдылығы жоғары. 26 қаңтарда Өкілдер палатасы мен Сенаттағы 55 демократ депутаттың АҚШ президенті Джозеф Байденді ядролық қаруды "бірінші болып қолданбау" стратегиясын жариялауға, Ресей және Қытаймен келіссөз жүргізуге, ядролық қаруы бар теңізге арналған қанатты зымыран мен шағын қуатты оқтұмсық дайындауды доғаруға шақыруы тектен-тек емес.
Ал Украинада қолдан жасалған дағдарысқа келсек, бұл жағдайда НАТО-ның қару-жарақ жеткізуге жөні жоқ. Шығыс Еуропаны ауғандандыру жоспары Вашингтон мен Брюссельдегі билік басындағыларға ең алдымен зиян келтіреді. Жалпы АҚШ пен оның еуропалық одақтастары жаһандық қауіпсіздік проблемасын Украинаға қарай ығыстырып, Ресей ұсыныстарын жылы жауып қоя алмайды. Сол себепті нақты әрі кесімді жауап қажет.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.