https://sputnik.kz/20220125/Europa-Resey-ustanym-19215432.html
Еуропа Ресейге қатысты ұстанымын өзгертпей отыр
Еуропа Ресейге қатысты ұстанымын өзгертпей отыр
Sputnik Қазақстан
Әрбір онжылдық сайын Еуропа соғыс пен бейбітшілік шекарасына және қақтығыс аймағына жақындап жатыр 25.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-25T21:58+0500
2022-01-25T21:58+0500
2023-08-10T12:18+0500
әлем
ресей
еуропа
https://sputnik.kz/img/old/18/90/189008_0:0:0:0_1920x0_80_0_0_ba76e92312577c28304268ac0fb353f3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Еуроодаққа мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кешегі кездесуін "Ресейді жазалауға келісті" деп қорытындылауға болады. Себебі Брюссель Ресей Украинаға қатысты әскери жоспар құрып жатыр деп күмәнданып отыр, деп жазды РИА Новости.Келіссөз басталар кезде пікірталас "бейресми сипатқа ие" екені баса айтылды. Бұл ықтимал салдар үшін жауапкершіліктен босату үшін қажет болса керек. Алайда салдарын ең бірінші кезекте еуропалық саясаткерлер мен біріккен Еуропа тұрғындары сезінуі мүмкін.Соңғы он күнінде екінші рет өткізіліп жатқан мұндай форматтағы кездесулердің басты тақырбы өзгермейді: құрлықтағы қауіпсіздік аясында жаңа саясат бойынша жұмыс жүргізгісі келетіні үшін Еуроодақ Ресейді жазалағысы келіп отыр. Мәскеу мен Вашингтон қордаланып қалған мәселелерді шешіп жатқан шақта, Еуроодақты күтуге мәжбүрлегені үшін Брюссель наразы болып отыр. Ол сондықтан осыған қатысты өз ойын білдіруді жөн көріп отыр. Бірақ, Мәскеуді де, Вашингтонды да ренжітіп алғысы келмейді.Себебі Мәскеуді ренжітсе, арада қайта шиеленіс туындап, бұл энергия тасымалдағыштардың бағасына әсер етуі мүмкін. Ал америкалық саясаткерлердің шамына тию жаһандық элитаның қолдауынан айырылуға алып келуі ықтимал. Еуроодақ бұл тығырықтан қалай шығады? Барлығының көңілінен шығатын шешім қазір жоқ екені белгілі.Еуроодақтың жомарт субсидияларына тіршілік етуге үйреніп қалған шығыстағы нео-Еуропа бүгінде Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізілгенін талап етіп отыр. Ондағы саясаткерлер Брюссель емес, Вашингтон барлық экономикалық шығынды өтеп береді деп сеніп отыр.ГФР мен Франция мүддесін таныстырып отырған Батыс Еуропа Брюссельді қолдап, айтарлықтай ұстамды мәлімдемелер жасап келді. Француз президент пен неміс канцлер өткір пікірден, қатаң мәлімдемеден бойын аулақ ұстап отыр. Себебі қазір елдегі жанармай қоймаларында қажетті қордан әлдеқайда төмен отын тұр. Ал Францияда автокөлік бензинінің бағасы күннен-күнге шарықтап барады.Қырымдағыларды қантөгістен қорғап, Донбастағы орыстарға саяси қолдау көрсеткені үшін Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен бері сегіз жыл өткен соң Еуроодақ шектеулер орыс экономикасының құрылымы мен дамуына еш әсер етпей, жалпыеуропалық экономикаға кері ықпал еткенін енді түсінген секілді. Осы санкцияларды қабылдаған және мерзімін созғандар қанша мойындамаса да, оның салдары айқын байқалып отыр: біріккен Еуропадағы қымбатшылық, өсіп жатқан инфляция, энергия тасымалдағыштар құнының шарықтауы.Бүгінде Еурокомиссия мен Еуропарламентте басқа адамдар басшы болып отырғаны маңызды емес. Себебі 2014 жылы ресейлік саясаткерлер бірнеше рет еш нәтижесіз ескерткен экономика саласының құлдырауын бүгін байқамау мүмкін емес. Сондықтан Ресейге қатысты "қатаң шаралар" бүгінде әмбебап шара болмай қалды. Біресе Берлин ұстанымына наразылық танытатын, біресе Париж мәлімдемесіне шамданатын Киев қазір халықаралық қарым-қатынастағы маңызды ойыншы рөлінен айырылды.Париж бен Берлин Украина арандатып отырған қақтығыс туындап қалса, саяси жауапкершілік жүктелетінін және Вашингтонның геосаяси амбициясы үшін жауап беретін де өздері екенін түсініп, тек сырт көзге ғана алаңдаушылық танытып, одан әрі әрекетке бармай отыр.Әрбір онжылдық сайын Еуропа соғыс пен бейбітшілік шекарасына және қақтығыс аймағына жақындап жатыр. Еуропа босқындар және құрлықта қару-жарақ таралуымен бетпе-бет келген Югославия оқиғасынан сабақ алған жоқ. Енді Киевке адамды жаппай қыратын қару жеткізу мұндай қақтығыстың болу уақытын үдетіп отыр. Бірақ Ресейдің "агрессиялы іс-қимылына" баса назар аударатын Брюссель мұны байқамаған кейіп танытып отыр. Қазіргі жағдай отызыншы жылдардың ортасында құрлықта КСРО-ға қарсы санкциялар енгізіліп, Еуропадағы барлық қауіпке нацистік Германия бастамашы болған кезеңді еске түсіреді.Өкінішке қарай, сол кезеңдегі оқиғалар мен тарихтан да сабақ алып жатқан ешкім жоқ. Бүгінгі жағдай мұның бәрі ұмыт болғанын аңғартып тұр.
https://sputnik.kz/20211202/Europa-vaktsinalau-18799896.html
https://sputnik.kz/20210920/Europa-kymbatshylyk-el-18181551.html
ресей
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, еуропа
Еуропа Ресейге қатысты ұстанымын өзгертпей отыр
21:58 25.01.2022 (жаңартылды: 12:18 10.08.2023) Әрбір онжылдық сайын Еуропа соғыс пен бейбітшілік шекарасына және қақтығыс аймағына жақындап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Еуроодаққа мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кешегі кездесуін "Ресейді жазалауға келісті" деп қорытындылауға болады. Себебі Брюссель Ресей Украинаға қатысты әскери жоспар құрып жатыр деп күмәнданып отыр, деп жазды
РИА Новости.
Келіссөз басталар кезде пікірталас "бейресми сипатқа ие" екені баса айтылды. Бұл ықтимал салдар үшін жауапкершіліктен босату үшін қажет болса керек. Алайда салдарын ең бірінші кезекте еуропалық саясаткерлер мен біріккен Еуропа тұрғындары сезінуі мүмкін.
Соңғы он күнінде екінші рет өткізіліп жатқан мұндай форматтағы кездесулердің басты тақырбы өзгермейді: құрлықтағы қауіпсіздік аясында жаңа саясат бойынша жұмыс жүргізгісі келетіні үшін Еуроодақ Ресейді жазалағысы келіп отыр. Мәскеу мен Вашингтон қордаланып қалған мәселелерді шешіп жатқан шақта, Еуроодақты күтуге мәжбүрлегені үшін Брюссель наразы болып отыр. Ол сондықтан осыған қатысты өз ойын білдіруді жөн көріп отыр. Бірақ, Мәскеуді де, Вашингтонды да ренжітіп алғысы келмейді.
Себебі Мәскеуді ренжітсе, арада қайта шиеленіс туындап, бұл энергия тасымалдағыштардың бағасына әсер етуі мүмкін. Ал америкалық саясаткерлердің шамына тию жаһандық элитаның қолдауынан айырылуға алып келуі ықтимал. Еуроодақ бұл тығырықтан қалай шығады? Барлығының көңілінен шығатын шешім қазір жоқ екені белгілі.
Еуроодақтың жомарт субсидияларына тіршілік етуге үйреніп қалған шығыстағы нео-Еуропа бүгінде Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізілгенін талап етіп отыр. Ондағы саясаткерлер Брюссель емес, Вашингтон барлық экономикалық шығынды өтеп береді деп сеніп отыр.
ГФР мен Франция мүддесін таныстырып отырған Батыс Еуропа Брюссельді қолдап, айтарлықтай ұстамды мәлімдемелер жасап келді. Француз президент пен неміс канцлер өткір пікірден, қатаң мәлімдемеден бойын аулақ ұстап отыр. Себебі қазір елдегі жанармай қоймаларында қажетті қордан әлдеқайда төмен отын тұр. Ал Францияда автокөлік бензинінің бағасы күннен-күнге шарықтап барады.
Қырымдағыларды қантөгістен қорғап, Донбастағы орыстарға саяси қолдау көрсеткені үшін Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен бері сегіз жыл өткен соң Еуроодақ шектеулер орыс экономикасының құрылымы мен дамуына еш әсер етпей, жалпыеуропалық экономикаға кері ықпал еткенін енді түсінген секілді. Осы санкцияларды қабылдаған және мерзімін созғандар қанша мойындамаса да, оның салдары айқын байқалып отыр: біріккен Еуропадағы қымбатшылық, өсіп жатқан инфляция, энергия тасымалдағыштар құнының шарықтауы.
Бүгінде Еурокомиссия мен Еуропарламентте басқа адамдар басшы болып отырғаны маңызды емес. Себебі 2014 жылы ресейлік саясаткерлер бірнеше рет еш нәтижесіз ескерткен экономика саласының құлдырауын бүгін байқамау мүмкін емес. Сондықтан Ресейге қатысты "қатаң шаралар" бүгінде әмбебап шара болмай қалды. Біресе Берлин ұстанымына наразылық танытатын, біресе Париж мәлімдемесіне шамданатын Киев қазір халықаралық қарым-қатынастағы маңызды ойыншы рөлінен айырылды.
Париж бен Берлин Украина арандатып отырған қақтығыс туындап қалса, саяси жауапкершілік жүктелетінін және Вашингтонның геосаяси амбициясы үшін жауап беретін де өздері екенін түсініп, тек сырт көзге ғана алаңдаушылық танытып, одан әрі әрекетке бармай отыр.
Әрбір онжылдық сайын Еуропа соғыс пен бейбітшілік шекарасына және қақтығыс аймағына жақындап жатыр. Еуропа босқындар және құрлықта қару-жарақ таралуымен бетпе-бет келген Югославия оқиғасынан сабақ алған жоқ. Енді Киевке адамды жаппай қыратын қару жеткізу мұндай қақтығыстың болу уақытын үдетіп отыр. Бірақ Ресейдің "агрессиялы іс-қимылына" баса назар аударатын Брюссель мұны байқамаған кейіп танытып отыр. Қазіргі жағдай отызыншы жылдардың ортасында құрлықта КСРО-ға қарсы санкциялар енгізіліп, Еуропадағы барлық қауіпке нацистік Германия бастамашы болған кезеңді еске түсіреді.
Өкінішке қарай, сол кезеңдегі оқиғалар мен тарихтан да сабақ алып жатқан ешкім жоқ. Бүгінгі жағдай мұның бәрі ұмыт болғанын аңғартып тұр.