https://sputnik.kz/20220125/Advokat-Dikiy-Arman-19215497.html
Адвокат "Дикий Арман" қандай күдікке ілінгенін айтты
Адвокат "Дикий Арман" қандай күдікке ілінгенін айтты
Sputnik Қазақстан
Евгений Яворский Арман Жұмагелдиевке қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған деп санайды 25.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-25T17:51+0500
2022-01-25T17:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
адвокат
күдікті
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19114762_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_942703bf4a1e267b2fe7712d37472ff2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар — Sputnik. "Дикий Арман" деп танылған қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінді.Бұл туралы оның қорғаушысы Евгений Яворский өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды."Мен оның адвокаты екенімді растайтын келісімге қол қойылды. Тағы қанша қылмыстық іс бар және әлі қанша болатыны белгісіз. Бірақ бұл жігітті барлық қылмысқа кінәлі етіп көрсеткілері келіп жатқанына көзім жетті", - деп жазды Яворский.BaigeNews 24 қаңтарда адвокат Евгений Яворскийдің талапарызын қанағаттандыру туралы қаулыны ұсынды."Тергеуші Сәрсенбек Н. сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізімінде тіркелген сотқа дейінгі тергеу материалдарын қарастырып, анықтады: ҚР Бас прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 2022 жылдың 1-10 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабының бірінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп жазылған қаулыда.Еске салсақ, 7 қаңтарда Дикий Арманмен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 мүшесі Алматы полициясы департаментінің арнайы операциясы кезінде ұсталды. Сол кезде қылмыскерлерден түрлі маркадағы және калибрлі жартылай автоматты төрт тапанша, оларға арналған оқ-дәрі, суық қару және броньдалған автокөлік тәркіленді.Біраз бұрын Жұмагелдиев Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқандар өзін соққыға жыққанын мәлімдеді. Ол арандатушыларды елдің жауы деп атап, адамдарды сабырға шақырды.Оқи отырыңыз: Алматыда "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19114762_0:0:1080:810_1920x0_80_0_0_83b4884598969ce6ff033eaf392386a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
адвокат, күдікті
Адвокат "Дикий Арман" қандай күдікке ілінгенін айтты
17:51 25.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Евгений Яворский Арман Жұмагелдиевке қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған деп санайды
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар — Sputnik. "Дикий Арман" деп танылған қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
Бұл туралы оның қорғаушысы Евгений Яворский өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Мен оның адвокаты екенімді растайтын келісімге қол қойылды. Тағы қанша қылмыстық іс бар және әлі қанша болатыны белгісіз. Бірақ бұл жігітті барлық қылмысқа кінәлі етіп көрсеткілері келіп жатқанына көзім жетті", - деп жазды Яворский.
BaigeNews 24 қаңтарда адвокат Евгений Яворскийдің талапарызын қанағаттандыру туралы қаулыны ұсынды.
"Тергеуші Сәрсенбек Н. сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізімінде тіркелген сотқа дейінгі тергеу материалдарын қарастырып, анықтады: ҚР Бас прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 2022 жылдың 1-10 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабының бірінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп жазылған қаулыда.
Еске салсақ, 7 қаңтарда Дикий Арманмен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 мүшесі Алматы полициясы департаментінің арнайы операциясы кезінде ұсталды. Сол кезде қылмыскерлерден түрлі маркадағы және калибрлі жартылай автоматты төрт тапанша, оларға арналған оқ-дәрі, суық қару және броньдалған автокөлік тәркіленді.
Біраз бұрын Жұмагелдиев Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқандар өзін соққыға жыққанын мәлімдеді. Ол арандатушыларды елдің жауы деп атап, адамдарды сабырға шақырды.